жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Үй және жабайы жануарлармен таныстыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру
Жұмыс түрі: топтық
Бала саны: 2
Тақырыбы: "Үй және жабайы жануарлармен таныстыру".
Мақсаты: Балаларға жануарлар туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету.
Білімділігі: Үй және жабайы жануарлармен таныстыру. Үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету.
Түзете-дамытушылық: Балалардың сөйлеу қызметін дамыту, байланыстырып сөйлеуді, логикалық ойлауды; есте сақтау қабілеттерін және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Әдептілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, үйрету, логоритмика.
Көрнекілігі: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреті. Үй мен орман макеті. Жыл мезгілдеріне сай безендіру.
|
Әрекет кезеңі |
Дефектологтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Сәлеметсіңдер ме балалар?! -Көңіл күйлерің қалай? -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Шаттық шеңбер:
Қане, қане тұрайық Кел, билейік ойнайық Қоян болып секіріп Аю болып қорбаңдап Қу түлкідей қимылдап Бойды жазып шынығып, Орнымызды табайық. |
Балалар сәлемдеседі Жақсы Көктем мезгілі Балалар тұрады, іс- әрекетті қайталайды. Секіреді Қорбаңдап жүреді Орындарына отырады |
|
Ұйымдастыру-іздестіру Рефлексивті-түзетуші |
-Балалар шаттық шеңберінде бүгінгі біздің іс – әрекетімізге қатысты сөздер болды. Ол қандай сөздер деп ойлайсыңдар? -Жарайсыңдар, балалар! Балалар үй жануарлары мен жабайы жануарлармен таныстырылады. Балалар бүгін мен сендерге қызықты бірнеше тапсырма дайындап келдім. Тасырманы жақсы орындаған балаға карточка беремін. Көп карточка жинаған балаға дайындаған сыйлығым бар. Балаларға үй мен орманның макеті көрсетіледі.
Дидактикалық ойын : «Мекенін тап» Ойын шарты : Үй жануарларын үй макетіне, жабайы жануарларды орман макетіне орналастыру. Мақсаты : үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету.
Сергіту сәті: Топ топ етіп басайық Ауылға біз барайық Қозыларды санайық 1,2,3 деп алақанды соғайық 4,5,6 деп қораларға қамайық Қане,балалар сергіп алсақ орындарымызға отырайық. Енді біз сендермен қызықты ойын ойнайық. Дидактикалық ойын: "Сиқырлы көлеңке" Ойын шарты : Жануарларды көлеңкесіне сәйкес етіп орналастыру. Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін және саусақ моторикасын дамыту. Жарайсыңдар, балалар!
Дидактикалық ойын : «Мүсінін тап» Ойын шарты : Ұқсас бейнелерді сәйкестіндіріп жануар бейнесін құрастыру. Мақсаты : Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Балалар жануар бейнесі ұнады ма?
Қорытынды: Бүгін оқу іс әрекетімізде біз жануардың түрлерімен таныстық. Ойын ойнадық. Суретқа қарап, бейнелеп үйрендік. Бой сергіттік. Ендеше, бүгінгі іс – әрекетіміз түсінікті , ұнаған болса осымен сабағымыз аяқталды. Балаларды мадақтау(сыйлығын беру). Сау, болыңыздар! |
Балалар мұқият тыңдайды. Қоян Аю Түлкі Балалар тыңдайды Назар аударып тыңдайды Іс – әрекетке қызығады. Балалар тапсырманы қызыға орындайды. Қимыл қозғалыспен орындауға тырысады. Санауға тырысады. Балалар ойынға қызыға қатысады. Сиыр Қой Арыстан Аю Иә. Балалар қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Жануар түрлерін ажыратып, қызметін біледі.
Болуы керек: Тапсырманы орындауға ынтасы, қызығушылығы болуы керек.
Меңгерді: Тапсырмаларды орындауды меңгереді.
«Бекітемін»
«Оңалту орталығы» КММ-нің директоры
________________Ж.А.Нуртаева
Тақырыбы: «Үй және жабайы
жануарлармен таныстыру». 
Дефектолог: Жанбаева Т.М
2019-2020 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген