Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге ашық сабақ ұйымдастыруға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аудан

Мектеп: Шаш-төбе жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байметова Нигора Зухритдиновна

Сынып: 8 Геометрия

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақ мақсаттары

  • үшбұрыш ауданын табуда сәйкес формуланы анықтай алады

  • есептер шығаруда үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады

  • күрделі есептерде үшбұрыш ауданын табу формулаларын қолдана алады

Бағалау критерийлері

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын есептер шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданын табуда қандай формула қолданғанын айта алады;

  • үшбұрыш ауданын табуда қолданған формуласын неліктен қолданғанын түсіндіреді;

  • есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үшбұрыштың ауданы;

  • үшбұрыштың табаны, биіктігі;

  • екі қабырғасының арасындағы бұрыш;

  • сырттай сызылған шеңбер радиусы;

  • іштей сызылған шеңбер радиусы;

  • герон формуласы;

  • боялған бөліктің ауданы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • егер үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш берілсе, онда ....... формуласын қолданамыз;

  • егер үшбұрыштың табаны мен биіктігі берілсе, онда....... формуласын қолданамыз.

  • Герон формуласын қолданамыз, егер .... берілсе;

  • тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін ......

  • үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды топтық жұмыс жасау арқылы достарын құрметтеуге, ынтымақтастық пен ашықтық арқылы білмегенін басқалардан үйренуге болатынын үйрету. Оқу мен білімді үйрену үшін табандылық мінез бен патриотизмнің маңыздылығын сезіндіру.

Пәнаралық байланыс

Сызу, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Үшбұрыштың түрлері, шеңберге сызылған үшбұрыштар, тригонометриялық функциялардың белгілі бұрыштардағы мәндері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесемін, түгелдеймін, назарларын сабаққа аударамын. «Мозайка» әдісімен екі топқа бөлінеді.

«Әскери шен» ойынымен сұрақ - жауап арқылы үшбұрыштар және төртбұрыштар ауданы бойынша өтілген материалдарды қайталаймыз. Оқушылардың барлығын қатардағы жауынгер деп санаймын. Сұрақтар қоямын, ең бірінші жауап берген оқушыға жұлдызша беріп отырамын. Жинаған жұлдызшаларына қарай кімнің қай әскери атаққа лайықтығын айтамын. Мүлдем жауап бермеген оқушылардың қатардағы жауынгер күйінде қалғанын айтып өтемін. Жақсы жауап берген оқушыларды мақтап мадақтап қолдау білдіремін. Оқушылардың жіберген қателерін түзетемін.

1) Параллелограмм мен тіктөртбұрыш тең шамалас фигураға жата ма?

2 Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын атаңыз?

3) Параллелограмм ауданы табу формуласын тұжырымдаңыз?

4) Катеттері а және b болатын тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтаңыз?

5) Қабырғасы а болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын анықтаңыз?

6) Үшбұрыш ауданын қабырғасы және бір биіктігінің көмегімен қалай анықтаймыз?

7) Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын қалай анықтаймыз?

8) Іштей сызылған шеңбер радиусы арқылы үшбұрыш ауданы қалай анықталады?

9) Сырттай сызылған шеңбер радиусы арқылы үшбұрыш ауданы қалай анықталады?

10) Екі қабырғасы және арасындағы бұрыш арқылы үшбұрыш ауданын табу формуласын атаңыз?

11) Үшбұрыш медианасының қасиетін атаңыз?

12) Үшбұрыштың қабырғасы 10см, оған түскен биіктігі 8см. Ауданын тап?

13) Қабырғалары 8см және 10см, арасындағы бұрышы 30° болатын үшбұрыштың ауданын анықтаңыз.

14) Қабырғасы 4см болатын дұрыс үшбұрыштың ауданын анықтаңыз?

15) Жарты периметрі 10 см, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 3см болатын үшбұрыштың ауданын анықтаңыз?


Геометрия 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 3- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2012. – 128 бет. ISBN 978-601-282-527-5


Сабақтың ортасы

15 минут
































































Топтық жұмыс: «Бәйге»

Үшбұрыш ауданы тақырыбы бойынша негізгі теорияны қолдана отырып, есептер шығарады. Топ болып жарысады. Уақыт шектеулі. Топ басшысы оз тобынан тақтаға шығатын оқушыны тағайындап отырады. Тақтаға шыққан оқушы тәз, әрі мұқият тапсырманың шығарылуын оқушыларға қысқаша түсіндіреді. Басқа топ мүшелері тапсырманы орындаушыға есеп жайлы сұрақтар қоюына болады. Қорғаушы жауап бере алмаса, ұпай берілмейді. Қай топ берілген уақыт аралығында көп есеп шығарса, сол топ жеңімпаз атанады.

  1. Үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш берілген: 12 см, 6 см, 300. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.

  2. Берілген үш қабырғасы 5 см, 6 см, 9 см бойынша үшбұрыштың ауданын табыңыз.

  3. Тікбұрышты үшбұрыштың катеті 8 см ге тең, ал оның бір сүйір бұрышы 450 тең. Берілген үшбұрыштың ауданын тап.

Дескрипторы:

  1. Есеп шартын құрады

  2. Сызбасын сызады

  3. Қажетті формуланы қолданады

  4. Үшбұрыш ауданын есептейді

  5. Ауданның мәнін жазады

  6. Радиусы 6 см-ге тең болатын шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Дескрипторы

  1. Есеп шартын жазады

  2. Сызбасын сызады

  3. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасын анықтайды

  4. Дұрыс үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады

  5. Үшбұрыш ауданын есептейді

  6. Ауданның мәнін жазады


  1. SQRT тіктөртбұрышы берілген. Сызба бойынша PRT үшбұрышының ауданын тап.

Дескрипторы

  1. Есеп шартын жазады

  2. PRS тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтайды

  3. PТS тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз катетін анықтайды

  4. PRS тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтайды

  5. PRТ тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтайды

  6. Жауабын жазады


  1. Төменде берілген фигуралар үшін табыңыз:

Боялған аймақтың ауданын

Тұтас фигураның ауданын




Дескрипторы:

  1. Есеп шартын жазады

  2. Үшбұрыштың ауданын есептейді

  3. Тіктөртбұрыштың ауданын есептейді

  4. Боялған бөліктің ауданын есептейді

  5. Жауабын жазады

Дескрипторы:

  1. Есеп шартын жазады

  2. Тұтас фигураны тіктөртбұрышпен тікбұрышты үшбұрышқа бөледі

  3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді

  4. Тіктөртбұрыштың ауданын есептейді

  5. Тұтас фигураның ауданын есептейді

  6. Жауабын жазады

Топтар өзара «Басбармақ» арқылы бағалайды, қай топтың жақсы шығарғанын атап өтемін.

Жеке жұмыс

Оқушыларға саралаудың деңгейлік тапсырмаларын беремін. Жеке тапсырма орындайды. Мұнда бала барлық деңгейді орындайды, қай деңгейге жете алатыны қадағаланады. Слайд көмегімен бірден тексереді. Оқушылар өздерін өздері бағалайды. Мұғалім көпшілік оқушыларда шықпаған есепті ғана талдайды. Мұғалім тарапынан үнемі диалог жүргізіп, қолдау көрсетіледі.

А деңгей

  1. Ауданын тап.

2. Ауданын тап.


Дескрипторы:

  1. Есеп шартын жазады

  2. Қажетті формуланы қолданады

  3. Үшбұрыш ауданын есептейді

  4. Жауабын жазады













В деңгей


Дескрипторы

  1. Бөлмені үшбұрыштармен, төртбұрыштарға дұрыс бөледі және қабырғаларының ұзындығын анықтай алады.

  2. Ауданын есептеуге қажетті формуланы қолданады.

  3. Аудан мәнін есептейді.

  4. Жауабын жазады

С деңгей

Дискрипторы:

  1. Отыратын жердің ауданын есептейді

  2. Топтамаың алатын ауданын есептейді

  3. Қажетті топтаманың ең көп санын есептейді.

  4. Жауабын жазады

Уақыт аяқталғанда слайд арқылы дұрыс жауабы шығарылады. Оқушылар жұмыстарын слайд өзін-өзі бағалайды. Дұрыс шығарған оқушыларды «Тәтті кәмпіттер» арқылы бағалаймын. Жақсы шығарылған жұмыстарды «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы атап өтемін, сабақ қорытындыланады.

http://smk.edu.kz/Course/Topic/16/7295?lang=2





































































































Слайд









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.06.2021
919
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12