Материалдар / Ашық сабақ "Түбір мен қосымша" 2 сыеып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Түбір мен қосымша" 2 сыеып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық желі қолданушыларға, мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2021
292
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрлан Жанай ● Абзал Досым

Сиқырлы

SMM
«Қазақ Университеті» баспа үйі
Алматы, 2018

УДК 000.1
ББК 00.000-1
КТК 000

Нұрлан Жанай, Абзал Досым
Сиқырлы SMM – Алматы, 2018
«Қазақ Университеті» баспа үйі.
ISBN 000-0-000-00000-0
“Сиқырлы SMM” кітабында әлеуметтік желі
туралы құнды мәліметтер жинақталған.
Практикалық тапсырмаларды орындап, SMM
мамандығын игересіз. Авторлардың тексерілген
кеңестеріне жүгіне отырып, әлеуметтік желіден
алғашқы клиенттерді табуға мүмкіндік аласыз.
www.hogwart.kz

ISBN 000-0-000-00000-0

КІРІСПЕ
Армысыз, қадірлі дос!
Егер бұл кітапты қолыңызға алған
болсаңыз, онда сізге сиқырлы әлемге қош
келдіңіз деп айтамыз. Ертегілерге, сиқырлы
әлемге сену адамды бақытты балалық
шаққа жетелейді. Біз бала кезде өмірдегі бар
жақсылыққа
сендік,
армандарымыздың
орындаларына еш күмәнданбадық. Уақыт
өте келе біз есейдік, сиқырлы әлемнен
алыстадық.
Қолыңыздағы “Сиқырлы SMM” кітабы –
сізді бақытты ететін, арманға жетелейтін,
жақсылықты дәріптейтін, пайдалы әрі
қызықты
оқулық.
Кітап
авторлары
оқулықты ертегі әлемімен байланыстыра
отырып, қиял әлеміне саяхат жасауыңызға
жол ашады. Мұнда айтылатын әрбір кеңесті
ізгілікке, адамдарға жақсылық жасауға,
қоғамға пайда алып келуге, мемлекетіміздің
өсіп-өркендеуіне
пайдаланасыз
деген
үміттеміз.
Онлайн
әлемнің
өз
ережелері
мен
жазылған, жазылмаған заңдылықтары бар.
Біз соңғы 7 жылда онлайн әлемді барынша
зерттеп, өте ұғынықты әрі қарапайым
тілмен сізге жеткізуге бел будық. Кітапта
жазылған әр әріпке авторлардың бар білімі

Сиқырлы SMM

мен ынтасы, мейірім-махаббаты берілген.
Сондықтан, кітаптан бас алмай, ерекше
сезімге бөленіп, қызыға оқитыныңызға
сенеміз.
“Сиқырлы SMM” кітабы сізге не үйретеді?
— әлеуметтік желілерді бизнес жасау
мақсатында тиімді қолдануды;

әлеуметтік
желі
псиxологиясы,
маркетингі, ақпараттық қауіпсіздігі мен
нетикеті туралы тәжірибеден өткен,
жинақталған мәліметті;
— кітаптағы қызықты тапсырмалар
арқылы біліміңізді жетілдіруді;

тапсырмалар
арқылы
Instagram,
Youtube,
Facebook
курстарын
оқып,
сертификатталған кәсіби маман болуды;
— төрт түрлі командаға бөлініп, Hogwart
SMM мектебінде тегін тәлім алу мүмкіндігін
береді.
Ендеше,
құрметті
оқырман,
жылы
орныңызға жақсылап жайғасып алыңыз.
Сиқырлы әлемнің пайдалы білім ордасына
саяхат жасауға кеттік...

4

Сиқырлы SMM

Кітап несімен ерекше?
Кітап жазуды ойлағалы бері біз оны қалай
ерекше ете аламыз, - деп бас қатырдық. Оны
сиқырлы, жұмбақ, қиял-ғажайып әлемімен
байланыстырғымыз келді. Ал, Harry Potter әлемді
дүр сілкіндірген, бүтін бір ұрпақтың болмысына
әсер еткен шығарма екені белгілі. Қиялдың тек
ізгі дүниелерден, жақсы ниеттерден туындап,
қарыштайтынын ескере келе, “Сиқырлы SMM”
кітабын Hogwarts сиқыршылар мектебіне
барынша ұқсаттық. Кітапқа байланысты бүкіл
іс-әрекетіміз ойын сияқты өтеді. Сонда сіздің
кітапқа
деген
құмарыңыз
артып,
тапсырмаларды орындау жеңілдей түседі.
Бұл кітапты оқу үшін сізге қосымша құралдар
керек болады. Керек заттар: смартфон,
интернет, Telegram мессенджері, QR код
оқитын мобайл қолданба (приложение, Play
market, App Store).
Кітаптың
оқырмандары,
кітап
ішінде
кездесетін QR кодты сканерлеп, кітаптан тыс
кеңістікке, интернет әлеміне өтіп отырады. Ал
сайтта сізді Годрик Гриффиндордың сиқырлы
телпегі күтіп тұр. Телпек кездейсоқ таңдау
әдісі бойынша сізді фильмдегідей төрт топтың
біріне бөледі. Енді сіз тобыңызбен бірге бір
жанұя боласыз. Топ өз жұмысын Telegram-дағы
чатта жалғастыратын болады. Топқа бөлінген
командалар арасында бәсеке пайда болып,
оларда жетістікке тезірек жетеміз деген
5

Сиқырлы SMM

мақсат тұрады. Жай ғана мұнда айтылған
тапсырмаларды орындауға кіріссеңіз, кітап
соңында сіз өміріңіздің қалай өзгергенін
байқамай қаласыз. Кітапты жазарда оны қалай
ерекше етеміз деп бас қатырдық деп жоғарыда
айтылғандай, кітап оқып бітіре салғанмен
аяқталмайды, бірге дамуды ары қарай Telegram
топта жалғастыратын боламыз. Себебі,
интернет
әлемінің
жылдам
дамуына
байланысты, кітапта бүгін жазылған дүние
ертең өз өзектілігін жоғалтуы мүмкін екенін
түсінеміз.
Сіз үйренген әрбір жаңа біліміңізді практикада
қолданасыз. Кітап оқу барынша қызық болу үшін,
ішіне
түрлі
тапсырмаларды
қостық.
Тапсырмаларды
шешкен
адам
авторлар
дайындаған сыйлықтарға ие болады.
Ал, сіздер, жасап жатқан жұмыстарыңыздың
нәтижесімен бөлісу арқылы жанұямыздың өзге
де
мүшелеріне
құндылық
сыйлайсыздар.
Тарихты жазатын жеңімпаздар демекші,
сіздердің де жетістіктеріңіз Қазақстандық SMM
кейстер тарихында қалады деп сенеміз.
Бәрі өз қолымызда...

6

Сиқырлы SMM

I БӨЛІМ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӨМІР МЕН МАРКЕТИНГ

Құрметті тәлімгер!
Албус Дамблдор профессордың дәрісіне
қош келдіңіз!
Бұл дәрісте сіз әлеуметтік желі, онлайн
өмірдің қызығы мен шыжығына тап болып,
әлеуметтік желідегі маркетинг негіздерін оқу
арқылы көптеген қазынаға ие боласыз. Ол
үшін әрбір берілген тақырыпты оқып, толық
түсініп, тапсырманы орындап, практиканы да
меңгеріп алғаныңыз жөн.

7

Сиқырлы SMM

Онлайн өмір – шынайы өмірдің айнасы
Әлеуметтік желідегі онлайн өмір де шынайы
тіршіліктегі ғұмыр сияқты. Өмірде әркімнің
айтатын әңгімесі болатыны секілді онлайнда да
бәрінің жазатын дүниесі бар. Мысалы, біреулер
футбол туралы, кейбіреулер саясат жайлы
айтқанды жақсы көреді. Желіде де әркім өзінің
білімі мен өресі жеткен дүниені жазады. Жазары
жоқ адамның өзі көрген-білгенін, естігенін жазып
отырады. Жазатын тың идея табылмаса, ауа
райы, қар мен жаңбыр туралы жазба
жариялайсыз. Бұл да өмірдегі таксиге отырған
сәтке ұқсас. Ұзақ жолды жақындату үшін, әуелі,
такси жүргізушісі немесе жолаушы “Бүгін күн
жылы”, “Ауа райы күрт суып кетті ғой”,- деп жеңіл
әңгімемен диалогты бастайды. Әлеуметтік желіде
кездесетін терминдерге мен, профессор Албус
Дамблдор, мынадай анықтамалар бердім:
• Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік
желілерде пост жазамыз (ағылшынша “post” –
қазақша “жазба”). Жазба деген – өмірде айтатын
әңгімеміз сияқты.
• Сол әңгімеге көптің ішінен біреу қосылды
дейік, онлайнда оны жазбаға коммент қалдырды
немесе пікір жазды дейді (ағылшынша “comment”
– қазақша “пікір”).
• Әңгімеңізді біреу тыңдайды, айтып жатқан
әңгімеңізге қосыламын деген ишара ретінде
басын изейді немесе көз алмай қарап отырады.
Мұны әлеуметтік желіде лайк деп атайды
(ағылшынша “like” – қазақша “ұнату”, “лүпіл”).
8

Сиқырлы SMM

Instagram-да лайкты жүрек түрінде жасаған. Кез
келген қолданушының фотосын не видеосын
ұнатасыз, яғни жүрек басасыз, я болмаса назар
аудармайсыз, яғни жүрек қоймай өтіп кетесіз. Ал,
Facebook-та лайк бұрын біреу болатын. Қазір
қолданушыларға қызық болсын, бар эмоциясын
шығарсын деп алты түрлі реакция жасаған.
Лүпіл, жақсы көру, сүю, күлу, таңдану, ренжу,
ашулану.
Досыңыздың әңгімесі, айтып жүрген дүниесі
сізге қатты ұнаса, қызық әрі пайдалы болса, сіз
басқа достарыңызды, таныстарыңызды сол
әңгімеге тарту мақсатында шақырасыз. Мұндай
процесті әлеуметтік желіде share (Facebook-та),
repost (Instagram-да) деп атайды (ағылшынша
“share”, “repost” – қазақша “бөлісу”).
Көріп тұрғаныңыздай, онлайн өмірдің біз өмір
сүретін әлемнен қатты ерекшелігі жоқ екен.
Өмірде қандай белсенді, елгезек, жақсы болсақ,
әлеуметтік желілерде де дәл сондай шынайы
болған дұрыс. Онлайн өмір екіжүзділікті
кешірмейді.

Онлайн «азаматтық» алу
Адамдар бір елге көшіп барғанда, сол
мемлекеттің тіркеуінен өтіп, азаматтығын алады.
Біз де қиялға ерік беріп, әлеуметтік желілерді
немесе онлайнда баратын барлық жерімізді бір
мемлекет деп алайық. Ол мемлекеттің паспорты
9

Сиқырлы SMM

– электрондық пошта немесе ағылшынша
mail”.

“e-

e-mail – біздің барымыз. Онсыз онлайн өмірде
біз ешкім емеспіз. Онлайндағы паспортты, яғни
электрондық поштаны ашу үшін өзіміздің атыжөнімізді, телефон нөмірімізді, паролімізді
тіркеуден өткіземіз.
Неге біз пошта ашу үшін Gmail сервисіне
жүгіндік? Өйткені, Gmail пошта қызметі – Google
компаниясының өнімі. Google компаниясы Forbes
рейтингісі бойынша, 2018 жылы әлемде Apple
компаниясынан кейінгі 2-орында тұрады. E-mail
сервистері арасында Gmail әлемде 1-орында.
Оған 2017 жылғы статистика бойынша 1,2 млрд
қолданушы тіркелген. Жер шарындағы әр үшінші
интернет пайдаланушының біреуі
GMAIL
қызметінде пошта ашқан.
Gmail-да пошта ашқанда, өмірде аты-жөніңізді
қалай бренд еткіңіз келеді, солай пошта таңдаған
дұрыс. Бұрын mail.ru-да krasotka1985@mail.ru,
sterva_almatinka@mail.ru, erdos.cool_91@mail.ru
сияқты күлкілі пошталар болатын еді. Қазір бұлай
қоюға болмайды. Бір сөзбен айтқанда орынсыз.
Поштаны ашқан соң, оны жұмыста, бизнесте,
ресми жерлерде пайдалануға тура келеді. Сіз
өсіп-өніп, бір жерде жақсы лауазымға тұрасыз да,
визиткаға әлгі поштаңызды жазып қоясыз. Сол
кезде өзіңізді пупсик, кошка, красотка, дерзкий
деп тұрған ерсі естіледі. Сондай-ақ, поштада атыжөніңізден басқа да жылыңыз, тұратын жеріңіз,
10

Сиқырлы SMM

сыртқы сұлулығыңыз, жұлдызнамаңыз, лақап
атыңыз жайлы артық ақпарат бермеуі тиіс.
Мысалы, Сәкен Отарбай (автордың ойынан
құрастырылған адамның аты) деген адам
saken.otarbai@gmail.com немесе қысқашалап
s.otarbai@gmail.com деп пошта ашса, көрген
адамға күлкілі де емес, оған қоса артық ақпарат
беріп тұрған жоқ. Ендеше, пошта ашарда осыны
қаперімізден шығармайық, достар! Түсінікті ме?
Онда саяхатымызды одан әрі жалғастырайық...

Пароль қою техникасы
Пароль – үйге кіретін кілтіңіз сияқты түрлі
белгілерден тұратын, сізден басқа ешкім білуге
болмайтын құпия ақпарат. Мысалға, онлайн
өмірдегі әлеуметтік желілерді үйіміз деп алатын
болсақ, әр үйге, яғни әр әлеуметтік желіге кіретін
жеке пароліңіз болады. Қолыңыздағы телефонды
ашатын, жұмысыңыздағы компьютерге кіретін,
жеке электрон поштаңызды қолдану үшін пароль
қоясыз.
Ақпараттық
қауіпсіздіктің ең басты
қағидасының бірі – жеке
ақпараттың
сыртқа
шықпауы, әркімнің жеке
басына қатысты мәліметтің қорғалуы. Ақпараттық
қауіпсіздік ең алдымен осы қарапайым пароль
қоюдан басталады. Пароліңізді сізден басқа
ешкім білмеуі керек, тіпті жақын адамдарыңыз да.
11

Сиқырлы SMM

Біреудің паролін сұрау, оны біліп алып қолдану,
білуге тырысу мәдениетсіздік пен құқық
бұзушылыққа жатады.
Пароль қоюда жиі кездесетін қателіктер:
1) Көпшілік отандастарымыз пароль қоюда
өзінің атын, фамилиясын, туған жылын,
телефон нөмірін жазады. Олай пароль қою
интернеттегі бұзақылардың ісін жеңілдетеді.
2) Кейбір адамдар пароль қоюда басын
қатырмай, 12345, 12345678, password, iloveyou,
qwerty,
qwerty123,
abc123
сияқты
клавиатурадағы көзіне көрінген цифрлар мен
әріптерді баса береді. Пароль қоюдағы бұндай
қателіктер әлемдік деңгейде белең алған.
3) Паролін
ұмытып
қалмау
үшін
компьютердің жанына паролін стикерге жазып,
жабыстырып қоятын адамдарды да көрдік. Ол
компьютерге кез келген адам отырып қалуы
мүмкін, үйге не офиске ұрылар түсуі мүмкін,
сондай келеңсіз жағдайларда ақпаратыңыз
қолды болып, жеке мәліметіңіз жаман мақсатта
пайдаланғанын қаламасаңыз, ешқашан парольді
стикерге, блокнотқа, телефонға және басқа да
жерлерге жазып қоймаңыз. Ең дұрысы жақсылап
жаттап алыңыз.
Егер жоғарыдағыдай қателіктер сізде кездессе
немесе соған ұқсас пароль қойған болсаңыз,
дереу төмендегі талаптар бойынша өзгертіп
тастаңыз:

12

Сиқырлы SMM

1) Пароль тек қана цифрдан, әріптен,
символдардан тұрмауы керек. Мысалы,
Astana, 1234567890, @#$%^&*
cияқты
парольдерді бұзу оңай. Егер неше түрлі
цифрлар, үлкен және кіші әріптер, сан алуан
символдардан
тұрса,
ақпараттық
қауіпсіздігіңізге сенімді боласыз. Мысалға,
мына парольді d#TkC%b74&Gxc*v35LKJ бұзу
оңай емес.
2) Парольдің ұзақтығы кемі 8 символдан
болсын. Символдар қаншалықты ұзын әрі
жоғарыдағыдай
алуан
түрлі
болса,
қауіпсіздігіңізге алаңдамайсыз. Сондай-ақ,
барлық жерге бірдей пароль қоймаңыз,
біреуін біліп қойса, бәріне кіру мүмкіндігіне ие
болады.
3) Пароль қойғанда, ол белгілі бір
мағынаны білдірмегені дұрыс. Мысалға,
MenSeniSuiemin,
AbzalMyLove
сияқты
романтикалық парольдерді оңай бұзып
кетеді. Дұрысы, ешқандай мағына бермейтін
DFGDbcchyufu54645342^%%^$#@
сияқты
пароль болсын.

Бізден
кеңес
password.kaspersky.com
сілтемесі
арқылы
Касперский
лабораториясының
сайтына
кіріп,
пароліңіздің

13

Сиқырлы SMM

қиындығын, оны бұзуға қанша уақыт кететінін
тексеріп көріңіз. Себебі, сақтықта қорлық жоқ.

Әлеуметтік желіге саяхат
Әлеуметтік желіге саяхат жасамас бұрын сіз
өзіңіздің ондағы рөліңізді нақтылап алыңыз. Үш
түрлі рөл болады:
1) Үндемес – жұртты бақылап қана
отыратын, пост, коммент жазбайтын, лайк қана
қойып, бөлісумен шектелетін қолданушы.
2) Комментатор – өзі пост жазбайтын, бірақ
кез келген тақырыптағы жазбаға комментті аямай
жазатын белсенді қолданушы.
3) Белсенді – жазбаны бұрқырататын,
ақшаны да жақсы табатын, осы кітапты соңына
дейін оқып, толық түсінген мықты, бақытты, кәсіби
әлеуметтік желі қолданушысы.
14

Сиқырлы SMM

Белсенді боламын десеңіз, ары қарай өзіңіздің
өмірлік ұстанымыңыз бен болмысыңызға сай
образ, кейіпкер таңдап алыңыз:
1) Сиқыршы – ерекше креатив дүниелер
жасап, адамзатқа жақсылық алып келуші кітап
авторларына ұқсаған қолданушы.
2) Саудагер – тек өзінің тауары мен қызметі,
бизнесі туралы жазатын қолданушы.
3) Бай – өзі тапқан, біреудің көмегімен жеткен
байлығын, мал-дүниесін, киімдерін көрсететін
қолданушы.
4) Қаhарман – түрлі мәселелерді қозғап, өзін
ойламаса
да,
үнемі
халықты
ойлайтын
қолданушы.
5) Жылауық – әрдайым бірдеңеге көңілі
толмай, өзін бейшара санайтын, солай көрсететін
қолданушы.
6) Данышпан – өмірдегі түрлі жағдайларға
қатысты ақыл-кеңес беруден шаршамайтын
қолданушы.
7) Әзілкеш – әзіл мен юморға шебер, сарказм
мен сатираның жілігін шағып, майын ішкен
қолданушы.
8) Философ – әдемі сөздер жазғанды
ұнататын, өзгеше ойлап, басқаша жазатын
қолданушы.
9) Ханшайым – өзінің фотосын, түрлі
селфилерін сала беретін, өзін жақсы көретін
қолданушы қыз.
10) Батыр – салауатты өмір салтын
ұстанатын, спортқа жаны құмар, сол туралы жиі
жазатын қолданушы.
15

Сиқырлы SMM

Құрметті оқырман! Сіз өзіңіздің рөліңіз бен
соған сәйкес кейіпкеріңізді анықтадыңыз ба?
Әлде достарыңыздың образына қарап, бір күліп
алдыңыз ба? 

Онлайн әдебі немесе нетикет
Профессор Албус Дамблдор онлайн әдебін
сақтаған жанды әлеуметтік желідегі ең жақсы
қолданушы деп атайды. Этикет деген сияқты
онлайндағы, яғни желідегі әдепті нетикет дейді.
Бұл жерде “net” сөзі ағылшыннан аударғанда
“желі” дегенді білдіреді.
Желідегі нетикет қандай екенін білесіз бе?
Ендеше оған зер салайық! Нетикет туралы
kerekinfo.kz блогплатформасының негізін
қалаушы
Аршат
Ораздың
жасаған
материалымен бөлісуді жөн көрдік.
Бұл қолданушылардың өздері үшін қажет және
осы ережелерді ойлап тапқан да интернет
қолданушылары.
Нетикетті
ұстанғысы
келмейтіндер, қарсы шығатындар, әлбетте, бар.
Интернетте маскамен, никнейммен жүретіндер,
аноним тролльдар, ойдан шығарылған фейк
кейіпкерлер
бар.
Нетикетті
қолдаушылар,
ұстанушылар көбейген сайын біздің онлайн
ортадағы іс-әрекеттеріміз, тақырыптарымыз,
диалогтарымыз,
қарым-қатынастарымыз
да
түзеле түспек. Сондықтан, виртуал өмірді де бір
өмір ретінде қабылдайтын болсақ, — нетикет
бізге керек.
16

Сиқырлы SMM

Нетикеттің 10 ережесі
1994 жылы интернетте «Netiquette» атты кітап
пайда болды. Бұл кітапта нетикеттің негізгі 10
ережесі жинақталған. Бұл ережелер арқылы
виртуалдағы өміріміз оңай әрі қарапайым бола
түспек.
№1 ереже: Адаммен сөйлесіп отырғаныңызды
ұмытпаңыз.
Интернетте
жиі
бұзылатын
ережелердің
бірі.
Қолданушылардың
көбі
компьютердің ар жағында адам отырғанын
ұмытып кетеді. Ұмытпаңыз, монитордың ар
жағында компьютер емес, адам отыр. Ренжітіп
алу оңай.
№2 ереже: Виртуал өмірде де шынайы өмірдегі
стандарттарыңызды
ұстаныңыз.
Интернет аноним орта сияқты болып көрініп,
адамға
сондай
беймәлім
сезім
береді.
Дөрекілігіңізге ешкім ештеңе демейтіндей болып
көрінеді. Алайда қарсыңыздағы адаммен әдеп
бойынша сөйлесу керек, заңға қарсы әрекет те
жасауға болмайды.
№3 ереже: Киберәлемде екеніңізді ұмытпаңыз.
Әр сайттың, форумның, қауымдастықтың өз
ережелері бар. Оларды аттап кетуге болмайды.
Бұрыннан қалыптасып қалған виртуал топтардың
өзіндік ережелері, қағидалары болады. Оларға

17

Сиқырлы SMM

қосылмастан бұрын алдымен сырттай бақылай
тұрған дұрыс.
№4
ереже:
Басқалардың
уақыты
мен
мүмкіндіктерін сыйлаңыз. Желіде бір нәрсені
бөліспестен бұрын ойланып көріңіз, бұл шынымен
бәріне
қызық
па,
керек
пе?
Мүмкін,
жаңалығыңызды бәрі көріп болған шығар? Бәлкім,
тек белгілі бір аудиторияға ғана арнап бөлісу
керек шығар? Егер біреулер сізге “бұл қызық
емес” десе, демек оның еш қызығы жоқ. Ешкімді
жалықтырмаңыз және бөліскен нәрсеңізге
басқалардан
жылдам
реакция
күтпеңіз.
№5
ереже:
Репутацияңызды
сақтаңыз.
Интернеттегі
репутацияның
маңызы
реал
өмірдегіден еш кем емес. Виртуалдағы барлық
адамдар сізді тани бермес, бірақ сізбен
интернетте де бірге жүрген таныс адамдарыңыз
бар ғой. Сондықтан, маска тақпай барынша
шынайы болған дұрыс.
№6
ереже:
Басқаларға
көмектесіңіз.
Интернетте ақпарат көп. Бірақ, барлық сұрақтарға
жауап
табыла
бермейді.
Кейбір
тар
тақырыптарда
көмек
сұраған
адамдарды
айналып
өтпеңіз.
Мәселелерін
шешуге
көмектесіңіз. Виртуал өмірде де жақсылық жасап
отыруды ұмытпаңыз.
№7
ереже:
Кикілжіңге
кірмеңіз.
Интернет пікірталас алаңы болғандықтан,
барлығы сізбен бір пікірде болуы мүмкін емес.
18

Сиқырлы SMM

Әлбетте
түрлі
түсініспеушіліктер,
қызу
пікірталастар
болады.
Басқаның
пікірін
құрметтеңіз, кикілжіңге, дау-дамайға кірмеңіз.
Тәжірибелі қолданушының жүйкесіне тие алам
деп ойламаңыз. Керісінше, өз жүйкеңізді
құртасыз, сыйыңызды кетіресіз. Үндемей-ақ
қоюды үйреніңіз.
№8 ереже: Жеке бас құпиясын сақтаңыз.
Басқалармен
жеке
хабарламаларыңызды
көпшілікке көрсетпеңіз. Рұқсатсыз ешкімнің жеке
фотоларын, мекенжайын, телефон нөмірлерін
жарияламаңыз. Ешқашан!
№9
ереже:
Мүмкіндіктеріңізді
асыра
пайдаланбаңыз. Виртуал әлемде түрлі деңгейде
көптеген тақырыптар қозғалады. Өзіңіздің
біліміңіз артық, деңгейіңіз жоғары жерлерде
басқаларды кемсітпеңіз, дөрекілік танытпаңыз.
Сайттарда админ немесе модератор ретінде күш
қолданбаңыз.
Қолданушыларды
сыйлаңыз.
№10 ереже: Қателерді кешіруді үйреніңіз.
Виртуал әлемде де жаңылмайтын жақ жоқ, әрине.
Басқалардың кемшіліктерін түсініңіз, қателерін
кешіріңіз. Өзіңіздің де қателеріңізді еске алыңыз.
Сондай-ақ, қосымша кеңес ретінде әлеуметтік
медиа бойынша төмендегі кеңестерді ұсынамын:
1. Лайк, репост сұрай бермеңіз
2. Рұқсатсыз фото, видео шығармаңыз
19

Сиқырлы SMM

3. Жұрттың бәрі бөліскен нәрсені бөліспеңіз
4. Ақпаратты тексермей шығармаңыз
5. Мас, ашулы, көңілсіз кезде ештеңе жазбаңыз
6. Хэштегтерді орынсыз қолданбаңыз
7. Құттықтауларды ұмытпаңыз
8. Грамматика мен орфографияны сақтаңыз
9. Адамдарды орынсыз тегтемеңіз
10. Топтарға өз келісімінсіз қоса бермеңіз.
Аршат Ораздың бұл кеңесін, тіпті, профессор
Албус Дамблдор да өзіне түртіп алыпты. Құрметті
тәлімгер, онда сіз де профессордан қалып
қоймай, өзіңізге жазып алыңыз! Осы ереже мен
кеңесті әрқашан көкейге түйіп, әдеп сақтап,
тәрбиелік көрсетуді ұмытпайық.

Маркетинг жайлы хикая...
Құрметті тәлімгер, сізге мынадай маркетинг
туралы хикаяны баяндап берейін. Өз өнімін
жарнамалауды ертедегі кәсіпкерлер неше түрлі
құйтұрқы әрекеттермен жасаған. Ол кезде
ешқандай маркетинг туралы кітап, үйрететін
мамандар да болмаған. Саудагерлер жай ғана өз
тауарларының сатылымын арттырғысы келді.
Сол мақсаттарына жету үшін түрлі әрекеттер
жасады. Кез келген маркетинг кампанияның
мақсаты, сатылымды қалай арттырсақ деген
сауалға жауап іздеуден басталса, онда мақсат
сөзсіз орындалады. Маркетологтар арасында
екі түрлі пікір бар: бірі маркетинг сатумен
айналыспайды десе, екінші жақ сатумен
20

Сиқырлы SMM

айналысады деп есептейді. Бұл кітапта біз
екінші жақтың сөзін сөйлейтін боламыз.
Маркетинг саласы ең алғаш рет 1902 жылы
АҚШ-та оқытыла бастады. Ал, жарнама тарихы
біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жылдықта
адамдар папиросты қағаз ретінде қолдана
бастағанда пайда болған. Кейін Еуропада
типографиялық құралдардың пайда болуымен
жарнама саласында «жарылыс» болды. Одан
кейін радио, телевизия, билборд сияқты түрлері
шықты. Жалпы телевизия саласының дамуы 100
жылдан астам уақытқа созылса, интернет
жарнамасы бұл дәрежеге 30 жылда жетіп алды.

Әлеуметтік
желілердің
дамуы
мен
маркетологтардың жарнама туралы түсінігі
түбегейлі өзгерді. Енді жарнамаға жұмсалмаған
қаржының қайтымдылығын, оның тиімділігін
анықтау
әлдеқайда
жеңілдей
түсті.
Алпауыт
корпорациялар
жаңа
жарнама
алаңдарына ауыса бастады. Эфирлік уақыты
21

Сиқырлы SMM

қымбат телевизияны, көп адамның назарына
іліне
бермейтін
билбордтарды,
интернет
жарнамасы оңай ысыра бастады. Енді жарнама
берушілер
тұтынушылардың
қолындағы
экраннан көрінуге күш салды.
Әлеуметтік желідегі жарнама маркетингтің
ішінен тағы бір бөлек саланың қалыптасуына сеп
болды. Ол – Social Media Marketing, яғни
қысқартып айтқанда SMM. Өздеріңіз түсінгендей
кітабымыз осы SMM жөнінде болмақ. Ал, енді
неліктен теледидарға шығатын жарнаманың
тиімсіз болып бара жатқанын қарастырып
көрейікші. Біріншіден, қазір теледидарды төлем
мүмкіндігі жоғары аудитория қарамайды. Сатып
алу әлеуеті жоғары деп қала тұрғындары, оның
ішінде 30 жастан жоғары контингент кіреді. Ал,
теледидардың
аудиториясы
жылдам
интернетпен қамтылмаған, ауыл тұрғындары
болып қалды. Екіншіден, адамдардың миында
бейсаналы түрде артық ақпараттан қорғайтын
қабілет пайда бола бастады. Олар жарнаманы
көреді, бірақ ми ол ақпаратты ары қарай
қабылдап,
қорытынды
шығармайды.
Теледидарда жарнама бастала салысымен
адамдар әлеуметтік желіге кіреді немесе басқа
да тірліктеріне кірісе бастайды. Үшіншіден,
эфирлік уақыт қымбат, дәл сол эфирге
жұмсaлған қаржыға интернеттегі жарнама
әлдеқайда жоғары эффект береді.
Арнайы сараптауға арналған құралдар
маркетологтардың жұмысын жетілдіріп, терең
анализ жасауға мүмкіндік берді. Маркетологтар
22

Сиқырлы SMM

өз жарнамасын кімге, қандай адамға көрсетіп
жатқанын, аудиторияға жарнаманың қалай әсер
етіп жатқанын біліп отыруға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар интернеттегі жарнама өте
икемді, оны кез келген уақытта өзгертіп, немесе
тоқтатып қалаған уақытта қайтып қосуға болады.
2018 жылдың қаңтар айында We Are Social
медиаагенттігінің
есебі
бойынша,
Жер
шарындағы халықтың 4 млрд-тан астамы –
интернет қолданшылары екенін анықтады.
Бұл көрсеткіш 2018 жылдың аяғына дейін 4,021
млрд-қа жетіп, жер тұрғындарының 53%-ын
құрайтын болады. Соның ішінде әлеуметтік
желі пайдаланушыларының саны 3 млрд-тан
астам, Жер планетасы тұрғындарының 42%
бөлігін
құрайды.
Олардың
10-нан
9-ы
интернетке мобайл құрылғы (смартфон,
планшет) арқылы кіреді.
Жер бетін жаулап алған интернеттің
жылдамдық күші ешкімді қуып жеткізер емес.
Интернеттің жылдам дамығаны соншалық, 1995
жылы тұрғындардың тек 1% бөлігі қолжетімді
болған болса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 43%, ал
2020 жылы 60% бөлігі қолжетімді болмақ.
ITU компаниясы эксперттеріне сүйенсек,
2016
жылы
Америка
континентінің
65% азаматының интернетке кіруге мүмкіндігі
болған. Бұл көрсеткіш Африкада 25%-ды,
Еуропада
79%-ды,
Азия
және
мұхит
аралдарында 42%-ды құраса, Араб әлемінде
41% болды.

23

Сиқырлы SMM

Әлеуметтік желілер бойынша Instagram
желісінде минутына 2,5 млн лайк басылса,
Twitter-де 9,7 туит жазылып үлгереді екен. Ал
YouTube хостингінде 400 сағат видео жүктеледі.
Snapchat қолданушылары бір минут ішінде 6 млн
видео қарайды. Dropbox-ке 830 мың құжат
жүктелсе, Siri 100 мың сауалға жауап беріп
үлгереді.

Контенттің не құдыреті бар?
Ертеден келе жатқан бір сиқырлы дүние бар.
Оның сиқырлығы сонша, адамның өмір сүру
ортасына жылдам еніп кетті. Ол – контент.
Контент – біздің өмір. Адам өміріндегі байланыс
құралының бірі – тіл, ал контент тіл, жазу,
видеоға, фотоға түсу бәрін де қамтиды. Демек,
адам өмірін контентсіз елестету мүмкін емес.
Қайда
барсаңыз
да,
жазуға,
сөйлеуге,
адамдармен диалог құруға тура келеді. Күнделікті
өмірде телефонмен сөйлесеміз, әр түрлі
чаттарда, әйтеуір, бітпейтін бір мәселелерді
талқылаймыз, әлеуметтік желілерде ойымызды
қалдырамыз. Қаласақ та, қаламасақ та, біз
контент өндірушіміз.
Контент форматына қарай мәтін, фото,
видео, аудио, инфографика т.б. деп бөлінеді.
Мысалы,
әлеуметтік
желілердің
ішіндегі
Facebook-қа мәтін, фото, видео, инфографиканы
сала аласыз, ал Instagram-да құр мәтінді салу
мүмкін емес, міндетті түрде фото не видео
24

Сиқырлы SMM

салынады. Аудио форматтағы контент қана
бөлісетін SoundCloud деген, видео контент қана
салынатын Youtube сияқты ресурс бар. Әркім
өзінің талғамына қарай контент ұсынатын
ресурсын
таңдайды,
фотоға
түскенді
ұнататындар – Instagram, видеоны жаны
сүйетіндер – Youtube, мәтін жазғанды құп
көретіндер – Facebook-ты таңдап жатады.
Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты
өлмейді деген мақал бар. Қазіргі таңда
хатыңызды да, атыңызды да таныту үшін
интернетті, оның ішінде әлеуметтік желіні
пайдаланған тиімді. Өйткені, бұл жерде хат
дегеніміз сіздің жасаған ғылыми, кәсіби еңбегіңіз,
жазған туындыларыңыз бен кітаптарыңыз деп
алсақ, ат дегеніміз – кез келген адамның халық
алдындағы абыройы, елдің аузында жүрген
жақсы істері, жасаған пайдалы дүниелері.
Интернет дамыған заманда сіздің хатыңыз да,
атыңыз да онлайннан табылмаса, бәрі зая кетті
деген сөз. Қазір кез келген адам бір нәрсеге
қызықса, біреу туралы ақпарат іздесе, әлеуметтік
желілерге сонымен қатар басқа да сайттардағы
контентке жүгінеді. Кез келген кәсіп иесі
интернеттің пайдалы жақтарын алып, соны тиімді
қолданғаны өзіне абзал.
Бизнесмен үшін контент – маркетинг, пиар
әрі сату құралы. Кәсіпкер өзінің өнімі мен қызметі
туралы
көзделген
аудиторияға
(целевая
аудитория) жан-жақты ақпарат беріп, түрлі
форматта брендті таныстыра берсе, халықтың да
сеніміне кіріп, саудасын жүргізіп, бизнесін
25

Сиқырлы SMM

дамытады. Неше түрлі ерекше пост жазу,
видеолар түсіру, әдемі фотолар арқылы
жасалатын жұмыс контент деп аталады.
Контентті
көңіл-күйіңізге,
жұмысыңызға,
жағдайыңызға қарай түрлі мақсатта қолдануға
болады. Ең бастысы сауатты жазсаңыз жеткілікті.
Контент – біздің атымызды ғана шығаратын
жер емес, қауіпсіз мұрағат hәм ұмытылмас
естелік. Бұрындары бала кезімізде ата-анамыз
үйге қонақ келсе, альбом қарап, жастық шағын
еске алып, мәз-мейрам болып отырушы еді. Ол
кезде контентті қағаз форматында сақтады. 21ғасырда үйге келген қонақтарға Instagram мен
Facebook-тағы
фотоларды,
жазбаларды,
Youtube-тағы видеоларды көрсетуге болады. Бір
жылда 365 күн (төрт жылда бір рет 366 күн) болса,
бірнеше жылдан соң, сол күндердің 5-6 күні ғана
есімізде қалады. Қалғандарын сақтауға күнделікті
жүздеген ақпаратты қабылдайтын шектеулі
жадымыз қауқарсыз. Оған қоса әр күнді есте
қалатындай қылып өткізу де екінің бірінің қолынан
келмейді. Ал, әлеуметтік желі онлайн күнделік
қызметін атқарады. Ол өмірде болған қаншама
жақсы сәттерді, пайдалы кездесулер мен ізгі
жандарды парақшамыздың бір бұрышына сақтап
қойып, уақыт өткен сайын оларды қарап, өткен
күнге оралуға зор мүмкіндік береді.
Елестетіп көріңізші... Ондаған жылдардан кейін
әлеуметтік желіге салған контентімізге қарап,
балаларымызға: «Е, қарақтарым, біз кезінде
осындай құнды дүниелер жасап, жазып едік»,26

Сиқырлы SMM

деп өткенді еске алып отырамыз, қызық, иә?
Бүгінгі жазылған контент — ертеңгі тарих.
Құрметті тәлімгер, бұл кітапты оқи сала,
«өз
тарихыңызды»
түрлі
контентпен
толтыруға бірден кірісіп кетіңіз. Өйткені,
контентпен көптеген ізгі дүниелерді жасауға
болады. Ізгілік жасауды үйрету – Hogwart SMM
мектебінің міндеті.

SMM маманына арналған ережелер
топтамасы
SMM маманы болуды армандайтын адамдарға
профессор Албус Дамблдор мынадай ережелер
топтамасын ұсынады. Бұл өте қысқа, әрі нақты
нұсқаулық. Мұны көшіріп алып, жұмыс үстеліңізге
шығарып қойсаңыздар, артық болмайды. Оның
әрқайсысымен жеке-жеке танысып, тереңірек
үңілетін боламыз. Қазір мына нұсқаулықпен
таныс болайық. Кеттік:

1.

Жасанды болмаңыз. Жаңа парақшаға
адамдарды тартып, қызықтыру оңай емес. Ол
үшін шынымен де өте креатив адам болуыңыз
шарт. Қызықты контент жариялап, ең бастысы
жалған дүниелерден аулақ болыңыз. Өтірік
дүниелерді сата алмайсыз, білініп тұрады.

2. Парақшаның мақсатын айқындап алыңыз.
Əйтпесе, не істеп жүргеніңізді өзіңіз түсінбей
қаласыз. Парақшаға адамдарды не мақсатпен
тартып жатқаныңызды түсінесіз ғой, иə? «Бəрінде

27

Сиқырлы SMM

бар ғой, бізде де болу керек» деген аргумент – өте
нашар бастама.

3. Контент стратегияға атүсті қарамаңыз.
Стратегия
міндетті
түрде
маркетинг
кампаниясының көздеген мақсаттарын орындауы
тиіс. Егер парақша тұтынушылардың сеніміне
кіріп, сол сенімді көтеру мақсатында ашылса,
онда олармен көбірек тілдесіңіз.
4.

Ақпаратты қалай беру керек? Жалпы оны
көрген адам лайк басып, бөлісіп, коммент
жазғысы келіп тұру керек қой? Ақпаратты ерекше
етіп берудің әдісін іздеңіз.

5.

Парақшаға жазылған əрбір коммент
маңызды екенін көрсетіңіз. Сұрағына толыққанды
жауап беріңіз. Тіпті пікір қалдырғандардың
рейтингісін көрстетіп, сыйлық жасау да артық
болмайды. Ұзақ мерзімді перспектива да сізге
пайдасын əкелері сөзсіз.

6. Тұтынушыларыңызға өзара тілдесуге
мүмкіндік беріңіз. Талқылау бөлімінде белсенді
болған
дұрыс.
Комменттеп,
дискуссияны
тұтандырып отырыңыз.
7. Негатив пайда болған жағдайда, төзімділік
танытып, биязы түрде жауап беріңіз. Тексерілген,
расталған ақпаратпен дәлелдеп жауап беріп,
тұтынушы пікірін өзгертуге тырысыңыз. Егер
тұтынушы жақ дұрыс болып шықса, онда оны
мойындаңыз.
Оның
пікір
білдіргеніне,
қызығушылық танытқанына алғыс айтып, кешірім
сұрағаныңыз абзал.
28

Сиқырлы SMM

8. Жанды
жеріне
тиетін
контентті
пайдаланыңыз, əрине, юзердің (қолданушының)
эмоциясын оятып, сезімімен ойнаған дұрыс емес,
бірақ əлеуметтік желіде бұл әдіс жақсы жұмыс
істейді.
9. Парақша
ішін
ыңғайлы
етіңіз.
Қолданушының парақшада ұзағырақ қалуын
ойлау керек. Постты сəндеуге келгенде уақытты
аямаңыз. Бір стильді соңына дейін ұстануға
тырысыңыз.
10. Өнімге анонсты дұрыс жасаңыз. Тауар
туралы ақпарат орналастырғанда, тұтынушыға
тауар туралы мәліметтің қыр-сырымен толық
танысуға мүмкіндік беріңіз. Тауарға бағыттайтын
сілтемені қосып жариялаңыз. Осылайша сіз
тұтынушыға ұнатқан тауарын оңай тауып, ары
қарай сатылымның көбеюіне жол ашасыз.
11. Біреуден көшіріп шығарылған мәтіннен гөрі
өзіңіз жазған текст көбірек лайк жинайды.
Қарапайым
сыйластықты
айтпағанда,
сіз
парақшаңыздағы
қолданушыларды
құрметтейтініңізді
білдіреді.
Ол
дегеніңіз
ақпаратты жеткізу үшін сіз уақыт бөліп,
ізденгеніңізді білдіреді.
12. Стратегия
жасағанда,
парақшаға
салынатын контент алдын ала типіне байланысты
жіктеліп сараптаудан өту қажет. Тауарды сатуға
бағытталған жазбаның түрі қандай болуы керек?
Парақша қонақтарының жүйкесін жұқартып,

29

Сиқырлы SMM

жалықтырмас үшін жарнамалық жазбалардың
жиілігі қандай болуы керек?

13. Парақша жазылушыларын жиі-жиі əр түрлі
креативті шешімдермен, сəнді посттармен
қуантыңыз. Фоллоуерлердің реакциясы сізге
сөзсіз ұнайтын болады. Эксперимент жасап,
сараптап көріңіз. Тігісі жатқызылып жасалған
стратегия мен сапалы контент табыстың кепілі
емес. Дұрыс жолда келе жатқаныңызды тексеру
үшін тиімділігін қандай критерийлер бойынша
бағалайтыныңызды анықтап алыңыз. Көп лайк,
коммент, репост, əрине, жақсы. Бірақ аталған
əрекеттер сатылымды көбейтпесе, стратегияны
қайта қарау керек.
Профессор Албус Дамблдор: «Жоғарыдағы
ережелерді оқып, сол бойынша жүрген адамнан
білікті SMM маманы шығады»,- дейді. Сенбеген
жандар болса, эксперимент жасап тексеріп
көруіне болады.
Аудиторияны қамтуға арналған
SMM стратегияны қалай дайындау керек?
Албус Дамблдор SMM маманына арналған
ережелер топтамасымен таныстырып өтті. Осы
саланың маманы боламын деп армандаған адам
аудиторияны қамтуға арналған SMM стратегияны
қалай дайындаймын деген сұраққа бас қатырады.
Профессор Дамблдор да оған жауабын дайындап
қойыпты. Ендеше профессордың жауабын
қарастырайық.

30

Сиқырлы SMM

1)
Стратегияны
дайындаған
кезде
төмендегідей сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
SMM-ді пайдаланғандағы мақсатыңыз қандай?
Осы сұраққа жауап іздеп, оларды тізіп шығыңыз.
SMM стратегиядағы көзделген мақсаттарды
орындау
үшін
жасалатын
іс-әрекеттерді
анықтаңыз. Мақсаттар орындалу үшін олардың
нақты болу керектігі белгілі емес пе? Олардың
мөлшері, көлемі, есебі болуы тиіс. Мысалы: SMM
кампания, әлеуметтік желіден сайтқа ауысып
келетін адамдардың санын 100-ге дейін жеткізу.
Біздің көздеген аудиториямыз кімдер? Біз
өзіміздің сайттан немесе касса алдынан кімдерді
көргіміз келетінін түсінуіміз керек. Маркетингтік
персоналарды
ойдан
түзіп,
оларды
аудиториямыздың сегменттеріне сәйкес жіктеу
қажет.
Біздің тұтынушыларды қандай сұрақтар
мазалайды?
Тұтынушының
рөліне
кіріп,
өнімдеріңізді аралап, ойша саяхаттап көріңіз.
Бұл сауалдардың жауабы сізге ақпараттық
кампанияларды
бастауға
сеп
болады.
Сіздің сатып алушы аудиторияңызда қай
әлеуметтік желі көбірек сұранысқа ие? Өз
жарнамаңызды жүргізетін әлеуметтік желіні
алдын
ала
анықтап
алғаныңыз
жөн.
Аудиторияңыз қанша уақытын әлеуметтік желіде
өткізетінін және олардың қай кезде көбірек кіріп
отыратынын анықтау қажет. Бұл сауалдардың
жауабы
болашақта
парақшаңызда
жарияланатын контеніңіздің уақытын анықтауда
маңызды болмақ.
31

Сиқырлы SMM<
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!