ашық сабақ: Ү ү дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ: Ү ү дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Омарғазина Әдемі Мұхтарқызы

Абай облысы.Аягөз каласының «А.Шах»ЖШС- не қарасты

«Айым жеке меншік мектеп- балабақшасы»


Ү ү дыбысы мен әрпі

Білім беру саласы :Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін, сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, қорыту.

Сөздік жұмыс: үтік, үйрек, күшік.

Көрнекіліктер: Ү әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».

Сәлемдесу

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін бастамас бұрын, сіздерге миға шабуыл жасау арқылы өткен тақырыптарды еске түсіріп бір пысықтап өтейік.

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Неге дауысты, дауыссыз дыбыстар деп атаймыз?

-Әріп дегеніміз не?

Балалар балалар бүгін біз жаңа дыбыс әріппен танысатын боламыз.Алдымен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,егер жұмбақтың шешімін тапсаңдар бүгінгі дыбысымыз,әрпіміз шыға келеді.

Жұмбақ жасыру

«Үйрек» десе -бірінші,

«Бүйрек» десе -екінші,

Бұл қайсы әріп екенін,

Біреу айтып берсінші.

-Балалар, үйрек дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

- Үү дыбысы қандай дыбыс?

- Қандай текшемен белгілейміз?

Ү әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Ауада , тақтада бас әрпімен, кіші әрпін жазып көрсету.

Сөздерді буынға бөлгізу.

Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.

«Буынға буын қос» ойыны.

Ойынның шарты : балаларға топқа сөздің басқы буынын айтады, сөзді тез аяқтау керек.

Ау – (ла), ал – (ма), Са – (ра), Сә - (біз). Үй-рек, ү-кі, кү-шік, үй-шік, күй-ші , үл-кен.

Ойын: «Дыбыстар сандығы»

Сандық ішінде дыбыстар мен әріптер жасыру. Әріптер мен дыбыстарды сандықтан алып өз үйшіктеріне апару.


Дәптерімізге Ү әрпін жазу.

Д/о:«Сөз ойла, тез ойла»

Ү дыбысы бар суретті тауып атын атау , буынға бөлу , бір сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Үйрек , үкі, күшік , үйшік.

Әріптерге дыбыстық талдау жасату


Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

-Сонымен балалар,біз бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ү әрпі қандай дыбыс?

- Ү әрпін қандай текшемен белгілейміз? (көк текшелерін көрсетеді )

- Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы қорытамын.

Сиқырлы таяқшаны ұстап тұрып Ү әрпіне байланысты сөз айтып шығамыз. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ү дыбысы мен әріп таңбасымен толық танысады;

Игеруі керек: Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауды игерді

Меңгеруі керек: Сурет бойынша әңгіме құрай алуды, баспа түрде жазуды меңгерді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2023
345
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі