|
Сабақтың
басы
|
Амандасу:
-Сәлеметсіздерме оқушылар!
Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Психологиялық ахуал
қалыптастыру.
Сәлемдесейік
иіліп,
Жылы жүзбен
жымиып.
Қызығы мол
сабақта
Ойнайық та
күлейік
Оқушылар, тақтаға (экранға) қарайықшы, мына
суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Иә, жарайсыңдар суретте қарындаштар
көрсетілген. Суретке қара. Ондағы суреті салынған
қарындаштардың айырмашылықтары қандай? Олар түсі бойынша
ерекшеленеді. Әрқайсысының өзінің мінезі бар. Қызыл мен сары – олар
сергек, көңілді және қуанышты, ал көк – байсалды және сәл көңілсіз.
Бұларды негізгі түстер деп атайды. Басқада түстермен танысу үшін
видеоны тамашалайық. (видео
https://www.youtube.com/watch?v=3FbxhGZzblI )Бүгін біз осы түстер
әлеміне сапар шегіп, қызықты тапсырмаларды орындайтын боламыз.
Ендеше, қызықты тапсырмаларды орындауды
бастайық.
|

https://www.youtube.com/watch?v=3FbxhGZzblI
|
|
Сабақтың
ортасы
1-тапсырма:
2-
тапсырма:
3-тапсырма
4-тапсырма
|
1-тапсырма.
«Сәйкестендір»
тапсырмасы
Мақсаты: Түстерді үйрету, зейінін
шоғырландыру, түстерді ажыратуды үйрету;
Барысы: Оқушыларға тапсырма
көрсетілген парақтар беріледі. Парақтардағы әрбір қарындашты түсі
сәйкес келетін нүктемен сызық арқылы қосуы және олардың түстерін
атауы қажет.

2-тапсырма:
«Жұп-жұбымен»
Мақсаты: Түстерді үйрету, зейінін
шоғырландыру, түстерді ажыратуды үйрету;
Барысы: Ыдыстарға кеспе қағаздарды
түсіне сәйкес салу, санау, түстерін атау.
3-тапсырма
Оқушылар, мына суреттегі
не?
-Иә, бұл кемпірқосақ. Кемпірқосақ түрлі түсті
қане кемпірқосақтың түстерін атайықшы:Қызыл,
қызғылтсары,сары,көк,қою көк,
күлгін.
Жарайсыңдар, ендеше кемпірқосақты өзіміз
түрлі түске бояйық.
О қушылар, біздер көптеген
тапсырмаларды орындап шаршап ұалған сияқтымыз. Ендеше сергіту сәтін
орындап бір сергіп алайық. Менімен бірге
қайталаңдар:
Ал балалар
тұрайық,
Үлкен шеңбер
құрайық.
Шаңырақты
көтеріп,
Керегені
құрайық
Уық болып
иіліп,
Бір отбасы
болайық.
4-тапсырма. «Бұл
не?»
Мақсаты: сурет бойынша заттарды табу,
түсін, пішінін жіне қажеттілігін айтуды
үйрену.
Барысы: Суреттегі заттардың не
екендігін тауып, оның түсін, пішінін және оның бізге қажеттілігін
айтуы қажет
|


Кемпірқосақ суреті,
бояулар


Суретті
карточкалар
|
|
Аяқталуы
Сабақты
бекіту
|
-
Рефлексия
Оқушылар менің қолымдағы
қорапта түрлі түсті қарындаштар бар, оларды алып түстері қандай
екенін айтайықшы?
-Жарайсыңдар! Бүгінгі
тапсырмаларды өте жақсы орындадыңыздар. Барлығыңызға жарайсыңдар
деп бағалағым келеді. Сабақ барлығымызға ұнадыма? Ендеше,
барлығымыз өзімізді мадақтап «Үш шапалақ» әдісімен қол соғайықшы
1,2,3,. Ендеше осындай жақсы
көңіл-күймен сабағымызды аяқтаймыз. Сау
болыңыздар!
|

|