Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ ТОМИРИС тақырыбында 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
№195 ЖББМ
Келісемін Бекітемін
Шалданбай Ә.Ә. Имашева А.О.
------------------------------ ---------------------------
Интеллектуалды сайыс тақырыбы:
«Тарих – ғасырлар куәсі»
Қазақстан тарихы
5-сынып оқушылар арасында
Пән мұғалімі: Белегова Галия Руслановна
Алматы қаласы – 2024 жыл
М
КЕЛІСІЛДІ
колледж әдіскері:
___________ Н. Тогайбаева
«____»_____________20___ ж.
Сынып: 5-сыныптар арасында
Тақырыбы: «Тарих-ғасырлар куәсі»
Мақсаттары:
білімдік: Адамзат тарихының қалыптасу кезеңі, ежелгі ру-тайпалар, одақтардың дамуын қайталау.
дамытушылық: Оқушылардың ой қозғау, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту
тәрбиелік: Оқушыларды пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, тарихи санасы қалыптасқан, бәсекеге барынша қабілетті тұлға болуға тәрбиелеу.
Типі: Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Әдісі: Интерактивті тақтамен жұмыс, жеке жұмыс, хронологиямен жұмыс.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
б) сайысқа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сайысқа аудару
«ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ» атты интеллектуалды сайыс
Құрметті, білім алушылар. Бүгінгі интеллектуалды сайысымыздың тақырыбы «Тарих-ғасырлар куәсі».
Әділ бағасын беретін әділ-қазылармен таныстыру.
Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Бәйге»
2-кезең. «Кім жылдам?»
Ақыл – тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не, қозбайтұғын, -деп бүгінгі сайысымызға 5-сынып оқушылары қатысады.
5 «А» сынып оқушылары: 5 «Ә» сынып оқушылары:
-
Арманқызы Қасиет 1. Құдайберген Каусар
-
Тоқтағазы Жансая 2. Заманбек Балауса
-
Жекебатыр Шыңғыс 3. Ерғали Мансұр
-
Валиев Аслан 4. Ануар Алинур
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен толқыны- деп Т. Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс, өмірдің өзі ойын.
Сайыстың ережелерімен таныстырып өтейін. Алдарыңызда «оқушы қол көтерген» қағаздар жатыр. Егер сұрақтың жауабын тапсаңдар қағазды көтересіңдер. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұпай саны беріледі. Дұрыс жауап бермесе, келесі оқушы көтеріп жауабын дұрыстауға болады. Жауабын дұрыстаған оқушыға сол ұпай беріледі.
Сайысымызды бастамас бұрын әр оқушы бір-бірлеріне деген ыстық лебіздері мен сәттіліктерін тілесін. Сонымен сайыскерлер, сайысымызды бастаймыз, іске сәт!
1-кезең. «Бәйге».
Бұл кезеңде 4 таңдау тақырыптар бар.
-
Ежелгі адамдардың өмірі.
-
Ежелгі көшпелілер өмірі.
-
Сақтар.
-
Үйсіндер мен қаңлылар. Әр таңдау тақырыбында 10,20,30,40,50 деген ұпайға сәйкес сұрақтары бар. Оқушы қай ұпайды таңдап, сұраққа дұрыс жауап берсе, сол ұпай санын иеленеді.
Тақырып/ұпай |
10 ұпай |
20 ұпай |
30 ұпай |
40 ұпай |
50 ұпай |
Ежелгі адамдардың өмірі |
Сұрақ: Ежелгі дәуір нешеге бөлінеді? Дәуірлерді ата? |
Сұрақ: Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? Кезеңдерін ата? |
Сұрақ: Энеолит кезеңі қай уақыт аралығын қамтиды? |
Сұрақ: Адамдардың шығу тегін, оның дамуын зерттейтін ғылым қалай аталады? |
Сұрақ: «Қыш құмыралар» заманы қай кезеңде болды? |
Жауап: 3 ке бөлінеді. 1.Тас дәуірі, 2.қола дәуірі, 3.темір дәуірі |
Жауап: 3 ке бөлінеді. 1.Палеолит, 2.мезолит, 3.неолит |
Жауап: Б.з.б. 3-2 м.ж. |
Жауап: Антропология |
Жауап: Неолит дәуірінде. Б.з.д. 5-3 м.ж. |
|
Ежелгі көшпелілер өмірі. |
Темір дәуірі неше дәуірге бөлінеді? Дәуірлерді ата? |
Әшекей бұйымдарға асыл тастарды орнатып, жіңішке сымды ширата өрнектеу үлгісі қалай аталды? |
Сиыр атасын кім? |
Қай дәуірде көшпелілердің негізгі баспанасы киіз үйді қолдана бастады? |
Қай елдің жазбаларында көшпелілердің күнге табынғандығы туралы жазған? |
2-ге бөлінеді. 1.Ерте темір дәуірі, 2.Кейінгі темір дәуірі |
Полихромдық стиль |
Зеңгі баба |
Ерте темір дәуірінді. Б.з.д. 3 м.ж. |
Ежелгі парсы, антикалық жазбаларда жазылған. |
|
Сақтар |
Грек тарихшысы Геродот пен басқа да тарихшылар сақ тайпаларын қалай атаған? |
Көне парсы деректерінде «сақ» сөзінің мағынасы қалай деп түсіндіріледі? |
Есік обасынан табылған «Алтын адам» ескерткіші қай ғасыр аралығына жатады? |
Бесшатыр қорымы Жетісуда, Іле өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан қорым неше обадан тұрады? |
Сақ патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кир арасындағы шайқас қай жылы болды? |
«Азиялық скифтер» деп атаған. |
«Құдіретті ерлер» |
Б.з.д.IY-III ғ.ғ |
31 оба |
Б.з.д. 530 жыл |
|
Үйсіндер мен қаңлылар |
Қытай деректері бойынша үйсіндердің билеушісін қалай атады? |
Қаңлы елінің астанасы? |
Археологтар қаңлылардың көптеген қонысы мен қорымдарын тапқан. Қаңлы мәдениеттерін ата? |
Үйсін ескерткіші «Алтын тәтісі» қайдан табылды? |
Қаңлы тайпалары туралы «Патша ордасында оның заңдары мен жарлықтары ілулі тұрады екен» - деп жазған қытай елшісі кім? |
Гуньмо (күнби) |
Битянь |
Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау |
Алматыға жақын жердегі Қарғалы қойнауынан |
Чжань Цянь |
2-кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: Әр көлденең қатардан тақырыпқа сайкес сөздерді табу. Әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ-қазы сөз алады
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады
Қорытынды.Оқушылардың білімдерін тексеріп, жеңімпаз оқушыны анықтау. Марапаттау.
ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
№ |
Кезеңдері |
|
Қасиет |
Жансая |
Аслан |
Шыңғыс |
Каусар |
Мансұр |
Балауса |
Алинұр |
1 |
«Бәйге» |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
20 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
30 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
40 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
50 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
2 |
«Кім жылдам?» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
Қорытынды ұпайы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кері байланыс парағы
-
Мен үшін сәтті болды:____________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Мен үшін қиын болды: ____________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________\
-
Менің мұғалімге айтарым: _________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әділқазы мүшелері: __________________________________
__________________________________
__________________________________
__________________________________