Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен сабақ беретін ұстаздарға көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні : Мектеп: № 13 МГ.

Мұғалімнің аты – жөні: Еріш Ж.О

Сынып: 8. Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме).


8.1.3.11

параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.13

трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;


С

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Берілген төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдана алады.


Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Фигуралардың қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алады.

Берілген аудан формулаларын дәлелдей біледі.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Тақырыптық формулаларды, фигуралардың қасиеттерін орынды қолданып, десептерді дұрыс шеше біледі.


Бағалау критерийі :

Оқушылар:

1.Есептерді шығару барысында қажетті фигураны сызып, жазу үлгісін дұрыс орындай біледі.

2. Берілген формулаларды есептерді шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар геометриялық белгілеулерді жазып, теоремаларды айта алады, өз ойларын басқаларға жеткізеді, қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фигуралар, тең фигуралар, биіктік, аудан,периметр.

Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы , зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, сызу , информатика.

Алдыңғы білімдер


Оқушылар теоремалардың дәлелдемесін беру жолдарынан білетіндерін пайдаланып, өз іс-әрекетіне рефлексия жасай алады.










Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар




Сабақтың басы

2 минут





3 минут











5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

ә)Сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу.

Үшбұрыш, параллелограмм, трапеция, ромб фигуралары сызылған кеспе қағаздарды тарату.

Оқушылар фигуралардың түрлерін ажырата отырып, қажетті топқа орналасады.

І топ: үшбұрыш; ІІ топ: параллелограмм ; ІІІ топ: ромб ;

ІҮ топ: трапеция.

Топ басшысы сайланып, бағалау парағы беріледі, топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалау парағына толтырады.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Сынып көмегі» әдісі арқылы кез-келген оқушыдан сұралады. Есепті шығара білмеген, не түсінбеген оқушы өзіне «көмекші» таңдау арқылы түсінуге тырысады.



3. «Кім жылдам»ширату сұрақтары (әр сұраққа 1 балл)

Әр топ оқушылары интербелсенді тақтадағы тақырыптық сұрақтарға жауап береді.

1.Фигураның ауданы деп нені түсінеміз ?
2. Қабырғасы а-ға тең шаршы ауданы қалай анықталады ?

3. Параллелограммның ауданы қандай формуламен анықталады ?

4. Трапецияның ауданын қандай формуламен анықтауға болады ?

5.Үшбұрыштың ауданын анықтайтын формулаларды жазыңдар.

6. Ромбының ауданының формуласын жазыңдар.






АКТ.

Көңілді әуен қосып қою.






Бағалау парағы.











Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы.


12 минут











10 минут






















6 минут

« Постер» қорғау тәсілін пайдаланып, тақырып бойынша әрбір топқа тапсырмалар беру. Әрбір топқа беретін тапсырмасы:

І топ: үшбұрыш сызбасы бойынша ауданын табу.

ІІ топ: параллелограмм сызбасы бойынша ауданын табу.

ІІІ топ: ромбының қажетті элементтері бойынша кестені толтыру .

ІҮ топ: трапецияның элементтері бойынша кестені толтыру.

(Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.

Тапсырмаларды орындап дәптерлеріне жазады және тақтаға әр топтың оқушысы шығып, түсіндіреді) .

Оқулықпен жұмыс . « Ойлан- Жұптас- бөліс» әдісін пайдаланып,

әр топқа оқулықтан тапсырмаларды бөліп беру, бақылау.

І топ: № 3.33 есеп.

АВС үшбұрышында АВ = 16 см, ВС= 22 см, С төбесінен түсірілген биіктігі 11 см. Үшбұрыштың ВС қабырғасына түсірілген биіктігін табыңдар. Дескриптор:

    1. Сызбаны дұрыс сыза алады. 1 ұпай.

    2. Геометриялық белгілеулерді қолданып, есептің шартын дұрыс жаза алады. 1 ұпай.

    3. Есептерді шығару барысында формуланы дұрыс қолданады. 1 ұпай.

  • ІІ топ: № 3.28 есеп.

  • ІІІ топ: № 3. 32 есеп.

  • ІҮ топ: № 3.37 есеп.


Оқулықпен жұмыс барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау жұмысының « тапсырма» тәсілі бойынша алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар кеспе қағаздар пайдалану.

Тест тапсырмалары:

  1. Үшбұрыштың қабырғалары 12 см және 9 см, арасындағы бұрышы 30º. Ауданын табыңдар.

А) 30 В) 40 С) 27 D) 50 Е) 51.

2. Ромбының диагональдары 8см және 7 см. Ауданын табыңдар.

А) 27 В) 26 с)29 D) 25 Е) 28

3. Параллелограмның қабырғалары 6 см және 10 см , ал кіші

қабырғасына түсірілген биіктігі 8 см . Екінші биіктігін табыңдар.

А) 4 В) 5 С) 4,8 D) 4,7 Е) 6

4. Тікбұрышты трапецияның табандары 5см және 17 см, үлкен

бүйір қабырғасы 13 см. Ауданын табыңдар.

А) 50 В) 51 С) 55 D) 60 Е) 70

5. Квадраттың қабырғасы 8 см болса, диагоналі неге тең ?

А) 8 В) 8 С) 4 D) 7 Е) 6.

Жауаптары: 1) С 2) Е 3) С 4) С 5) В.





Постер, маркер.












Бағалау парағы.









Кеспе қағаздар.





Сабақтың соңы.

1 минут

Бағалау.

Үйге тапсырма: № 3.26 . А-деңгейі, № 3.38 В-деңгейі.


Бағалау шкаласы.

Рефлексия


1 минут

Рефлексия . Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

«ББҮ» кестесімен жұмыс.

Кестенің алғашқы екі бөлігін сыныпта талқылап, мұғалімнің көмегімен толықтыру.

Оқушылардың сабақ соңында сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі бойынша кері байланыс жасайтынын ескерту, мағынасын түсіндіру.



Стикер.




«ББҮ» кестесі.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз ?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Кері байланыс және қалыптастырушы бағалау тапсырмалары кезінде оқушылардың бүгінгі сабақтан түсінген, түсінбеген тұстарын саралап, қабілеттеріне қарай қосымша тапсырма дайындаймын. Қабілеті жоғары балаларға ізденушілік, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды дайындаймын.

Өз ойларын ашық айтып, критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлер арқылы бағалауды жоспарладым.

АКТ-ны қолданған кезде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.










Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
3884
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12