жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Тұмар"
Ұймдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ересек топ
Тәрбиеші: Байгонова А.Х.
Күні: 25.01.2019ж.
Бөлімі: Жапсыру.
Тақырыбы: Тұмар.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды өз ұлттық дәстүрлерін біліп жүруге үйрету; ұлттық әшекейлермен таныстыру; тұмар туралы түсінік беріп білімдерін нығайту; қағазды бүктеу жолдарын, желіммен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу тілдерін, қол моторикасын дамыту, сөздік қорларын молайту, өз беттерімен жұмыс жасауға баулу.
Тәрбиелік: Өз дәстүрлерін сақтап, қадірлеп жүруге, адамгершілікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, әшекей бұйымдар, бойтұмарлар.
Билингвальды компонент: дәстүр-традиции, тұмар-оберег, ою-узор.
|
Оқу қызметінің іс-әрекеті |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотиациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері
Көтеріліп
шаңырақ, Шаңырақтың астында Сәлемдеме беріңдер! |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл-қозғалыс арқылы шаттық шеңберін орындайды. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
-Балалар, мына тақтаға назар аударыңдар. -Мына суреттерден не көріп тұрсыңдар. Слайд. Тәрбиеші: -Білезік -Алқа -Жүзік -Білезік, жүзік -Қаптырма -Сырға -Шашбау -Көз моншақ Балалар, бұл біздің ұлттық әшекей-бұйымдарымыз. Көрдіңдер ме олар үлкен, түрлі-түсті, әдемі, жылтыр. Бұл әшкей бұйымдарды біздің әжелеріміз, қыз-келіншектеріміз тағады. -Қалай ойлайсыңдар оларды барлығын не үшін таққан? -Бұның барлығын көз тимеу үшін таққан. Сонымен қатар көз тимеу үшін тағылған тағы бір бұйым бар, қалай ойлайсыңдар ол қандай бұйым? Аты не? -Дұрыс айтасыңдар бұл – Тұмар. Тұмар-ұшбұрышты пішінді. Тұмар - зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және "туған жер" мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Ислам дінінің әсерімен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылап, орнына Құран аяттары жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді. Сонымен қатар тұмарды тері мен былғарыдан емес күмістен де жасаған. Қазіргі кезде тұмарды көбі таға қоймайды, ал таққан адамдар көбінесе киім ішінен көрінбейтіндей тағып тағады. Біз заманымызға сай қазір тұмартектес алқалар бар, қыздарымыз көбінесе сондай алқаларды тағады. -Балалар, сендерде тұмар бар ма? -Олай болса, бүгін біз өзімізге арнап өз қолымызбен тұмар жасаймыз. Сергіту сәті Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. Музыка ойнап тұрады. Тұмар жасау: үстел үстінде төртбұрышты қағаз, арнайы жіп, желім, ою-өрнектер тұрады. Әр бала өз орнына тұрып жұмыс жасайды. Төртбұрыш қағазды екі бұрышын бір-біріне қосып бүктейді, арасына екіге бүктелген жіпті салады да желімдейді, ұшбұрыш тұмардың үстінен ою жапсырады. Билингвальды компонент: дәстүр-традиции, тұмар-оберег, ою-узор. Балалар тұмарларын өте жақсы, жарайсыңдар. |
Балалар орындарына отырады. Назарларын тақтаға аударады. Балалардың жауаптары. Балалардың назары тұмар суретінде. -Тұмар. -Жоқ Балалар өз қолдарымен тұмар жасайды. - дәстүр-традиции, -тұмар-оберег, -ою-узор. Балалар жасаған тұмарларын мойнына тағып алады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Жақсы балалар, енді келіп орнымызға келіп отырамыз. -Балалар, әрқайсысың келіп үстел үстінде тұрған алқаларды алыңдар. Балалар қолдарындағы қандай бұйым екенін айтып шығады. -Ал бүгін жасаған қандай бұйым. Ол не үшін керек? Бір сөзбен айтқанда бұл біздің ұлттық бұйымдар. Салт-дәстүрімізді біліп, сақтап жүрейік. |
-Білезік -Алқа -Жүзік -Білезік, жүзік -Қаптырма -Сырға -Шашбау -Көз моншақ -Тұмар Балалардың жауаптары. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: Салт-дәстүрді, ұлттық әшекей бұйымдарды.
Игереді: Ұлттық бұйымдарды маңыздылығын.
Меңгереді: Төртбұрыш қағазды ұшбұрыш қағазға бүктеп шығаруды, тұмар жасауды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген