Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Тригонометрия" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп:М. Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Фазилова Зада Бахытжановна


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тригонометрия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 Пифагор теоремасын пайдаланып, формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану

Сабақ мақсаттары

Пифагор теоремасын пайдаланып есептер шығарады.

Формуланы қорытады.

Египет үшбұрышын анықтап, кері теореманы тұжырымдайды

Бағалау критерийі

Пифагор теоремасын тұжырымдайды

Формуланы пайдаланып, есептер шығарады

Пифагор теоремасына кері теореманы тұжырымдайды


Тілдік мақсаттар

Оқушылар Пифагор теоремасын түсінеді және есептер шығаруда қолданады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Пифагор теоремасы, катет, гипотенуза, үшбұрыш, теорема, Египет үшбұрышы, тік бұрыш

Диалогқа/жазылымға қатысты тіркестер:

Пифагор теоремасы........

Египет үшбұрышы дегеніміз........

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды еңбекке, шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға баулу

Пәнаралық байланыстар

Сызу

Бастапқы білім


Үшбұрыш, катет, гипотенуза, өлшем бірліктері, пропорционал кесінділер туралы теорема

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


  1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына назар аударамын)

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру үшін «Бір қадам алға...»әдісін қолданамын (мұнда өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоя отырып, жаңа сабаққа бағыттаймын, оқушылар тақтаға шығады)

  3. Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлемін)

  4. Үй тапсырмасын интерактивті тақтадағы жауап бойынша сағат тілі бойынша жылжу арқылы дәптерлерін ауыстырып тексереді.

Оқушылар үй тапсырмасын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды, яғни қаншалықты меңгергенін қол сигналдары арқылы көрсетеді.







Сабақтың ортасы

25 мин


І.Топпен жұмыс

«Фишбоун» әдісі, яғни, графикалық органайзерді сабаққа қолданады.

Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтайды. Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс береді. Жақсы тақырып мазмұнын ашқанына байланысты оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды.

ІІ. Жұппен жұмыс

Ара ұясы” техникасы

Топ ішіндегі оқушыларды жұптастырып аламын. Жұптағы оқушыларға деңгейіне қарап есеп дайындаймын. Есептер деңгейіне қарай алдын ала тақтада үш ұяда ілінеді. Ұядан алған есепті оқушы орнында шығарады. Есептердің жауабы слайдта көрсетіледі. Жұп есептің шешімін бір-бірімен жұмысын алмасу арқылы тексереді. Бұл әдісті таңдағандағы себебім, енді екі жұп алған ақпараттарын ары қарай талдауды практикалық есептерді шығару барысында жалғастырады.

І ұя

Есеп: a=6 жәнеb=8 катеттері бойынша үшбұрыштың гипотенузасын тап


Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 5 м, ал оның бір катеті 3 м. Екінші катетті табыңыз.


Тіктөртбұрыштың қабырғалары 8 дм және 6 дм. Диагоналін табыңдар


ІІұя

Есеп: 1) 6 м және 8 м;

2) 12 см және 16 см;

3) 1 дм және 2,4 дм диагональдары бойынша ромб қабырғасының ұзындығын табыңдар.


ІІІ ұя

Есеп: Катеттері бойынша тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузаға түсірілген биіктігін табыңыз. Мұндағы:

1) а= 5, b=12

2) а=12, b=16

Қабырғалары 10 см және 12 см болатын тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін табыңдар


Бағалау критерийі

Дескриптор

Формуланы пайдаланып, есептер шығарады

  1. Пифогор теоремасын қолданып гипотенузасын табады

  2. Катетің формуласын қорытып шығарды

  3. Формуланы пайдаланып есепті шығарады

  1. Ромбының биіктігін анықтады

  2. Пифагор теоремасын қолданып ромбының қабырғасының ұзындығын табады

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасына түсірілген биіктігін анықтайды

  2. Формуланы пайдаланып биіктігін табады

  3. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына түсірілген биіктікті табады


Қалыптастырушы бағалау: сигналды карта арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды. Кері байланыс дер кезінде жүргізіп отырамын.


ІІІ. Жеке жұмыс

«Сұрақтар қорапшасы» арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін.

Оқушылар топ басшысын сайлайды. Жүргізушінің қолында қорап болуы керек. Оқушылар тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Қойылған сұрақпен берілген жауап бағаланады.


Қалыптастырушы бағалау: Жарайсың, керемет, жақсы ...деп деген сөздермен көңілдерін көтеріп, смайликтер арқылы оқушыларға қолдау көрсетіп отырамын


Сергіту сәті

«Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға береді. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? деген оқушыларда сабақ соңында қызығушылық туады.






































































Shape1

Shape2

Shape3






















Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты бекіту

Рефлексия. Кері байланыс:«Блоб» ағашы

Үйге тапсырма: №2.6; №2.22; №2.33 есептерді шығару


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Күрделілігіне қарай алға ілгеріп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланамын. Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін сұрақтарға тартамын. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай жұптағы оқушыларға деңгейіне қарап есеп дайындаймын.

«Басбармақ» әдісі, сигналды карта арқылы оқушылар өзін-өзі бағалау, жарайсың, керемет, жақсы ... деген сөздермен көңілдерін көтеріп, смайликтер арқылы оқушыларға қолдау көрсету

Сынып бөлмесіндегі техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
837
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12