Ашық сабақ: Тіршіліктің негізгі қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Тіршіліктің негізгі қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Медицина колледжі студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ: Тіршіліктің негізгі қасиеттері.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

Шерімбетова Ақбаян Серікбайқызы



Сабақ мақсаты:


Білімділік: Тірі организмдердің негізгі қасиеттері туралы түсінік.


Дамытушылық: Жасуша қабықшасы туралы ойын кеңейту, топтық жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: Дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру


Пәнішілік байланыс: Тіршіліктің негізгі қасиеттері: көбею, өсу мен даму, дискреттілік (оқшаулану), тұрақтылықты сақтау, жеке даму.


Пәнаралық байланыс: Биология грекше«bios»-тіршілік және «logos»-ғылым деген мағынаны білдіріп өмірдің барлық биологиялық құбылыстарын зерттейді. Биология – тіршілікті жан – жақты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешенді бір саласы.


Сабақтың уақыты: 80 мин


Сабақтың жабдықталуы: Плакаттар, миниплакаттар, видеороликтер.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин Сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығы мен студенттердің формасына көңіл бөлу. Бүгінгі өтілетін тақырыппен таныстырып, студенттердің назарын сабаққа аудару.

2. Білім деңгейін бақылау – 25 мин

Үйге берілген тақырып: Кіріспе. Биология тіршілік туралы ғылым.

Білім деңгейін тексеру әдістері: ауызша сұрау, піеір алмасу, тестілеу, миниплакаттар қолдану.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:

  • химиялық құрамының біркелкілігі,

  • заттар мен энергияның алмасуы,

  • құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,

  • көбею,

  • тұқым куалаушылық,

  • өзгергіштік,

  • өсу мен даму,

  • тітіркенгіштік,

  • дискреттілік (оқшаулану),

  • өзін-өзі реттеу,

  • ырғақтылық қасиеттер де тән.

Т ірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.

Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдарыДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.






ДНҚ


Тірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына — нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады.



Нәруыз құрылымы

О рганикалық қосылыстардың үшінші тобына — көмірсулар мен майлар жатады. Олар ағзаларды қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге қатысады.

Көмірсулар

Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)

Метаболизм

Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі азғалар арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі азғалар өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т.б. Тірі ағзаларда жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі азғалар қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" — "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі — катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" — ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде азғалар денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол ағзаның тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі ағзалардың ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.

Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы

Барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Жасушаның құрылысын және оның құрамындағы әрбір органоидтердің атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдердің көбеюі

Тірі азғалар көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі ағзалардың көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір ағзаның өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі ағзалардың көбеюі тікелей тұқым қуалаушылық касиетімен байланысты.

Тірі организмдердің тұқым қуалаушылығы

Тұкым куалаушылық аркылы тірі азғалар өздерінің белгілерін, қасиеттерін және ерекшеліктерін ұрпақтарына беріп отырады. Тірі ағзалардың белгілері олардың түрлі тіршілік деңгейлеріндегі құрылыс ерекшеліктері арқылы айқындалады. Организмдердің касиеттері әрбір құрылымдық қосылыстардың атқаратын қызметі аркылы білінеді. Тұқым қуалаушылық касиет арнайы құрылымы бар заттардың (генетикалық аппарат) генетикалық коды арқылы беріледі. Генетикалық код ДНҚ молекуласындағы аминқышқылдарынан тұратын нуклеотидтердің орналасу ретіне тікелей байланысты болады.

Тірі организмдердің өзгергіштігі

Тірі ағзалардың өзгергіштік қасиеті тікелей тұқым қуалаушылык касиетімен байланысты жүреді. Өзгергіштік кезінде тұқым қуалаушылықтың негізі болып саналатын гендердің құрылымы өзгереді. Тұқым қуалаушылық қасиет мүлде өзгермейтін болса, тірі азғалар қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделе алмайды. Өзгергіштік арқылы ағзаларда гендер құрылымының жаңа белгілері мен қасиеттері пайда болады. Сонымен қатар өзгергіштік арқылы табиғи сұрыпталуға жол ашылады. Организмдер қоршаған орта жағдайларының түрлі өзгерістеріне бейімделіп, тіршілік әрекетін әрі карай жалғастырады. Осылайша бірте-бірте жаңа түрлер пайда болады.

Тірі организмдердің өсуі мен дамуы

Тірі ағзаларға тән қасиеттің бірі — олардың өсуі мен дамуы. Организмдер өскен кезде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаяды да, жас даралар бірте-бірте ересектеріне айналады. Даму қасиеті тірі ағзаларға және өлі табиғатқа тән кері қайталанбайтын заңды құбылыс. Даму арқылы табиғатта жаңа қасиеттер пайда болады да, тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрылымдық құрамы өзгереді. Тірі ағзалардың жекелей дамуы — онтогенез, ал тарихи дамуы — филогенез деп аталады. Онтогенездік даму кезінде тірі ағзаларда бірте-бірте белгілі реттілікпен жеке ағзаның өзіне тән қасиеттері қалыптасады. Филогенездік даму — тірі ағзаларға тән әрі белгілі бір бағыт бойынша жүретін, кері кайталанбайтын процесс. Бұл кезде жаңа түрлер пайда болып, тіршілік күрделене түседі.

Тірі организмдердің тітіркенгіштігі

Кез келген тірі ағза сыртқы орта жағдайларымен және басқа да азғалармен өзара тығыз байланыста болады. Тірі азғалар қоршаған орта жағдайларының әр түрлі тітіркендіргіштеріне түрліше жауап қайтарады. Көп жасушалы жануарлар тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі аркылы жауап қайтарады. Олардың орта жағдайларының тітіркендіргіштеріне жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруын рефлекс дейді. Жүйке жүйесі болмайтын бір жасушалы қарапайым жануарлар мен өсімдіктердің қозғалысында немесе өсуінде тітіркендіргіштердің әсерінен болатын өзгерісті таксис немесе тропизм дейді. Мысалы, өсімдіктердің жарыққа карап қозғалуын фототаксис дейді.

Тірі организмдердің біртұтастылығы және дискреттілігі

Дискреттілік (оқшаулану) латынның "discretum" деген сөзінен алынған, "бір-бірінен айқын оқшаулану" деген ұғымды білдіреді. Жер бетіндегі тіршілік жеке — жеке оқшаулану (дискретті) формасында кездеседі. Кез келген ағзаның оқшауланған құрылысы, оның әркелкі деңгейлік құрылымдық көріністерінен айкын байқалады. Мысалы, ағзаны құрайтын жасушалар — жеке органоидтерден, көп жасушалы ағзалардағы ұлпалар — жеке жасушалардан, популяция — жеке даралардан тұрады. Мысалы, өсімдік немесе жануар мүшелері бір-бірінен құрылысы мен атқаратын кызметі әр түрлі ұлпалардан тұратындығымен ажыратылады. Жоғарыда айтылған әрбір тіршілік деңгейлерінің құрылымдық ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Тірі организмдердің өзін-өзі реттеуі

Тірі азғалар орта жағдайларының өзгерістеріне қарамай, өздерінің химиялық құрамын, ондағы физиологиялық процестердің бір қалыпты жүруін үнемі реттеп отырады. Жануарларда бұл кезде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы (гомеостазы) бірқалыпты деңгейде сақталады. бұл процесс жүйке, эндокриндік, т.б. жүйелер арқылы реттеліп отырады.

Тірі организмдер тіршілігіндегі ырғақтылық

Қоршаған орта жағдайларында оқтын-оқтын болып тұратын өзгерістер тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне ерекше әсер етеді. Соған орай тірі ағзалардың тіршілігінде ырғақты өзгерістер айқын байқалады. Мұндай ырғақты өзгерістер секундтық, минуттық, сағаттық, тәуліктік, маусымдық, жылдық, т.б. уақыттар аралығында жүріп отырады. Мысалы, адам өміріндегі тәуліктік ырғаққа байланысты ұйқы мен сергектікті, кейбір жануарлар тіршілігіндегі маусымдық ұйқыға кетуді, қоныс аударуды, т.б. атауға болады.[1]

Дереккөздер

  1. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4

Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тіршіліктің өлі табиғаттан айырмашылығы - материяның сапалы өмір сүру формасы, яғни биологиялық форма болуында. Барлық тірі ағзаларға тән белгілі қасиеттер бар, олар да тірі жүйелер өлшемі деп аталады.

Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.

Мазмұны

Зат және энергия алмасу

Зат және энергия алмасу - бұл тіршілікті қолдау негізіне жататын барлық тірілік атаулының жалпы қасиеті. Тірі ағзалар қоршаған ортадан белгілі заттарды сіңіре алады. Оларды басқа түрге айналдырады да, солардың өзгеруі есебінен энергия алады. Осы заттардың қажетсіз қалдықтарын қоршаған ортаға бөліп шығара алады. Зат алмасу энергетикалық (катаболизм, диссимиляция – заттардың ыдырауы) және икемді (анаболизм, ассимиляция - синтез, қор заттары) алмасу болып бөлінеді. Оның үстіне тірі ағзалар денесін құрайтын өзіне тиесілі заттар синтезінде энергия шығындайды. Ол икемді алмасудың (анаболизм) бөлігі болып табылады.

Физиологиялық ұғым ретіндегі зат алмасуға бір қарағанда байланысы шамалы үдерістер қосылады. Олар: жануарлардың қоректенуі және асқорыту; өсімдіктегі фотосинтез, тынысалу және зәр шығару (сүтқоректілерде тер бөлу де қосылады). Атап айтқанда осы үдерістер барысында ағзалар өздерін қажетті заттармен ғана емес, энергиямен де қамтамасыз етеді. Адамда зат алмасу және өзге үдерістер жүйке және сұйықтық (гуморалды) жолымен бақыланады. Бұл - тіріліктің келесі қасиетінің негізі.

