Сыныбы: 7 Мерзімі
Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойыны».
Жүрістердің жүру санын есептеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат бере отырып
мәтіннің мазмұның ашу.
2. Дамытушылық: оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,
ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру сөздік қорын
молайту.
3. Тәрбиелік: тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық
ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге
тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, мәнерлеп оқу,
сұхбат.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы
фильм, тоғызқұмалақ тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Кезекшімен сөйлесу.
Оқушыларды түгелдеу.
ІІІ. Жаңа тақырып: 1.Оқушылардың қызығушылықтарын
ояту үшін
«Тоғызқұмалақ» ойыны туралы видео көрсету. Оқушылардың
алдына мақсат қою: видеоны анықтап қараңдар және алдарындағы
кестені толтырыңдар.
Ойынның
аты Неше адам ойнайды? Ойынға керек заттар
2. Проблемалық сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары бізді неге
тәрбиелейді? 3.Аудиозписьтен мәтінді тындайды.
— Мәтін не туралы? (оқушылар түсінгендерін орысша айтады).
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
а) таныс емес сөздерді сөзідк дәптерлеріне көшіріп жазу;
ә) дұрыс оқуды жаттықтыру;
б) сөздерге синоним, антоним, омоним сөздерін табу:
4.Синонимдер: шұңқыр-апан, арнаулы- арнайы, мүмкін-бәлкім, дерек-
мәлімет;
Антонимдер: мүмкін-мүмкін емес;
Омонимдер: мәдениет – культурный, цивилизованный.
в) сөзтіркестер, сөйлем құрастыру;
5. Мәтінмен жұмыс:
Тоғызқұмалақ – тамаша ойын.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы
деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді
қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі
бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен
ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл
ойын терең ойды талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде
тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры,
қазаны бар.
Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа
мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ
ойыны.
Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған
(топтық жұмыс) әр топ өз абзацтағы мәтінді оқып аударады және
атайды.
Жоспар.
1. Тоғызқұмалақ ойының тарихы.
2. Ойынның ережесі.
3. Тоғызқұмалақ математикалық ойын.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақтарға жауап беру:
— Тоғызқұмалақ қандай ойын?
— Қай жылдық кезеңді қамтиды?
— Өткен ғасырларда тоғызқұмалақ қай жерлерде кең тараған ойын
болатын?
— Тоғызқұмалақ қайда ойналады?
— Бұрынғы кезде қалай ойнаған?
— Тоғызқұмалақ нені талап етеді? т.б.
Қорытындылау: Тоғызқұмалақ ол қазақ халқының ең бір қызықты
ойындарының
бірі. Бұл ойынды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қырдың
тоғызқұмалақ, дойбы сияқты ойындарына көп уақыт бөлетін,
қызықтап
қазіргі уақытқа дейін мұражайда сақтаулы тұр.
V. Қорытындылау: Семантикалық картаны толтыру:
дұрыс бұрыс
1. Тоғызқұмалақ еліміздің дәстүрлі ойыны. +
2. Ойынның тарихы 5 мың жылдық кезеңді қамтиды. +
3. Тоғызқұмалақты арнаулы тақтада ойнайды. +
4. Тоғызқұмалақ шапшандықты талап етеді. +
5. Тоғызқұмалақ ойыны Орталық Азияда кеңінен тараған.
+
— Қандай ойын түрімен таныстық?
— Тоғызқұмалақ ойыны бізді неге тәрбиелейді?
— Тоғызқұмалақ ойыны сендерге ұнай ма?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй жұмысы: 1. Жаңа сөздерді жаттау