400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ: Ұ.Есдаулет "Біз түркілерміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Ұ.Есдаулет "Біз түркілерміз". Білім алушыларға Ұлықбек Есдәулеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, өлеңін талдау, білімдерін арттыру. Баяндалатын оқиғалар мен қазақ тарихының байланысын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледждің әдіскері Директордың оқу жұмыстары

________ А.Ш.Сарбалаева жөніндегі орынбасары

«____» _____________ 2021ж _____________ А.В.Жұбаниязова

«____» __________ 2021ж


« Қазақ әдебиеті» пәнінен

Ашық сабақ


Picture 1

Shape2 Shape3

«Педагогикалық мамандықтар» пәндері Циклдық комиссиясында қаралды.

Хаттама №_________

«____» «__________» 2021ж




Мамандығы: 020100-«Құқықтану»

Тобы: П-21/9

Тақырыбы: «Біз түркілерміз» Ұлықбек Есдәулет

Пән оқытушысы: Темірбай Әсем






«Педагогикалық мамандықтар» пәндері

жетекшісі__________Мырзашова Қ.Б








Қызылорда 2021ж.

Ашық сабақтың жоспары, №___

Пән : «Қазақ әдебиеті»

Сабақ тақырыбы: «Біз түркілерміз» Ұлықбек Есдәулет

Күні : 18.11.2021 ж.

Уақыты: 08:30

Топ : П-21/9

Сабақ типі: аралас

Сабақ түрі : теориялық (Білім, біліктілік және дағдыны көтеру сабағы)


Сабақ әдісі: Баяндау, слайд, жазба жұмыстары, «Шаңырақ» әдісі, «Алтын қазан» әдісі, видео көрсету, «Бес арыс» әдісі, «Қалам алып қолыма жазамын хат», постер қорғау.


Білімділік мақсаты: Білім алушыларға Ұлықбек Есдәулеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, өлеңін талдау, білімдерін арттыру. Баяндалатын оқиғалар мен қазақ тарихының байланысын анықтау.

Дамытушылық мақсаты: Білім алушыларға «Біз түркілерміз» өлеңінің идеясын ұғындыру арқылы, рухани патриотизмін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өз бетінше ерекшеліктерді талдап, жеке тұжырымдауға үйрету, тарихи және көркемдік құндылықтарға пікір білу.


Пән аралық байланыс:

  • «Тарих»

  • «Қазақ тілі»


Көрнекіліктер: Тақырып бойынша слайдтар, дайындалған қағаздар, плакат,

, плакаттар, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар


Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытымен оқитын 10-сынып оқушыларына арналған оқулық/А.С.Ақтанова, А.Қ. Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова.-Алматы: Атамұра, 2019.-272 бет.

  • Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

  • Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

  • https://youtu.be/3O47cDJJlE4



Сабақ барыс ы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (Білім алушылармен салемдесу, тізім бойынша тексеру және оқу құралдарын: кітап, дәптер, сызғыш, карандаш, өшіргіштерін тексеру қажет)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . «Шаңырақ» әдісі (Үй тапсырмасы «Шаңырақ» әдісі бойынша жүзеге асады. Үйге белгіленген тақырыптар бойынша төпішілік постерлерін қорғап бағаланатын болады.)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (Жалпы шолу жасап өту, сабақтың мағынасын түсіндіру, Ұлықбек Есдаулеттің шығармашылығы мен өмірбаяны жайлы, «Біз түркілерміз» өлеңін талдау, мәнін ашу)




Жаңа тақырып: «Біз Түркілерміз»


А. Өмірбаяны мен шығармашылығы.



Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақынжурналистҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.

Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.



«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.

Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған.

меңгерушісі. 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.



«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы.


Ә. Ұлықбек Есдаулеттің өмірі мен шығармашылығы бойынша бейнеролик көрсету

Дереккөз сілтеме: https://youtu.be/3O47cDJJlE4



Біз - түркілерміз...
Біз - түркілерміз!
Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,
Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,
Көк бөріден туғанымыз рас болса,
Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.
Кеудемізді билеген асқақ арман,
Тарихымыз дастан боп таста қалған,
Тірсегіміз тілінген кездерде де
Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.
Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,
Айға қарап ұлыған көк бөрімін.
Атқа мінсем кетемін аруақтанып,
Арасында желік бар ет-терінің.
Атқа мінсем кетемін айбаттанып,
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!
Намысымдай ешкімге таптатпаған,
Түркістанның күмбезі асқақтаған.
Бабаларым жатыр ғой бата беріп,
Аруақтар аманатын ақтап бағам.
Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,
Көк аспандай әлі де күркірерміз.
Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,
Қай дұшпанның алдында іркілерміз?
Біз - түркілерміз!
Біз - түркілерміз!!
Біз - түркілерміз!!!


  • А. Жыр шумақтарын талдап, білімгерлерге құрылысы бойынша ақпарат беру

  1. Қара өлең ұйқасы арқылы жазылған

  2. 6-шумақ

  3. 24-тармақ

  4. 3-бунақ

  5. 10-11 буынды


  • Ә. «Біз түркілерміз» топтық жұмыс «Бес арыс» әдісі арқылы ұжыымдық постер қорғайды

  • (Арнайы уақыт аралығында топ болып бірлесіп, тақырыпты қамтып постер жасап уақытқа қорғайды)


  • Б. Қазаққа қандай қасиеттер тән деген лекті жалғастырып «Алтын себет» әдісі бойынша қорытады.

Picture 2

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
34 ұстаз жүктеп алған
01.04.2022
7672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі