жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Түбірлес сөздер 3 сынып
Күні:23.01.18.
Пән: Қазақ тілі Сынып: 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер
Мақсаттары: Түбірлес сөздер туралы түсінік беру, түбірлес сөздерді анықтауға үйрету, есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, көркем, таза жазуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Бір түбірден бірнеше сөздер жасалатынын біледі. Сөздік қоры молаяды. Түбірлес сөздерді ажыратады. Көркем жазуы қалыптасады, шығармашылық қабілеті дамиды, топта бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға дағдыланады.
Деректер: интерактивті тақта, кітап, қима қағаздар, стикерлер, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: Топтарға бөлу, Сұрақ-жауап әдісі, БББ-кестесі, Венн диаграммасы
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
|
Білім
Қызығушылық тарын ояту |
2мин |
Топтарға бөлу. Үй тапсырмасын тексеру. Суреттер арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақ- жауап |
Топтарға бөлу. Үй тапсырмасын тексеру.Тақтаға ілінген суреттер бойынша әр топқа тапсырма беріледі, олар сурет арқылы не білетіндерін не үйренгендерін ортаға салып бөліседі. |
Оқушылар топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын оқиды. Ережені еске түсіреді. Әр топ суреттермен жұмыс істейді, өткен тақырыптан не білгендерін айтады. |
АКТ |
|
Түсіну |
7мин |
БББ-кестесі бойынша тақырыптарды қайталау |
Кітаппен жұмыс 40-жаттығу. Ертегіні оқы. *Неліктен кітап, кітапша деп аталады? Екеуі бір нәрсе ме, әлде бір-бірінен өзгешілігі бар ма? *Ертегіні жалғастырып айт. |
Оқушылар ертегіні оқиды. Топпен кеңесіп сұрақтарға жауап береді. Қалауы бойынша ертегіні жалғастырады. |
ЖТ ЖЕ |
|
Қолдану |
10мин |
Тақырыбы: Түбірлес сөздер Венн диаграммасы пайдалану Түбір және түбірлес сөздерге |
-Кітап, кітапша және кітапхана, кітапханашы – түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр. Жаңа тақырыпты қолдану және өз ойларын ортаға салу үшін Венн диаграммасын пайдалану. 41-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазуға ұсыну. Слайд Су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық. *Жазған сөздеріңдегі түбір сөздің астын сыз. Бәрінің түбірі бір сөз екенін дәлелдеуге ұсыну. 42-жаттығу. Түбірлес сөздердің түбір сөзін тап. Слайд *Түбірлес сөздерді топтап жаз. Әр топқа уақыт беріледі, қай топ бітсе, сол топ ортаға шығып жауаптарын көрсетед. |
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту, диаграмманы топ болып толтырады. Топтан бір оқушы оқиды. Сөздерді көшіріп жазады. Түбір сөздердің астын сызады. Бір түбір екенін дәлелдейді. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек. Қай топтың тапсырмасы дұрыс болса сол топ жеңімпаз болады. |
АКТ |
|
Сергіту сәті |
1 мин |
«Көңілді күн» атты жаттығу жасау |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау |
Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
АКТ |
|
Талдау |
13мин |
Сұрақ-жауап әдісі Жеке жұмыс |
43-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа жаз. *Түбірлес сөздердің астын сыз. 44-жаттығу. Мәтінді оқып көшіріп жазып, түбірлес сөздер асытын сызу. |
Оқушы қалауы бойынша оқытып, бірінші шумағын жазады. Түбірлес сөздің астын сызады. 44-жаттығу. Үйге тапсырмаға алады. |
|
|
Жинақтау |
3мин |
Тапсырмамен білімдерін жинақтау |
45-жаттығу. Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасау. Слайд |
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпты қағазға жазып беру, ойларын жеткізу |
|
|
Бағалау |
2 мин |
Өзін-өзі бағалау бағалау парақшалары |
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату |
Өзін өзі және топпен бағалайды. |
|
|
Рефлексия |
2 мин |
Кері байланыс парағы |
Оқушыларға кері байланыс парағын толтыруды ұсыну |
Ұсынылған кері байланыс парағын толтырады. |
|
А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Интерактивті ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Түбірлес сөздер
Мұғалімі: Б.А.Сейітқасымова
Қаратау қаласы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген