Ашық сабақ "Түстер әлемі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Түстер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мүгедек балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім бері саласы: Таным

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Заттардың түстерін көріп қабылдауды дамыту. Түстерді салыстыра отырып, ажырата білуге және топтастыруға үйрету.

2) Дамытушылық: Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Ой – өрісін, қиялын және сенсорлық қабылдауын арттыру.

3) Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қызығушылығын ояту, сабақ бырысында берілген тапсырмаларды мұқият тындап, соңына дейін орындауға тәрбиелеу.

Көрнекі – құралдар: суреттер, «Түстер» слайдтары, карточкалар, М. Монтессори әдістемесі (түрлі түсті макарондар), «Триз» технологиясының компоненты (түсті кәмпиттерден кемпірқосақ жасау).

Билингвистикалық компоненты: қызыл – красный – red, қызғылт сары – оранжевый – orange, сары – желтый – yellow, жасыл – зеленый – green, көгілдір – голубой – blue, көк – синий – blue, күлгін – фиолетовый – purple.



Сабақтың барысы

Дефектологтың әрекеті

Баланың әрекеті


I Ұйымдастыру кезеңі


- Балалармен амандасу, «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі көңіл – күйлерін қандай?»

- Олай болса, шаттық шеңберін бәріміз бірге орындайық.

Шаттық шеңбері: «Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Күннен жылу алайық,

Күннен алған жылуды

Жүрегімізге салайық.

Жүректегі жылуды

Бір – бірімізге сыйлайық!»

- Жарайсындар, балалар!

- Еңдеше, біз ұсақ қол моторикаға арналған тапсырманы орындайық. Шарты: «Түсті макарондарды таяқшаларға кигізу».

Сәлемдеседі

Жауап береді



Орындайды









Орындайды


II Негізгі бөлім

- Ал, еңді балалар біз қазір «Түстер әлеміне» саяхатқа барамыз! Барғыларын келіп тұр ма?

- Көзімізді жұмайықшы, 1 – 2 – 3, көзімізді ашамыз.


Ғажайып сәт: Топқа әсем әуеннің ырғағымен түстер әлемінің еркесі Еркетай кіреді.

- Еркетайдың сөздері: «Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Мен осы түстер әлемінің еркесімін. Менің атым – Еркетай».

- Дефектолог: «Сәлеметсің бе, Еркетай! Сенің әлемін қандай тамаша! Балалар қараңдаршы, бізге бүгін Күн күлімдеп, аспанда кемпірқосақ та шығып тұр».

- Балалар, біз сендермен бірге түстерді атап шығайықшы: қызыл – красный – red, қызғылт сары – оранжевый – orange, сары – желтый – yellow, жасыл – зеленый – green, көгілдір – голубой – blue, көк – синий – blue, күлгін – фиолетовый – purple. (түстерді үш тілде атап беру) (слайд арқылы).

- «Кемпірқосақ туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім айтып береді?»

«Кемпірқосақ көріп балалар,

Алақайлап, ұрар шапалақ.

Әне, алақай!

Қараңдар балалар,

Түрлі – түсті бояулар!»

- Жарайсың!

- Еркетай: «Балалар, сендер бүгін түстер әлемдегі көптеген түстердің тапсырмаларын орындауларын керек. Менімен бірге орындайсыңдар ма?»


1 тапсырма: «Түстерді топтастыру». Шарты: Суреттегі берілген заттарды түстеріне қарай топтастырамыз».


2 тапсырма: «Не жетіспейді? Орнын тап». Шарты: Суретке қарап жетіспей тұрған затты, суреттін бөлігін дұрыс тауып, орнына орналастыру.


- Жарайсыңдар балалар! Еңдеше, біз сендермен бірге бір демалып алайық.


- Сергіту сәті: «Музыкаға қимылды жаттығулар жасау»


3 тапсырма: «Кемпірқосақ жасаймыз» Шарты: Ыдыста ммденс кәмпиттері қатарымен қойылған. Олардың ортасына су құйып, кемпірқосақ шығару.


- Еркетай: «Жарайсыңдар балақайлар! Сендер бүгін маған көмек көрсетіңдер, рақмет сендерге!»


- Дефектолог: «Балалар, біз «Түстер әлемінің» тапсырмаларын орындадық. Саяхатымыз аяқталды. Енді көзімізді жұмып, өз тобымызға қайтамыз, 1 – 2 – 3 (музыкамен)».


Иә

Көздерін жұмады-ашады


Амандасады







Қайталайды







Қалжан айтады





Иә, орындаймыз



Орындайды



Орындайды






Серігіп алады


Орындайды



Қоштасады Еркетаймен


III Қорытынды

- «Жарайсыңдар балалар! Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Бүгін өте тамаша күн болды! Сабақ та біз бүгін не туралы өттік?

- Жарайсыңдар! Сендер бүгін барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар! Сабаққа жақсы қатыстындар. Сол үшін сендерге сыйлықтарым бар (Мадақтау қағаздары және тәттілер)»

- «Сау болыңдар!»

Жауап береді







Қоштасады





















































Ашық сабақ

«Түстер әлемі»











Дефектолог: А. Чанбаева













26.05.2021 ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2021
1676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі