Ақтөбе облысы, Қобда ауданы
«Нұрлы болашақ» балабақшасының тәрбиешісі Алдабергенова Рысгул
Парахатовна.
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: «Жаратылыстану».
Тақырыбы: «Төрт түлік және оның төлдері»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға , әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға, үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай отырып сұрақтары арқылы тіл байлығын дамыту.
Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге,төрт түлікті күтіп бағуға,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру;
Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту,ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту;
Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Үй жануарларының макеттері,аудиожазба, фетрдан жасалған көрнекіліктер,ковраграв тақтасы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топпен жүмыс, ойын, әңгімелеу, сергіту жаттығуы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ
Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балалық шақ үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.
Сәлеметсіздер ме қонақтар,
Қош келдіңіз, бәріңіз.

Тәрбиеші:
Аптада неше күн бар?
Жеті күн бар.
Неше күн жұмыс істейміз?
Бес күн жұмыс істейміз.
Неше күн демаламыз?
Екі күн демаламыз.
Апта күндерін атайық
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
(Төрт түліктің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты.

1-тапсырма: «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»
Қой-ешкі маңырайды.
Қой м-ә-ә-ә, м-ә-ә-ә.
Ешкі м-е-е-е, м-е-е-е.
Жылқы кісінейді. И-и-и-о-о-о.
Сиыр мөңірейді. Му-му-му.
Тәрбиеші:
- Жарайды балақайлар.
- Балақайлар сіздер саяхаттағанды жақсы көресіздерма?
- Иә!
- Ендеше мен сіздерді көрші әжейдің ауласыңдағы үй жануарларымен толық танысу үшін саяхатқа апарайын.
- Ол үшін саяхатқа көлікпен барамыз.
- Қане барлығымыз көлікке отырайық.

- Мінекей балалар біздер көрші әжейдің үйіне келіп қалдық.
Әже:
-Қош келдіңіздер ұлдарым, қыздарым.

Балалар:
- Сәлеметсізбе .
Әже:
-Ал балаларым сіздер көріп,танысып болғанша мен осы үй жануарларымнаң алынған өнімдерден сіздерге сыйлығымды дайындайындап алып келейін.
Тәрбиеші:
-Жарайды әжей!
-Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Оларға мыналар;қой, ешкі, сиыр, жылқы. Қазақ халқының ежелгі кәсібі мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Халық малды өте қастерлеген. Сондықтан көптеген мақал – мәтел, жұмбақтар, өлеңдер, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер айтып кеткен.

«Төрт түлік» туралы мақал-мәтел.
Жылқы – малдың патшасы
Қой – мырзалық
Сиыр – ақтық
Тайлақ ойнақтаса - тоқшылыққты
Тыйым сөздер.
Малды бастан ұрма.
Малға теріс мінбе.
Малды теппе, төкпе.
Жұмбақ.
Жем-шөп беріп бағамыз,
Сүтін сауып аламыз. (сиыр)
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді.
Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.
Қамыс құлақ, тастаған тұяқ,
Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)
Жылқының төлі құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Қойдың пірі – Шопан ата.
Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Адам деуге болмайды, сақала тағы бар. (ешкі)
Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.
Тәрбиеші:
Үй жануарларын осылай шақырамыз.
Қойды пүшайт — пүшайт.
Ешкіні шөре — шөре
Жылқына құрау -қүрау
Сиырды әукім — әукім.
-Жарайсыңдар балақайлар, ал осы үй жануарлары жайлы кім тақпақтар біледі екен?
2 – тапсырма. Үй жануарлары туралы тақпақтар:
Айғаным:
Мінезім жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім дәмді, сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал,
Нұртілек:
Құлын- құлын құлыншақ
Желбірейсің тұлымшақ
Маңдайыңда жұлдызың
Құйрығыңда құндызым.
Рамазан:
Қой-ешкі бір түлікпіз,
Бірге өстік еш күдіксіз.
Еті тәтті, сүті бал,
Қой-ешкі ең құнды мал.
Тәрбиеші:
-Ал қазір балақайлар жаңа айтып кеткенімдей, сүттің қалай алынатының сіздерге тәжірибе ретінде көрсеткім келіп тұр.

-Сиырға жақындамас бұрын балалар,қауіпсіздік ержесін сақтайық,сиырдың құйрықтары тиіп кету мүмкін.
-Алжапқышты тағып,орамалды тағып,қолымызды жуып алайық.
3- тапсырма: Қ/О: « Сиырдан сүт алу»
Мақсаты: Отырғышқа байланған бес саусақ қолғаптың іші ,ақ түсті сумен толтырылған.Балалар жаймен қолдарымен тартып сауу керек.
-Балалар жарайсыңдар,сендер шапшаң әжейдің сиырларың сауып алдыңыздар.

-Ал мына шелектегі сүттерді әжейдің үйінде қалдырайық.
-Жарайсыңдар! Ал енді балақайлар осы үй жануарларының төлдерін тауып берейік.
4- тапсырма: Д/О: «Төлін тап».
Мақсаты: Ковраграв тақтасындағы үй жануарларының атын және төлдерін ажыратуға үйрету.
- Мынау сиыр, сиырдың төлі-бұзау.
- Мынау қой, қойдың төлі-қозы,
- Мынау ешкі,ешкінің төлі-бұзау.
- Мынау жылқы, жылқының төлі-құлын.

5- тапсырма: Д/О: «Дала жануарлының арасынаң үй жануарларын тап!».
Мақсаты: Ковраграв тақтасындағы дала жануарларының арасынаң үй жануарларын ажырату.

Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балақайлар.
-Ал енді сіздерге тағыда бір тапсырма орыңдатқым келіп тұр.
6-тапсырма: «Үй жануарларын тап»
Мақсаты: Тыныс алу жаттығуы.Жасыл түске боялған күрішті үру арқылы,астынаң шыққан үй жануарлары жайында әр бала қысқаша айтуы керек.

Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балақайлар. Біздің балабақшаға қайтатың уақытымыз болып қалған сияқты.
Әже:
-Ал балаларым менің үй жануарларым қалай екен? Жақын танысып көрдініңдерме?
Балалар:
- Иә әже,сізге көп рахмет!
-Ендеше балаларым, мына дәмді құрттарды апайларынңыз бақшаларыңызға барғасын сіздерге береді.
-Сау болыңдар! Өркендерің өссің.
Балалар:
- Рахмет әже.
-Сау болыңыз!

Тәрбиеші:
- Қанекей барлығымыз келген көлігімізге мінейік.

Қорытынды.
Тәрбиеші:
-Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде нелер туралы айттық ?
-Саяхатқа қайда бардық?
-Үй жануарларына нелер жатады екен?
-Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
-Жануарлар қалай дыбыстайды?
-Балалар, үйымдастырлған оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңызға рахмет, мадақталады.

Тәрбиеші:Балаларға сыйлық береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін білу керек.
Оларды бір – бірінен ажырата білу керек.
Болу керек: Үй жануарларына деген қызығушылық болу керек.
Қолдануы: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын шығармашылықпен қарайды.
Нұрлы болашақ» балабақшасы
«Төрт түлік және оның төлдері»
(Ашық қаралым)
«Қарлығаш» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Алдабергенова Р.П
2021- оқу жылы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Төрт түлік және оның төлдері"

шағым қалдыра аласыз