Өзін-өзі реттеу - тірі жүйелердің өз көрсеткіштерін (физиологиялық, т. б.) белгілі деңгейде автоматты түрде орнықтырып, қолдай алуы. Тек тірі нәрсе ғана қоршаған ортаның өзгерісін сезіне алады, мұндайда ішкі орта көрсеткіштері өзгермей, тұрақты қалпында қалады. Мәселен, инсулин гормоны көбейіп кетсе, қандағы глюқоза мөлшері төмендейді, ал глюқоза жеткіліксіз болса, глюкагон және адреналин оның мөлшерін арттырады.

Жылықанды жануарларда жылу реттеу тетіктері өте көп: дене температурасын қоршаған орта температурасына тәуелсіз белгілі деңгейде тұрақты сақтайды. Бұл қарқынды тер бөлу, салқындату үшін терідегі қаптарату тамырларын кеңейту, сондай-ақ тері қылтамырларын тарылту және жылыну үшін тітіркену болып саналады.

Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи бірлестігі олардың санына қарай өзінен-өзі реттеледі. Мысалы, жыртқыштардың саны олар аулайтын олжаларының санына тәуелді болады. Егер жыртқыштар көбейіп кетсе олар қорегін көп аулайды. Шамадан тыс көп аулау салдарынан қорек мөлшері азайып, өздері аштан өледі. Сөйтіп аман-есен қалған олжаларының қалыпты деңгейге дейін көбеюіне мүмкіндік жасайды.

Бұл тетіктер жылыстауға кедергі келтіріп, түрлерді сақтап қалады. Алайда қоршаған ортаның өзгеруіне дұрыс жауап қайтару үшін бұл өзгерістерді дөл кезшде сезініп, танып айыра білу керек. Бұл үшін тірі нәрсеге тағы бір қасиет - тітіркенгіштік қажет.

Тітіркенгіштік

Тітіркенгіштік - тірі жүйелердің сыртқы және ішкі әсерге (өзгерістерге) жауап қайтара алу қасиеті. Адам ағзасындағы тітіркенгіштік көбінесе жүйке, бұлшықет және безді ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады. Бұлар жүйке серпілісі, бұлшықет жиырылуы немесе заттар секрециясы (сілекей, гормондар, т. б.) түріндегі әрекетке жауап қайтару арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі жоқ тірі ағзаларда тітіркенгіштік қозғалыс кезінде көрініс береді. Мәселен, амебалар немесе домаланғылар (вольвокс) концентрациясы жоғары тұзды қолайсыз ерітіндіден кетіп қалады. Ал өсімдіктер жарықты молырақ сіңіру үшін өркенінің қалпын өзгертеді (жарыққа ұмтылады).

Қозғыштық

Қозғыштық - тірі жүйелердің тітіркенгіш әрекетке жауап қайтара алу қасиеті. Ал қозу - тітіркендіру және қозғыштық әсерінен пайда болатын нақтылы қайтарылған жауап. Жүйке, бұлшықет және безді ұлпалар - қозатын ұлпалар, ал сүйек ұлпасы қозбайды. Сүйек жасушалары жарғақша зарядының өзгеру әсеріне, дереу болған синтезге және заттардың бөлініп шығуына немесе жиырылуға жауап қайтармайды. Тітіркендіргіштік пен қозғыштықтың қисынды аяқталуының бірі - кеңістіктегі қимыл (қозғалыс).

Қозғалыс

Қозғалыс (қимыл) - орын ауыстыра алу қасиеті. Бұл да тірі нәрсеге ортақ қасиет, дегенмен бір қарағанда бекініп орныққан ағзалар қозғала алмайтын тәрізді болып көрінеді. Кез келген тірі ядролы (эукариотты) жасушада цитоплазма қозғалыста болады. Тіпті бекініп орныққан жануарлар әдетте аздап қозғалыс жасайды. Өсімдіктерге «өсу» қимылы тән қасиет, ол жасушалар саны мен мөлшерінің ұлғаюы есебінен жүзеге асады.

Көбею

Көбею - тірі ағзаларға ортақ қасиет, ол тіршіліктің ұрпақтар қатарында, яғни тарихи ұласуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі көшірмелеудің қарапайым ғана қасиеті емес. Көбею барысында бастапқы аналық (ататек) ағзаның қасиеттері мен белгілері сақталады. Сонымен бірге өзгергіштік те пайда болады. Көпжасушалы ағзада жасушалар өсу негізінде көбейеді. Біржасушалылар зат алмасу, сондай-ақ цитоплазмалар көлемі мен органоидтар санын арттыру есебінен өседі.

Даму

Даму - жаратылым (организация) деңгейінің барлығына тән қасиет. Тірі жүйелер - молекулалық және жасушалық жүйеден биосфераға дейін ғаламшарымыздағы ағзаларды біртұтас алғанда - өз кезінде өзгере, дами және әбден жетіле алады. Бұл өзгерістер белгілі заңдылық сипатта болады. Өлі жүйелер де дамиды. Мысалы, тау жүйелері түзіледі, өседі, «ескіреді», бүлінеді. Тек тірі нәрсе ғана жаратылым деңгейін арттырып, дами алады. Мұны жасушалы деңгейден де бақылап отыруға болады.[1]


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.06.2018
1750
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі