Материалдар / Ашық сабақ: Толық тізбек үшін Ом заңы. Киргхоф ережелері 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Толық тізбек үшін Ом заңы. Киргхоф ережелері 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
1162
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп-гимназия







Ашық сабақ тақыбы:

Толық тізбек үшін Ом заңы. Киргхоф ережелері





Сыныбы: 10 А

Пән мұғалімі: Талхат Аманхан









Алматы, 2019

Күні: 25.02.2019ж Сынып: 10 А Пәні: Физика

Пән мұғалімі: Талхат Аманхан Закиділлаұлы

Сабақ тақырыбы: Толық тізбек үшін Ом заңы. Киргхоф ережелері

Сабақ мақсаты: 1.Ток күші мен электрлі қозғаушы күштері (ЭҚК) шамалары арасындағы байланысты анықтап, Ом заңын жетік меңгеру.

2.Кирхгофтың І және ІІ ережесі танысып, тізбектерге есептеулер жүргізгенде Кирхгоф ережелерін қолдануды үйрену.

3. Кирхгов ережелерінің дұрыстығын дәлелдейтін схеманы құрастыра алу.

Көрнекілігі: оқулық, презентация, видеоролик, плакаттар, зертханалық жұмыс жасауға арналған құрал жабдықтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал тудыру

4 топқа топтастыру: 1 топ – Ампер

2 топ – Ом

3 топ – Вольт

4 топ – Кирхгоф

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин)

Үй тапсырмасын «Семантикалық карта» бойынша тапсырма беріледі.

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

1

Ток күші

I



2

Электр қозғаушы күші



3


j


4



5

Өткізгішті тізбектей жалғау кезіндегі кедергісі

R


6



7

Өткізгішті параллель жалғау кезіндегі ток күші



8





ІІІ. Мағынаны ашу. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

Тақтаға плакат ілінеді: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы (2мин)

ІV. Мағынаны таныту. (5 мин)

Жаңа сабақ бойынша аз ғана ақпарат беру.

Біз бүгін тізбектің бір бөлігі ғана емес барлық тізбекке қатысты Ом заңын қарастырамыз. Бұл екі жағдайдың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тақтадағы суретке қарайық, ε электр қозғаушы күші бар ток күшінен және r ішкі кедергіден, кедергісі R болатын тұтынушыдан, К кілттен тұратын тұйық тізбекте өтетін процестерді қарастырайық.

Тізбек бөлігі үшін Толық тізбек үшін

Ом заңы Ом заңы

Кирхгоф ережелері:

1. Токтардың үзіліссіздік заңы: түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең:

Кирхгофтың І ережесі.

2. Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады.

Кирхгофтың ІІ ережесі.

Кирхгоф ережелері туралы видеоролик (1мин)

Bilimland.kz сайтынан алынған.

V.Топтық тапсырма. Сабақты жетік меңгеру үшін топтарға теориялық және эксперименттік тапсырмалар беріледі. (5 мин)

Теориялық бөлім:

Ампер тобы: Толық тізбек үшін Ом заңын қорытып шығару. (қосымша ақпарат беріледі)

Ом тобы: Кирхгоф заңын пайдалана отырып тізбектегі токты анықтайды.

Электр қозғаушы күші 1,5 В, кедергілері R1=R2=R3=1 кОм. Тізбектегі токты және кернеуді анықтаңдар.

Эксперименттік бөлім:

Вольт және Кирхгоф топтарына керекті құрал жабдықтар мен схема беріледі. Сол схеманы құру арқылы Киргхоф заңдарының дұрыс екендігін эксперимент арқылы дәлелдеуі қажет. (Құрал-жабдықтар: мультиметр, резистор, өткізгіш сымдар, батарейкалар (1,5 В) және т.б).

VI. Постер қорғау. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғайды және бағалау критерийіне сәйкес топтар бір бірін бағалайды (15мин)

VІІ. Қ.орытынды (3 мин).

VІІІ. Рефлексия: CMC әдісі арқылы (2 мин)

Сабақта не ұнады?

Маған ұнамады?

Сабақта өзгерткім келеді










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!