Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Түстер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Түстерді ажырату.

Мырзағазиева Гүлнар Ерназарқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

3 Облыстық балалар оңалту

орталығының тәрбиешісі

Сабақтың мақсаты: Балаларға түстер туралы ұғымын кеңейту.Түстердің атын білуге машықтандыру. Ойлау, сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту. Еңбексүйгіштікке, ұжымдасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : слайд, түстерге байланысты суреттер, фетрдан жасалған құрастыру ойындары.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, мадақтау.

Сабақ түрі: топтық

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды сабаққа психологиялық тұрғыда даярлау.

Сәлем дейміз достарға,

Сәлем дейміз құстарға.

Сәлем дейміз бәріне,

Сәлем дейміз апайға.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстерді ажырату» деп аталады. Ендеше, балалар қандай түстерді білеміз?

-  Балалар, жарайсыңдар. Түстер адамға сән береді, айналаны сұлуландырады. Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді. Сондықтан түстер бізге қажет екен. Бірақ, балалар мына суретке қарайықшы. Бұл суретте не бейнеленген?

-Бояуы жоқ алманың суреті.

- Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, енді мына суретте алма қалай бейнеленген?

- Алманың түсі кызыл болды.

- Ендеше, балалар түстермен танысайық.

- Мынау қандай түс?

- Көк түс.

- Көк түске бұлттың, жалауымыздың түсі ұқсайды екен.

- Мынау қандай түс?

- Сары түс.

- Сары түске күннің, бананның түсі ұқсайды екен.

- Мынау қандай түс?

- Қызыл түс.

- Қызыл түске алманың, гүлдің түсі ұқсайды екен.

- Мынау қандай түс?

- Жасыл түс.

- Жасыл түске жапырақтың, қиярдың түсі ұқсайды екен.

- Міне, балалар түстердің түрін атап өттік, енді сол түстерге байланысты тақпақ айтып, ойын ойнайық .

«Сиқырлы су» ойыны.

Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.

Шарты: 4 ыдысқа суды құйып қоямыз. Бетін орамалмен жауып шайқаймыз, сол кезде сиқырлы су 4түске боялады. Қызыл, сары, жасыл, көк түстер болады.

Тақпақ : Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,

Қызыл, сары,көк гүлдер.

Жапырағы жасыл боп,

Тұра берші нұрланып.

«Құмырадағы гүлдер» ұжымдық ойын.

Мақсаты:Түстер туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Шарты: Құмырадағы гүлдердің түстеріне қарай күлтелерін орналастыру.

Сергіту сәті.

Қызыл, сары, жасыл, көк,

Түстерді біз білеміз.

Сары күн, көк аспан,

Қызыл гүл, жасыл шөп,

Ауада суретін саламыз.

  • Балалар қазір сендерге 2 ойын беремін.

1 ойын: « Жартысын тап» ойыны.

Мақсаты: Біріктіру қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Шарты: Кесілген суреттердің жартысын қолдарына беріп, сол суреттердің жартысын тауып, бүтін суреттер құрастыру керектігі түсіндіріледі.

2 ойын: « Таяқшаларды түсіне қарай сал» ойыны.

Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.

Шарты: 4 түске арналған қалталарға түстеріне қарай таяқшаларды орналастыру.

Қорытындылау: « Өз түсіңді тап» қимылды ойыны.

Балалар қолдарындағы түстеріне қарай топтасады. Ойнап жүріп, түстер жайлы қортындылаймын. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
2432
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12