Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұзтаздар үшін, өзімнің жасаған қысқа мерзімді жоспарыммен бөлістім
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім атауы: Қозғалыс

Мектеп: Қарасай ауданы «Береке орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Кошиева Балым Ерназаровна

Күні: 04.02.19ж

Сынып: 7 «Б»

Қатысқан оқушылар: 22

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы:


Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзадағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.6.4 – омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарларды ажыратып, түсіндіреді.

Оқушылардың көбісі: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалу мүшелерін анықтайды, және маңыздылығын түсінеді

Оқушылардың кейбіреуі: Жануарлардың мекен ортасына байланысты қозғалыс мүшелерін салыстырады


Бағалау критерийі

  • Омыртқасыз және омыртқалы жануарларды ажыратады

  • Тірі ағзадағы қозғалыстың рөлін түсінеді

  • Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тірек-қимыл жүйесін салыстыру

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты термин сөздер:

Шұбалшаң – червяк – worm

Қосмекенділер – амфибии – ampnibians

Жорғалаушылар – рептилии – reptiles

Сүтқоректілер – млекопитающих - mammals

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» стратегиясы. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік мәелелерді шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Алдыңғы оқу

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрлысына сипаттама

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу.

Сандар бойынша топқа бөліну.

Оқушылар 1 2 3 деп кезек кезек санап,әр оқушы өзіне түскен сандар бойынша топ топқа бөлініп отырады.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты
: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;


Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 3 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «италиандықтар» құшақтасады.



Ұ/Ж «Серпілген сауал» әдісі

Оқушыларға сөздер көрсету арқылы өткен тақырыптар бойынша сұраққа жауап аламыз.

Сұрақ – Фотопериодизм

Жауап – жарықтың тәуліктік ырғағына организмнің реакуциясы.

Сұрақ – қысқа күндік өсімдік

Жауап – қысқа күн өсімдіктері субтропикаға жақын обылыстарда таралған, қысқа күн өсімдіктері жаздың соңында гүлдейді.

Сұрақ – ұзақ күндік өсімдік

Жауап – ұзақ күн өсімдіктері жасдың басында гүлдеп, күзге дейін жемісі немесе тұқымы пісіп-жетіледі.

Сұрақ – нутация

Жауап – өсімдік мүшелерінде тургордың циклдік өзгеруіне байланысты болатын маятник тәрізді немесе айналмалы қозғалыс.

Сұрақ – настия

Жауап – өсімдік бөліктері мен мүшелерінің жасуша серпімділігінің өзгеруі нәтижесінде немесе өсуіне байланысты бағытсыз қозғалысы.


Дескриптор:


  • - Өсімдіктердің бейімделуін біледі

- Өсімдіктердің қозғалуға байланысты түрлерін ажыратады

ҚБ: Өзара бағалау




1-топ

2-топ

3-топ




Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.









Сөздер жазылған қағаздар


Сабақтың ортасы

Ұ/Ж «құпия сөз» әдісі. Оқушыларға жануарлардың қандай топқа бөлінетінін сұрау арқылы тақырыпты ашу.

Омыртқалы омыртқасыз жануарлардың түсіндіру


Омыртқалы және омыртқасыз жануарларға байланысты видео көрсету



Т/Ж «Құпия суреттер» әдісі. Оқушылар көрсетілген суретті түсіндіріп, суретті үш тілде атауы қажет


1-топ шұбалшаң, шаяндар, өрмекшілер


2-топ жәндікетер (қоңыз), балықтар, қосмекенділер (бақа)


3-топ жорғалаушылар (жылан), теңіз тасбақалары, қолтырауындар


Біржасушалылардың қозғалу мүшелері. Біржасушалы жануарлар ағзалары суқоймаларда, ылғал жерлерде немесе басқа тірі ағзалар ішінде тіршілік етеді. Олардың басым бөлігінің қозғалу мүшесіне талшықтар (жгутики) жатады. Қоршаған сұйықтықта бұрама (винт) сияқты бұралған талшықтар дененің – жануардың жалғыз жасушасын алға қозғалтады. Қозғалғыш бактериялардың қозғалу мүшесі – немесе көптеген талшықтар. Эукариоттарда көбінесе бір не екі, кейде одан көп, мысалы, 8 талшық болады (88-сурет).

Қарапайымдардың тағы бір қозғалу мүшесіне кірпікшелер жатады. Олар құрылысы талшықтарға өте ұқсас, бірақ едәуір қысқа әрі көп болады.

Біржасушалылардың үшінші әрі соңғы қозғалу тәсіліне жалған аяқтары жатады. Бұл уақытша өскіндері – дененің кез келген бөлігінде түзілетін жасуша цитоплазмасының томпаюы.

Көпжасушалы омыртқасыздардың қозғалу мүшелері алуан түрлі. Олар жануар типіне байланысты. Құрттарда алғаш рет дербес бұлшық ет жасушалары пайда болады. Олар жабынмен (терімен) бірігіп кететін бұлшық еттерден қабат түзеді. Мұндай жүйені тері-бұлшық ет қапшығы дейді. Ұлуларда бұлшық ет жүйесі, әсіресе басаяқтыларда (сегізаяқ) едәуір дамыған.Буынаяқтыларда алғаш рет бұлшық еттердің жеке шоғыры пайда болады. Дененің бір сегменті қозғалу үшін бұлшық еттің белгілі бір шоғыры жиырылады, ал қалғандары демалып, энергияны үнемдейді.Омыртқалылардың қозғалу мүшелері. Жалпы барлық омырт- қалылардың тірек-қимыл жүйесі ұқсас. Бұл ішкі қаңқа – сүйектер мен оларға бекитін бұлшық еттер. Бұлшық ет жиырылып, сүйекті өзіне тартады. Дененің белгілі бір бөлігі осылай жылжиды.

Омыртқалыларда қозғалу мүшелері тіршілік ортасына тәуелді. Балықтарда қозғалу мүшесі – жүзбеқанаттары. Құрлықта тіршілік ететіндердің қозғалу мүшесі – екі немесе төрт аяғы, ал жылан денесін ирелеңдетіп жылжуға бейімделген.Ауада қалықтауға мүмкіндік беретін мүше – қанат құстарға тән. Су тіршілік ортасынмекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар, теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары, тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан жүзбеқанаттарға ұқсайды.

Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады.



Дескриптор:


  • - Омыртқалы омытқасыз жануарларды ажыратады

  • - Жануарлардың қозғалу мүшелерін атайды

  • - Үштілде атауын айтады

ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек




Миға шабуыл




АКТ




Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

суреттер

Сабақтың соңы

Ж/Ж. «Мен саған,сен маған» әдісі.Оқушыларға құстардың, сүтқоректілердің, қарапайымдылардың қозғалу мүшелері табу ұсынылады. (амеба, жасыл эвглена, биченосец, кірпікшелі кебісше)


Дескриптор:


  • - Сүтқоректілердің қозғалыс мүшелерін біледі

  • - Қарапайымдылардың қозғалу ерекшеліктерін біледі

  • - Құстардың қозғалыс мүшелерін біледі

ҚБ.Көршіңді бағалау



Қағаз қиындылары

Кері байланыс

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны білім ағашына жапсырады. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

Түрлі –түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау – сабақ мақсаттарын қойып, тапсырмаларды орындау барысында жүргізілді. Топтық жұмыста «Құпия суреттер» әдісі арқылы өнім бойынша саралау жүргізілді. Жұптық жұмыста «Мен саған,сен маған» әдісі арқылы оқушыларға саралау тапсырмасы жүргізілді

ҚБ «Өзара бағалау» себебі оқушылар материалды толық қамтиды және оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. ЖАДА-ны іске қосады.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» себебі оқушылар өзгелерге қолдау беру арқылы және өзіде өзгерлермен қолдау көрсетуді үйрене алады

ҚБ «Көршіңді бағалау» себебі оқушылар өз ойын білдіреді, қосымша өзгертулер енгізе алады

Кабинеттің гигиеналық талапқа сай болуы, партада дұрыс отыру ережелерін сақтау арқылы оқушы денсаулығын сақтауына ықпал етемін

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар не білді?





Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма?


Мен берілген уақыт ішінде

үлгердімбе?



Сабақ мақсаттары тапсырмалар жүргізу арқылы орындалды


Сабақта оқушылар топтық жұмыста «Құпия суреттер» әдісі арқылы өнім бойынша тапсырмаларды орындап шықты. Нәтижесі оқушылар танымдық деңгейі жоғарылады. Жұптық жұмыста «Мен саған,сен маған» әдісі арқылы оқушылар бірінің білмегенін бір толықтыру арқылы мақсатқа жетті

Оқушылар бірі-біріне қолдау көрсетуді және ауызбіршілікті жұмыс атқара алады


Жоспарланған саралау жұмыстары толық жүргізілді. Әр тапсырмаға берілген уақыт тиімді пайдаланылды.


Жоспарланған уақыт бойынша барлық тапсырмалар орындалды


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12