Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Төрт түлік" .5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне өте қажетті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы №39 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шаншарова Шамшат Тасболатовна


Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 5- сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Бөлім атауы

4-бөлім:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.

Сабақтың тақырыбы

Төрт түлік.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай одағай сөздерді қолданып ,диалогқа даярлықсыз қатыса алады.

Хат жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: диалогқа даярлықсыз одағай сөздерді қатыстырып айта алады., төрт түліктің пірлерін ажыратады.


Кейбір оқушылар орындай алады: шақыру одағайларын қатыстыра сөйлем құрайды..


Жанрлық ерекшелігіне құрылымын сақтап ажыратады.

Бағалау критерийі:

-Берілген ақпаратқа сүйене отырып диалог құрады.

-Диалог орнату барысында одағай,қыстырма,қаратпа сөздерді пайдаланады.

-Ресми іс-қағаздар стилінің жазылу үлгісін пайдалана отырып, хат жазады.

-Күнделікті өмірмен байланыстырады.




Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: төрт түлік туралы жан-жақты мағлұматпен танысып,малдың жасына қарай аталуын біледі.Бота,тайлақ,құлын,тай,жабағы,құнан.

Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер: төрт түлік,ойсыл қара,қамбар ата,зеңгі баба,шопан ата.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: төрт түліктің төлдері

П - менің ойымша ...

О - себебі....

П - мысалы...

С - сол себепті.....

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Төрт түлік туралы не білесіз?

2.Төрт түлік малдың күтімі туралы не айтар едің?

3.Төрт түлік мал туралы қандай аңыз-әңгімелерді білесің?

4 Eшкіні неліктен жеке түлік ретінде қарастырмаған?

Не себепті ... деп ойлайсыз?

Төрт түлік деп аталған

Не себепті ағарғанды жерге төгуге болмайды?

Себебі неде?

Ишара:қол, дене қимылдары.

Бәрекелде,жарайсың,керемет.


Құндылықтарға баулу:

Төрт түлікті күтуге,оны өсіруге, ата кәсіпті құрметтеуге.

Денсаулық ,достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.



Пәнаралық байланыс:

тарих,әдебиет,сурет,жаратылыстану


Ойлау дағдысының деңгейі.

Талдайды,жинақтайды.

Алдыңғы оқу:

Жазда ауылға барғанда ӘТН 52

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5минут

Психологиялық дайындық,шаттық шеңбері «Жылы лебіз».

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

-Балалар,сендерді үйде ата-әжелерің не деп еркелетеді? Қозым ботам деп еркелету себебі не?Лағым деп неге айтпайды?

Ендеше,мына киіз үйді бір-бірімізге сыйлау арқылы тілек айтайық.

Алдыңғы оқуды пысықтау мақсатында «Зымыран»сұрақтар беремін.

Топқа біріктіру «Мозайка»әдісі арқылы топқа бөлемін..

«Ойсыл қара» тобы

«Қамбар ата»тобы

«Зеңгі баба» тобы

«Шопан ата» тобы



Суреттер

Ортасы

3минут










10 минут




























5 минут


























10 минут

Ширату жаттыуы .

Бейнеролик арқылы «Төрт түлік малдың жылға таласы» туралы ертегіні тыңдатамын.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес.Неліктен?

- Осы ертегіден қандай үй жануарларын көріп тұрсыңдар.?


Мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс

1-тапсырма «Ой қозғау» әдісі


Оқушылар берілген мәліметтерді пайдалана отырып,қыстырма,одағай және қаратпа сөздерді қатыстырып диалогке түседі.


Төрт түлік-мал: түйе, жылқы,қой,сиыр.Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған.Ауыз әдебиетінде «төрт түлік малды құрадың»деген тіркес жиі кездеседі.Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған.Мысалы , «Байбөрі деген бар екен,Байбөрі малға бай екен,Төрт түлігі сай екен...

Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып ,оларды Ойсыл қара ,Қамбар ата,Шопан ата,Зеңгі баба деп атаған.

Төрт түлікті кейде жұп(аша),айыр тұяқ,тақ(тік)тұяқ деп те атайды.

Дескриптор:

  • Оқушылар мәтін ішінен шақыру одағай, қаратпа сөздерді теріп жазады.

  • Төрт түліктің пірлерін ажыратып жазады.

  • Төрт түлік малдың жұп тұяқты тақ тұяқты екенін ажыратады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Мұғалімнің кері байланысы: Смайликтер


Жұптық жұмыс

2.тапсырма.

Ал енді осы жануарларды қалай шақыруды білесіңдер ме?

«Сәйкестендіру»әдісі арқылы орындалады.

Шақыру одағай сөздерін айтады:

Түйе моh-моh

Жылқы аухау-аухау

Сиыр пүшайт-пүшайт

Қой көс-көс

Ешкі шөре-шөре

Дескриптор

  • Шақыру одағайларын ажыратады.

  • Одағайларды тиісті сөздермен салыстырады.

  • Шақыру одағайларының мағынасын түсінеді.


ҚБ Смайликтер



Мұғалімнің кері байланысы: Гүлдер арқылы


Мұғалімнің жетекшілігімен жұмыс

3 тапсырма

«Төрт түлік малдың жылға таласы» туралы ертегіден бейнеролик көреді.


Бейнероликті көру арқылы жанрлық ерекшеліктеріне сай,құрылымын сақтай отырып хат, жарнама құрастырып жазады.


Дескриптор:

-Өздеріне ұнаған төрт түлікке хат жазады

.Төрт түлік пен дала аңдарының ара жігін ажыратады.

-Бейнебаянға өз көзқарасын білдіреді.


ҚБ «Бас бармақ» әдісі

Мұғалімнің кері байланысы: С майликтермен
























Суреттер




















АКТ











Бас бармақ

Соңы




5 минут





























2 минут


Өз бетінше жұмыс


4 - тапсырма


«Сөздік тұжырымдамасы» арқылы сабақты бекіту. Кестені толтырады.


Төрт түліктің түрі

Малдың иесі, пірі

Малдың шақырылуы

Мал үнінің аталымы

1

түйе




2

жылқы




3

сиыр




4

қой




5

ешкі





ҚБ Смайликтер арқылы


Мүғалімнің кері байланысы: Мадақтау.



Өз бетінше жұмыс

Кері байланыс:

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы жасаймын.

-Мен бүгін білдім….

-Мен бүгін сезіндім…

-Мен келесі сабақта білгім келеді...


Өз бетінше жұмыс

Үйге тапсырма: үйдегі жануарларын қатыстырып қаратпа, одағай сөздерді қатыстырып ертегі құрау.













Стикерлер


















Қосымша ақпарат



Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс - денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі