Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Туризм, 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп

1 сынып

Көккозова Балауса Құланқызы

Сабақтың тақырыбы

Туризм

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

1.2.4.2. – туризмнің мәнін түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: туризм жайлы мәлімет алады;

Көптеген оқушылар: ерте замандағы саяхат жайлы біледі;

Кейбір оқушылар: бұрынғы кездегі саяхат пен қазіргі кездегі саяхат түрлерін ажыратады.

Бағалау критерийлері

  • Туризмнің мағынасын айқындайды;

  • Туристердің қандай мақсатта саяхаттайтынын ажыратады;

  • Туризмнің ерекшеліктерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Туризм сөзінің мәнін түсіне отырып, саяхат – путешествие –travel; астана – столица – capital сөздерін үш тілде айтып үйрену.

Құндылықты дарыту

Оқушылардың туристердің негізгі мақсаттарын біліп «Мәңгілік ел» идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыратын тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, компьютер

Бастапқы білім

Оқушылар Ұлы дала тарихы туралы біледі, еліміздің көшпелі халық болғаны жайында сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы /2 мин/


Топқа бөлу

/2 мин/


Психологиялық ахуал тудыру «Арайлап атсын әр таңым»

Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

«Суреттер сыр шертеді». Суреттерде Қазақстанның қалалары беріледі. Оқушылар бір суретті таңдайды, артында сөздер жазылған. Сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

1-топ «Саяхат»

2-топ «Турист»

3-топ «Сапар»

4-топ «Қоныс»

Суреттер туралы әңгімелету. Мұғалім көмекке келеді. Балалар сөздерді дауыстап оқиды.

  • Осы сөздер бізге таныс па?

  • Таныс емес

  • Олай болса, бүгінгі сабақта осы сөздермен танысып, мағынасын түсінеміз.

Қалалар суреттері






Сұрақтар жазылған парақшалар

Сабақтың ортасы

/20 мин/

(Ұ) 1-тапсырма. «Тиімді сұрақтар» әдісі.

(Ұ) «Саяхат» және «саяхатшы» сөздеріне ой қозғау. Саяхат деген не? Саяхатшы деген кім? Әр адам саяхатшы бола ала ма? Қандай мақсатта саяхатқа шығуға болады?

ҚБ. «Кемпірқосақ» тәсілі.

(Г) 2-тапсырма

Суреттерге мұқият қарап, туризм түрлеріне қарай әңгімелеу. «Еркін әңгіме» тәсілі арқылы топта ой бөлісу.

  1. Біздің ауылымызда көрікті жерлер бар ма?

  2. Ол жерлерге біздер бардық па?

Бағалау критерийлері

  • Саяхатшы туралы біледі.

  • Бұрынғы кездегі адамдардың қалай, қандай мақсатта саяхатқа шыққаны туралы айта алады.

  • Адамдардың не үшін саяхатқа шыққанын талдап айтып береді.

Дескриптор

  • Саяхатшы туралы айтып берді

  • Бұрынғы кездегі адамдардың саяхаты туралы айтты.


Сабақтың соңы

/12 мин/













2 мин

2 мин

(Ж) «Фотосуреттер» әдісі. «Астанаға саяхат».

Оқушыларға Астана жайлы суреттер көрсетіледі, олардың тікелей ішкі сана-сезімдеріне қалай әсер еткен суретін таңдап алады және сол суретті не үшін таңдағанын тобына әңгімелеп береді.

Бағалау критерийі

  • Сұрақтарға жауап береді.

  • Астана жайлы ақпараттар айтады.

  • Туристерге Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасауға ұсыныс жасайды.

Дескриптор

  • Көрікті жерлермен танысты.

  • Астананың көрікті жерлерінің қайда орналасқанын картадан тапты.

Бағалау: саусақ арқылы.

Кері байланыс:

«Арал» әдісі арқылы жүргізіледі.

Астана жайлы слайд














«Менің көңіл-күйім» кестесі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2021
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12