400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал «Шаттық шeңбeрі» әдісі. Мұғалім оқушылaрды шaттық шeңбeріне тұрғызaды. Оқушылар шaттық шeңбeріне тұрып, мұғaліммен амaндaсaды, бір-бірінe сәттілік тілеп, жaқсы тілeктeр aйтaды. Топқа бөлу. «Домино» әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді. (Тортай мінер ақбоз ат әңгімесіне байланысты 3 мақал-мәтелдердің сөздері мен сөз тіркестері қағаз қиындыларымен әр оқушыға таратылып беріледі, олар сөйлемді құрау арқылы топтарға бөлінеді.)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп: Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп КММ


Күні:20.04.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Адият Хамбар


Сынып: 6 – сынып


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.Т/Ж3. Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

6.Б/С3.Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.

Әңгімедегі кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндекездесетінтұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазады. 

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тортайдың портретін берудегі автордың шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді. 

Бағалау критерийі

  • Әңгімедегі кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;

  • Әңгімедегі кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылықтар тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;

  • Шығармада кездесетін тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазады;

  • Тортайдың әдеби портретін берудегі автордың шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді. 

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Әңгімедегі кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды, әдеби эссе жазады, тұрақты тіркестердің мағынасын ашады, өз көзқарастарын білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып, ұядай қылып жинау, көк күмбезіне найзадай кіріп, зауқы болмау, күлтеленген, күреңсе, ымырт, сепаратор, мүкіс.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

жаймашуақ сәт, көкпеңбек болып көмкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, жұмақты өмір, көк мұнар дүние, қоңыр үн

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?
2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
3. Тортайдың  жеке басының  арманы не?  сол  үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 
4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
6. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

Не себепті ..... деп ойлайсыз?

Не себепті әңгімеге «Тортай мінер ақ боз ат» атауы берілді деп ойлайсыз?

ишара:


Құндылықтарға баулу

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі оқушыларды отбасылық құндылықтарды құрметтеуді үйретеді. Үлкенді сыйлап, ата-анасына ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасауға үндейді.

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы оқу

Оралхан Бөкейдің өмірі мен «Апамның астауы»әңгімесін біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

8 минут

2 минут




2 минут











4 минут



І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Шаттық шeңбeрі» әдісі.

Мұғалім оқушылaрды шaттық шeңбeріне тұрғызaды. Оқушылар шaттық шeңбeріне тұрып, мұғaліммен амaндaсaды, бір-бірінe сәттілік тілеп, жaқсы тілeктeр aйтaды.

Топқа бөлу.

«Домино» әдісі бойынша 3 топқа бөлінеді. (Тортай мінер ақбоз ат әңгімесіне байланысты 3 мақал-мәтелдердің сөздері мен сөз тіркестері қағаз қиындыларымен әр оқушыға таратылып беріледі, олар сөйлемді құрау арқылы топтарға бөлінеді.)


  1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

  2. Жетім көрсең жебей жүр.

  3. Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем


Қызығушылықты ояту:"Stop-кадр" әдісі.

Оралхан Бөкей туралы 10 дерек бейнематериалы көрсетіледі.

"Зымыран сұрақтар" әдісі:

1Оралхан Бөкейдің тырнақалды туынды жинағын ата?

2 Әжесі Оралхан Бөкейдің есімін не үшін Оралхан деп қойған?

3ОралханБөкейдіңжалғызарманы не болған? Олоғанжеттіме?

4ОралханБөкейдіңжазушыболыпқалыптасуынакімніңқамқорлығыәсереткен?

5ОралханБөкейқайжылы, қайжердеөмірденөтті?

Оқушылaрды сaбaқтың мaқсaтымен, бағалау критерийлерімен тaныстыру.














https://www.youtube.com/watch?v=W-YVIPhqH8U


Интербелсенді тақта



Сабақтың ортасы

25 минут


11 минут

























14минут














Тапсырма 1: ТЖ.

«Концептуалдық кесте» әдісі.

«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесін оқып шығып, кестені толтыр,Тортайдың өзіне ғанатән қасиеттерін жинақтау арқылы типін тек тұрғысынан сипаттап айт.


Кейіпкер

Әңгімедегі орны

Жағымды әрекеті

Жағымсыз

әрекеті

Мінезі







Шығармадан алынған тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазады (көпшілігі)

Тұрақты сөз тіркестері:

қой аузынан шөп алмас -

ит басына іркіт төгілу –

ұядай қылып жинау –

тақымы қотыр тайға тимеу –

мұрнын көкке көтеру –

ішкені алдында, ішпегені артында –

Дескриптор:

  1. Әңгімені оқып шығып, кестені толтырады;

  2. Тортайдың өзіне ғана тән қасиеттерін жинақтау арқылы типін тек тұрғысынан сипаттап айтады;

  3. Шығармадан алынған тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазады. 

ҚБ.

Жасылқалам

Оқушыларжұмыстарынтексеріп, жасылтүстіқаламменбелгіқояды.

Тапсырма 2: Ж.

«Карусель» әдісі.

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең»тақырыбына байланысты оқушылар отбасылық құндылықтар тұрғысынан бірнеше сұрақ әзірлеп, карусель әдісі арқылы бір-бірімен алмасады. Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Соңында «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» тақырыбында әдеби эссе жазады.

Тортайдың портретін берудегі автордың шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жазады. (кейбірі)



Дескриптор:

1. Тортай мінер ақбоз ат әңгімесінде көрініс тапқан отбасылық құндылықтарды анықтайды

2.Тортайдың портретін берудегі автордың шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді. 

ҚБ.«Архиватор 3, 2, 1» әдісі арқылы жұптарымен алмасып, бір-бірін бағалайды.

Сізге ұнаған 3 сөйлемді атаңыз.

Өзіңіздің эссеңізде қолданылған 2 идеяны атаңыз.

Сізге қозғау салған 1 аргументті (ықылас тудыратын) атаңыз.






























Picture 2










Сабақтың

соңы


7 минут






Тапсырма 3: С.

С. "Бәйтерек мұнарасы" әдісі. «Тортай бойындағы қасиеттердің қайсысы сенің бойыңда бар?» Сұраққа жауап беру арқылы оқушы стикерге жазып мұнара құрастырады.

Дескриптор:

  • Тортай бойындағы қасиеттерді жазады

  • Тортай образын ашады.

Оқушылар «Еркін көбелек» бейнесімен өзін-өзі бағалайды. 1-күлгін көбелек, 2- көк көбелек, 3 – шұбар көбелек

1.Мен шамам келгенше тырысып көрдім.

2.Мен бұдан да жақсы айта алар едім.

3.Мен бүгін өз жауаптарыма ризамын.





Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды жүйелі түрде, сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, оқушылардың барлығы әңгімедегі кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттап, отбасылық құндылық тұрғысынан талдап отырып әдеби эссе жазса, оқушылардың көпшілігі орындай алатын саралау тапсырмада тұрақты тіркестердің мағыналары ашылады, өмірде қолдана алуға ықпал жасалады. Ал оқушылардың кейбіріорындай алатын саралау тапсырмасы Тортайдың әдеби портретін берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен анықтауға, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сын-пікірлер айта білуіне, бағалай білуіне, қатарластарына ой салуға қолдау көрсетіледі.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау жүріп отырады. Тортайдың өзіне ғана тән қасиеттерін жинақтау арқылы типін тек тұрғысынан сипаттап айтып, мәтіннен алынған тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазудан кейін оқушылар «Жасыл қалам» әдісі арқылы жұмыстарын тексереді. Ал әдеби эссе жазып болған соң оқушылар «Архиватор 3, 2, 1» әдісі арқылы жұптарымен алмасып, бір-бірін бағалайды.Алған білімін қорытындылау мақсатында "Еркін көбелек" әдісі арқылы бағаланады, кері байланысы ұсынылады


Әңгімеде жер су атаулары жиі кездесетіндіктен сабақ география пәнімен байланысады, АКТ-дан Оралхан Бөкей туралы деректер бейнематериал арқылы көрсетіледі. Әңгіме оқушыларды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге үйретеді. Үлкенді сыйлап, ата-анасына ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасауға үндейді.





Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1110
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі