400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тірек қимыл жүйесі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәнінен бұл ашық сабақ үлгісі барлық биология пәндерінің мұғалімдеріне өте қажет дайын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар


Пән: биология

Сынып: 8 «а»

Пән мұғалімі: Аскер Галя

Мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Тірек-қимыл жүйесін


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың адам қаңқасы және сүйектің құрамы туралы, тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін толықтыру, ой өрісін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; оқушылардың өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, ынтымақтастыққа салауатты өмір салтына тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар тірек-қимыл жүйесі туралы біледі, өзін-өзі реттей алады, топпен жұмыс жасай алады, бірін-бірі бағалауға үйренеді.


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

«Мен саған сыйлағым келеді», «Құрақ құрау», «Сөзімді аяқта», «Аудиотаспа», «Сұрақтар иерархиясы», «Спираль», «Майшам ойға шақырады», «Мадақтау сэндвичі», «Аралдар»


Көрнекілігі:

Сурет қиындылары, интербелсенді тақта, кесте тапсырмалар, суреттер, қима тапсырмалар, аралдардың суреті


Пәнаралық байланыс:

География, биология


Сілтеме:

Оқулық: 8 сынып оқулығы, қосымша интернет матреиалдары, білім ленд тапсырмалары


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі














2 мин


Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуал тудыру:

«Шаңырау» ойсергегін өткізу.


Оқушылар шеңберге тұрып, түрлі-түсті ленталарды ұстайды. Неге ұқсайды? (жұлдызша, ұлпа қар, дөңгелек т.б.) ленталардың үстіне шаңырақтың суреті қойылады. Ал енді ше? Осы шаңырақтың астында тұрып бір-бірімізге тілектер айтайық).

Шаңырақ суреті



2 мин

«Топқа бөлу» Оқушыларды ленталардың түсіне қарай топқа бөлу.

Топ ережесін еске түсіру.


Оқушылар ленталардың түсіне қарай 2 топқа бөлінеді.

Қызыл, жасыл т.сті лента-1 топ

Сары, көк лента -2 топқа топтасады.

Топ басшысын, топ мүшелерін (спикер, тайм-кипер, хатшы, сыншы, бақылаушы) сайлайды.

Түрлі –түсті ленталар


Үй тапсырмасын тексеру


3 мин



«Сөзімді аяқта» әдісі: интербелсенді тақтадан алдыңғы тақырыпқа байланысты аяқталмаған сөйлемдерді көрсету.

Оқушылар сөйлемдерді ауызша аяқтайды, қосымша сұрақтарға жауап береді.

Сезім мүшелері????????????????


АКТ, СТО


І. Білу




3 мин

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін адамның дене бөліктері туралы жұмбақтар шешу

Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
/Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.

Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.
/Жұлын/.

Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.
/Екі қол/.

Екі батыр қазына іздейді,
Екі батыр жол іздейді.
/Қол мен аяқ/.


«Жұмбақ әуен» әдісі: Р. Әлқожаның орындауындағы  «Сырдария» әнін тыңдату.

- Балалар, сендерге ән ұнады ма? Ән не туралы?

- Ол өзен еліміздің қай  өлкесінде?

- Туған жерге арналған тағы қандай әндер, өлеңдер білесіңдер?

- Бүгінгі тақырыбымыз қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар әнді тыңдайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жаңа тақырыпқа шығады, мақсаттарды айқындайды.

Жұмбақ


ІІ. Түсіну




5 мин





«Спираль» әдісі: оқушыларға Бас сүйектер тұлға сүйектері, аяқ сүйектері қысқаша маұлмат бере отырып мәтінмен жұмыс жасау ұсынылады

оқушылар қосымша материалдарды пайдалана отырып мәтінді оқып шығып, негізгі идеяларды топта талқылау ұсынылады.

Постерга түсіреді.

ОжОЖТ


ІІІ. Қолдану






9 мин

«Сұрақтар иерархиясы» әдісі: топтарға парақшалар таратылады.

жұппен жұмыс:

1-тапсырма: Білім минуты (биологиялық диктант)

1 топқа:

1.Дене қаңқасына … … мен …. … жатады. (омыртқа жотасы, кеуде қуысы)

2. Остеондар-… жасушалары. (сүйек)

3. Адам қаңқасының сүйектері …,… және… болып жіктеледі. (қысқа, жалпақ, ұзын)

4. … … кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.

(дұрыс отырмаған кезде)

2 топқа:

1. Кеуде қуысын … …, … мен …. құрайды. (арқа омыртқалары, қабырғалар, төс)

2. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне … …, … …, … … және майда 26 сүйектен тұратын …, … және … … жатады. (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, бақай)

3. Қысқа сүйектерді …, …, … сүйектері құрайды. (омыртқа, білезік, алақан)

4. Ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және биік аяқ киім кигенде- …. пайда болады.

(жапақтабандылық)

3 топқа:

1. Иық белдеуі … … мен … … тұрады.(екі жауырын, екі бұғана)

2. Омыртқа жотасы …-… тұрады. (33-34)

3. Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының … … және екі … … тұрады.

(сегізкөз бөлімі, жамбас сүйегі)

4. Қаңқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда …-…жасқа қарай аяқталады. (22-25)

Оқушылар оқулықтағы мәліметтерді пайдалана отырып, Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар құрастырады, оны басқа топқа жібереді. Басқа топ жауап жазады.

СТО


1 мин

Сергіту сәті «Ақбұлақ»

Оқушылар сергіту сәтін жасайды



IV. Талдау

10 мин

«Келісемін келіспеймін» әдісі: әр оқушыға сүйектер бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Қозғалмайтын сүйектерге бас және сегізкөз жатады (келісемін)

  2. Қабырғалар бас сүйегіне жатады (келіспеймін)

Оқушылар Сұрақтарға келісемін немесе келіспеймін деп жауап беруі керек

ТжДБО,

ЖЕСО


V. Жинақтау



4 мин

Деңгйлік тапсырмалар

Жекежұмыс

1-тапсырма : «Блиц турнир»

«А» деңгейі

1.Тірек-қимыл жүйесі неден құралады? /қаңқа және бұлшықеттен /

2.Сүйектің байланысу түрлерін ата

3.Ұзын сүйектер қалай аталады? /жілік /

4.Ең үлкен табан сүйегі /өкше /

5.Иық белдеуін түзетін сүйектер /бұғана, жауырын /


«Ә»деңгейі

1.Сүйектердің өсуі, жуандауы қандай бездердің гормондарына байланысты? /қалқанша без /

2. Қандай дәрумен мөлшері көп болса ,сүектің өсуі бұзылады? /А дәрумені /

3.Сүйек қандай ұлпаға жатады? /дәнекер /

4. Сүйектің шеміршек арқылы қозғалмалы жалғасуы қалай аталады? /буын /

5.Қозғалмалы сүйектерді ата: /қол-аяқ, иық, кеудеге жалғасатын қабырғалар /


«Б » деңгейі

1.Қысқа сүйектерді ата : /омыртқа ,табан, алақан сүйектері/

2.Омыртқа жотасы неше жерден иіледі?/4 жерден /

3. Арқа омыртқаға қабырғаның қанша жұбы бекиді ? /12 жұп /

4. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы қалай аталады? /атланта /

5.Сүйектің қаттылығы қандай заттарға байланысты? /минералды заттарға /



СТО



VI. Бағалау

2 мин

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

Оқушылар бірін бірі бағалайды: мадақтау – ұсыныс – мадақтау.

ОБжОҮБ

Кері байланыс

3 мин

«Аралдар» әдісі: тақтаға аралдардың суреті ілінеді.

Оқушылар стикерлерге өз аттарын жазып, таңдаған аралға жабыстырады. Себебін түсіндіреді.

ОБжОҮБ



Үй тапсырмасын беру

1 мин

Интербелсенді тақтаға үй тапсырмасы жазылады

Үй тапсырмасын жазып алады:

  1. Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қосымша мәліметтер қарастыру.

  2. «Сырдария» өлеңін жаттау.

ТжДБО, АКТ








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі