400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Топырақ 3 сынып Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану

Сабақтың  тақырыбы: Топырақтың  ерекшелігі  және  оның түрлері
Сабақтың  мақсаты:
1. Оқушыларға  топырақтың ерекшелігі  және оның  құрамымен  таныстыру. Топырақтың түрлерін  ажырата білуге  үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ түсінің және сапасының қарашірікке байланысты екендігін әңгімелеу.

2. Тәжірибе жұмысын  жүргізу  арқылы  оқушылардың  жан-жақты   ойлау  қабілетін  дамыта отырып  біліктілігін, дағдыларын  арттыру.

3. Оқушыларды  ұйымшылдықпен  жұмыс жасауға  тәрбиелеу.
Сабақтың  түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой  қозғау, түсіндіру,  тәжірибе жасау.
Сабақтың  көрнекілігі: Топырақтың  түрлері, видеоролик,
түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың  барысы : 

І.Кіріспе:

1. Ұйымдастыру  кезеңі.
Оқушылардың сабаққа  қатысуын, оқу құралдарын  түгендеп,  назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық  дайындық.
"Ақ тілек, әсем күлкі"

Қуанамыз арайланған ақ таңға,

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға

Қош келіпсіз 3"Д" сыныбына

Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға

 3. Топқа бөлу: кәмпиттер арқылы

1топ: Саз

2топ: Құм

3топ: Қарашірік

4топ: Сор

Топ басшысын таңдау, бағалау парағын тарату.

Ойын: «Таңда да, таста»

4. Қызығушылықты ояту:

- Пайдалы қазбалардың бәрін біз қайдан аламыз?

- Топырақтан

Олай болса бүгінгі тақырыбымыз Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Жаңа сабақ:

2.Оқулықпен жұмыс:

3.Дәптермен жұмыс:

Олай болса балалар келесі видеороликке назар аударып, мұқият тыңдаймыз.

Топырақ деп – жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.

«Қарашірік» –  топыраққа  қоңыр түс  беретін өсімдіктер  мен
жәндіктердің  қалдығын  айтамыз.
Қарашірік – тыңайтқыш

- Ал тыңайтқыш дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

- Топырақты не арқылы тыңайтады? (Көң, шымтезек, тезек)

Құрамында қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың түсі де түрліше болады. Неғұрлым қарашірік көбірек болса, соғұрлым топырақтың түсі қоңырқай тарта береді және оның құнарлылығы да арта түседі. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Қара топыраққа егілген дәнді дақылдар мол өнім береді. Ал жауын-шашын аз түсетін аймақтың өсімдігі сирек өседі. Селдір өсімдіктен қарашірік те аз қалады. Сондықтан топырақтың түсі бозғыл тарта түседі.Жақсы өнім алу үшін мұндай топыраққа белгілі мөлшерде тыңайтқышты көбірек қосу қажет.

Жауын – шашын аз жауатын және ауа температурасы қатты ыситын аймақтың топырағы қатты құрғайды. Жер астындағы ылғал топырақтың беткі қабатына көтеріледі де, буланады. Мұндай жерлерде сор топырақ пайда болады. Артық тұз өсімдікке зиянын тигізеді.

- Беткі қабаты қара, қоңыр екені байқалады. Әрі қарай қаза берсек бозғылт тарта береді.

Топырақтың  тау жыныстарынан  басты айырмашылығы – құнарлылығы.

Топырақтың құрамында: ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз болады. Топырақты зерттейтін ғылым саласын топырақтану деп атайды

Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара

- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1-топ:Саз 1 - тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа

2-топ:Құм  2 - тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

3-топ: Қарашірік  3 - тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол — қарашірік

4-топ: Сор 4 - тәжірибе

Шірінді жанып біткен толпырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

 Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.


ІІІ.Қорытындылау:

Ойын: Әр топпен жеке-жеке ойын ойнау

1-топ: Бос орынды толтыру

2-топ: Тест

3-топ: Артығын алып тастау

4-топ: Дұрыс,бұрыс ойыны

"Бес жол өлең" стратегиясы

1.Топырақ

2.қара, қоңыр

3.құнарланады, тыңайтылады, лайланады

4.Топырақ жердің беткі қабаты

5.Құм

Ситуациялық сұрақ:

- Топырақ неден бұзылады?

- Топырақты қорғау үшін не істеуіміз керек? 



Білемін

Білдім

Білгім келеді

Топырақ жердің беткі қабаты

Топырақтың тау

жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.

 

 

Топырақ қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?

 

Жауабы: 1 – 2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жылдай, ал 20 см топырақ 2 – 3 мың жылда түзеледі.

 


Ендеше: Күніміз ашық,

Түніміз тыныш.

Ауамыз таза,

Топырагымыз құнарлы болсын.

Өзіміз аман болайық.

Сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!!














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі