400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Төрт түлік

Материал туралы қысқаша түсінік
Төрт түліктің пайдасы туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: Төрт түлік мал
Мақсаты: балалардың тілін дамыта отырып, ата - бабамыздан келе жатқан кәсіпке толық мағлұмат беру, төрт түлік малдың пірлерімен оның пайдасына тоқталу, сахналау, сөз құрау, жұмбақ шешу, қызықты есептер шығару арқылы олардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Көрнекілігі: төрт түлік малдың және төлдерінің суреттері, төрт түлік пірлері, жайлау суреттері, сүт, қымыз, жүннен тоқылған киімдер.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім.
Шаттық шеңбері:
Қане біздер қол ұстасып,
Күлімдесіп қарайық.
Бір - бірімізге «сәлем» айтып,
Шүбірлесіп тарайық.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болады. Егер сендер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
1 - сұрақ. Мезгілдер, айлар, ауа райындағы өзгерістер жайлы.
2 - сұрақ. «Бір апта». Өлең шумақтарын айту.
3 - 4 - сұрақ. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау (өлеңмен).
5 - сұрақ. Санамақ «Он дегенім осы»
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, қалған әріпті ашамын. Сендер оқып бере қойыңдар. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Төрт түлік мал» жайлы балалар әңгімелейді.
Балалар: Қойдың пірі – Шопаната.
Жылқының пірі – Қамбар ата.
Түйенің пірі – Ойсыл қара.
Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
Ешкінің пірі – Сексек ата.
Тәрбиеші: Балалар, мен жұмбақ жасырайын. Егер жұмбақты шешсеңдер жауабы ретінде төрт түліктің пайдасына тоқталасыңдар.
Ащыдан басқа жемейтін,
Ыстық шөлде отаны.
Шөлдесе су демейтін,
Шешуі бұл қай жануар? (түйе)
Тәрбиеші: Түйенің пайдасын айта қойындар.
Балалар: Түйенің сүтін шұбат дейді. Шайға қосады, сусын ретінде ішеді, шұбатты ашытады. Ол айраннан сұйық, қымыздан қою. Шұбат - әрі сусын, әрі тамақ. Емдік қасиеті бар. Терісінің де пайдасы адамға көп. Мінсе көлік. Түйе жүнінен жасалған кеудеше жылы болады.
Тәрбиеші:
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл қай жануар? (ешкі)
Балалар: Ешкінің пайдасы ең бірінші жүні. Жүніне қарай ангор деген ерекше түрі бар. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүті өте пайдалы, кішкентай балалрға береді.
Тәрбиеші:
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Б
ұл қай жануар? (қой)
Балалар: Қойдың пайдасына келсек, терісі пайдалы, еті тәтті, қойдың жүнінен көрпе, күртеше, қолғап, байпақ тоқиды, киіз басады.
Тәрбиеші:
Екі айнасы бар,
Төрт тармағы бар.
Бір шыбыртқысы бар,
Қай жануар? (сиыр)
Балалар: Сиырдың ерекшелігі сүтті өте көп береді. Сүтінен тәтті айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Жайлауда жайылғанды ұнатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.
Сиыр төлі – бұзау
Жылқы төлі – құлын
Ешкі төлі - лақ
Қой төлі – бота
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп.
Дидактикалық ойын. «Не, қайда өмір сүреді?»
Тәрбиеші: Ал, енді балалар, Шопан атаға қорытынды ретінде «Жайлау» көрінісін жапсырып, сыйлық жасаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.01.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі