400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тұзды ағынсыз көл.Етістік. Негізгі етістік. Көмекші етістік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту. Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін арттыру; Дамытушылық: есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой –өрісін кеңейту. Зат есімді қайталау. Тәрбиелік: Табиғатты суюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру;эстетикалық сезімдеріне баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тубетбаева Бибізада Кыдырбаевна «№166 лицей» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Сынып:

8

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Тұзды ағынсыз көл Етістік. Негізгі етістік. Көмекші етістік.

Сабақтың мақсаты:

Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту. 
Білімділік: Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп , меңгерту, танымдық қабілетін арттыру; 
Дамытушылық: есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой –өрісін кеңейту. Зат есімді қайталау. 
Тәрбиелік: Табиғатты суюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру;эстетикалық сезімдеріне баулу.

Cабақтың типі:

Білім және іс- әрекет тәсілдерін жетілдіру

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО;Блум таксономиясы; жеке жұмыс,

Сабақты ұйымдастыру түрі:

әңгімелесу және практикалық сабақ

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер


Оқыту формасы:

жеке-дара, жұптық, топтық.


Сабақтың барысы. 
I.Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық дайындық) 
Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тұзды ағынсыз көл» 
Сабақ алдында мен сендерге сәттілік тілеймін. Сабақта топтық жұмыс жүргіземіз. Біз екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ «Жұлдыз», екінші топ «Бұлақ.»Ал енді екі топ бір–біріне тілек тілеңдер. Мұғалім сөзі: Сабақтың эпиграфы: «Адамның табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.» Расында, адам табиғатпен тығыз байланысты. Бүгін біз Қазақстан байлықтары туралы сөйлесеміз,әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.Әр дұрыс жауапқа смайлик беріледі. 
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Мәтіннің мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру; 
2. Алакөлде болдың ба? Табиғаты қандай? Суының қандай емдік қасиеті бар?
1-топ Жұлдыз: Құстар, табиғат, бұлақ, жануар,аң. 
2-топ Бұлақ : Өзен, ағаш,су, гүл, тау.

Осы сөздермен сөйлем құрастыру. Синтаксистік талдау жасау.
III. Жақсы, балалар, енді мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.

3.Мәтінмен жұмыс. Мәнерлеп оқу.

ІІІ деңгей

Сұраққа жауап беріңдер. 
1 топ мәтінге жоспар құрамыз

І. Кіріспе.

Алакөл

ІІ. Негізгі бөлім

Демалыс орны

ІІІ. Қорытынды

Мәтінге қарай сұрақтар: 
1.Алакөл қандай көл?

2. «Барлық -Арасан» курорты қайда орналасқан?

3. Қазақстанның қай аумағында орналасқан? т.б.

ІІ деңгей

1.Бос орындарға тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1) Алакөл-....ағынсыз көл.

2) Ол... шекарасында орналасқан.

3) Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі-....

4) Алакөл аумағындағы... мен аңшылық өте танымал.
4.Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар, кай шақта тұрғанын анықтаңдар.

5.Етістікті қайталау. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Негізгі етістікке нелер жалғанады? Негізгі, туынды етістіктерге мысалдар, сөйлемдер құрастырыңдар. 
13.Аукцион ойыны . 
Мен бүгін тауға...(барамын, аламын, жазамын). 
Біз бұлақтың көзін ...(ашамыз, жазамыз, құямыз). 
IV. Бекіту . Сұрақ жауап арқылы бекіту.

Үй тапсырмасы: «Табиғат» туралы мақал- мәтел дайындап келу. 
Балалар, бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелестік? Біз Алакөл туралы әңгімелестік және оның байлығын білдік. Әсіресе, біздің өзіміздің қаланың табиғаты қандай тамаша! Сондықтан табиғатты қорғауымыз керек . Ал енді, әр топ өз смайликтерін санайды. Қай топта смайликтердің саны көп болса, сол топ жеңіп шығады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі