400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тортай мінер ақ боз ат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған


Мектеп:



Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Шыныбаев Дидар Кусанович

Сынып: 6


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы


О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

6. А/И 2 – әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

«Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлерін жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өмірмен байланыстыра отырып, «Аянышты тағдыр» тақырыбында эссе жазады.

Бағалау критерийі

  • «Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды;

  • Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;

  • Ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлерін жазады;

  • Өмірмен байланыстыра отырып, «Аянышты тағдыр» тақырыбында эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады, ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлерін жазады, «Аянышты тағдыр» тақырыбында эссе жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ақ боз ат, Тортайдың арманы, Салықсалған, ферма меңгерушісі, Ораш, тасқорымдағы үңгір.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Адал достық, төзімді болу, тағдырыңа өкпе артпау, адамгершілік қасиеттер, қарым-қатынас, жақсылық жасау, арамдық ойламау т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Оралхан Бөкей қай жерде дүниеге келді?

Қандай шығармаларын білесіңдер?

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі не жайында?

Тортайдың жеке басының арманы не?

Тортай кітап туралы қандай пікірде?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

Не себепті Тортай арманына жете алмады?

ишара:


Құндылықтарға баулу

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің идеясы арқылы оқушыларды өмірде кездесетін қиыншылықтарға төзе білетін, адамгершілік қасиеттерді бойға жинаған азамат етіп тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, информатика.

Алдыңғы оқу

Оралхан Бөкейдің өмірбаянын, өлеңдерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

8 мин.


2 мин.


3 мин.


3 мин.




І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Шаттық шeңбeрі» әдісі.

Мұғалім оқушылaрды шaттық шeңбeріне тұрғызaды. Оқушылар шaттық шeңбeріне тұрып, мұғaліммен амaндaсaды, бір-бірінe сәттілік тілеп, жaқсы тілeктeр aйтaды.

Топқа бөлу.

«Адамгершілік қасиеттер»

Кеспе қағаздарға «Адалдық», «Сыйластық», «Қамқорлық» атаулары жазылады, оқушылар кеспе қағаздарды алу арқылы 3 топқа бөлінеді

Қызығушылықты ояту.

Оралхан Бөкей туралы Білім ленд сайтынан бейнебаян көрсетіледі.

Миға шабуыл.

Оқушылар бейнебаянды көріп, Білім ленд сайтынан тапсырмаларды орындайды.


Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.







«Адалдық», «Сыйластық», «Қамқорлық»



https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/7-synyp/lesson/oralxan-bokej-tortaj-miner-aq-boz-at-anggimesi



Сабақтың ортасы

25 мин.

10 мин.







































2 мин.




10 мин.
















  1. мин.

2. Тапсырма ТЖ

«Әдеби шеңбер» әдісі

1.Талқылаушы. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің мазмұны,сюжеті желісіне орай 5 сұрақ құрастырыңдар.

2.Байланыстырушы. Шығарма мен шынайы өмір арасындағы байланыстырыңдар.

3.Қорытындылаушы. «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасында көтерілген мәселені қорытындылаңдар.


Ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлеріңді жазыңдар. (көпшілігі)


Тірек сөздер: Адал достық, төзімді болу, тағдырыңа өкпелемеу, адамгершілік қасиеттер, қарым-қатынас, жақсылық жасау, арамдық ойламау.


Дескриптор:

1. Шығарманың мазмұны, сюжеттік желісі негізінде сұрақ құрастырады;

2. Шығарма мен шынайы өмір арасындағы байланысын ашып көрсетеді;

3. Шығармадағы көтерілген мәселеге қорытынды жасайды;

4. Ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлерін жазады.



ҚБ. «Бас бармақ» (топтар бір-бірін бағалайды)


2. Тапсырма.

1.Топтық жұмыс

1-топ «ТОРТАЙ» мінездеме

( Тортайдың әрбір әрпіне оның қасиетін ашатын сөздер жазу)

2-топ Орашқа мінездеме

( Теріп алу: Жанашыр дос,жасқаншақ, жасы кіші, жетім, арманшыл, ерке молшылықта өмір сүрген бала, момын, ар-ұяты бар, жомарт, т.б).

3-топ Салықсалған табиғаты

(Оқулықпен жұмыс)

Өмірмен байланыстыра отырып, «Аянышты тағдыр» тақырыбында эссе жазады.


Дескриптор:

  1. Топтар Тортай, Орашқа мінездеме, Салықсалғанның табиғаты туралы сипаттап жазады;

  2. Құрлымын сақтай отырып, эссе жазады.


ҚБ. «Бас бармақ» (топ басшы бағалайды)


Кеспе қағаздар, тірек сөздер


















































Сабақтың

Соңы

7 мин.


4 мин.

3мин.








  1. Тапсырма. С.

Бекіту. “Ортаға салу”

Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмағады. Осы іс-әрекеті дұрыс па?

Үй тапсырмасы:

1. “Әңгімені қалай аяқтар едіңіз” шағын ой-толғау.


Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

1. «Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таңғалдырды»


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Барлық оқушылар орындай алады:

«Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ұсынылған тірек сөздерді қолданып, «Адал дос» тақырыбында өз пікірлерін жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өмірмен байланыстыра отырып, «Аянышты тағдыр» тақырыбында эссе жазады.

«Бас бармақ» (топтар бір-бірін бағалайды)

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы


Тарих, информатика.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
1327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі