400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тұрмыс - салт жырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңадан мұғалімдік қызметке қосылған жас мамандар үшін көмегі зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Тұрмыс – салт жырлары

Жалпы мақсаты: Тұрмыс – салт жырларының түрлерін меңгеру. Салт - дәстүрді қастерлеу, дәріптеу.
Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушылардың тіл байлығын арттыру, тапқырлыққа баулу.Халық педагогикасын пайдалана отырып, оқушыларды әдептілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тірек – сызбалар, суретті қима қағаздар, альбом, бейнетаспа.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуыл
Құрал – жабдықтар флипчарт, оқулық, кеспе қағаздар

Кезең
1 кезең
Ұйымдастыру2 мин

Назарларын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Жаңа сабақ: Тұрмыс – салт жырлары:

Әдет – ғұрып

Беташар

Сыңсу

Шілдехана

Қоштасу, жоқтау

Егіншілік

Малшылық, шаруашылық

Жырлар

Төрт түлікті шақыру

Сабақ түсінікті болу үшін бейнетаспадан салт – дәстүрлер бейематериалдарын көрсетемін.

Сергіту сәтінде балалар қоржыннан асық алып, сап бойынша сөзжұмбақтар шешеді.


Тұрмыс - салт жырлары және оның түрлері туралы сұраймын
"Бесік жырында " ананың балаға деген мейірі, махаббаты жырланады.
Мәселен:
Әлди, бөпем, әлди - ай!
Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,
Әлди, бөпем, әлди - ай!

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Адамның дүниеге келуі қандай заңды құбылыс болса, дүниеден өтуі де сондай заңдылық. Туу, өсу, өлу, қайта жаңғыру — табиғатқа тән нәрсе. Адам да — табиғаттың перзенті. Адам дүниеге жылап келіп, жылап кетеді. Тіршіліктегі қуаныш сезімін, өмірінің әр кезеңін өлең - жырмен өрнектеу қандай заңды болса, өліммен байланысты қайғы, мұң - шерді де осылай атап өту ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деуі осы жағдайды сипаттаудан туған. Адам өлімімен байланысты көңілдегі мұң - шерді, қайғы - қасіретті сыртқа шығарған өлең - жырларды көңіл - күйімен байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Қыз ұзату тойында тойбастар, сыңсу, жар - жар; келін түсіретін ауылда беташар өлеңдері айтылған.

Меңгерту: «Бесікке салу» көрінісін оқушылар орындайды.

Жаңа сабақты қорытамыз.

Үйге тапсырма: Төрт түлік малдың суретін салу, салт – дәстүрге байланысты мақалдар жазып келу.

Оқушылардың білімін бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі