Материалдар / Ашық сабақ: Үй жануарлары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру. Үй жануарлары жайлы түсініктерін, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. Әңгімелеу арқылы, есте сақтау, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
258
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Қатынас

Сала бөлімі: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру. Үй жануарлары жайлы түсініктерін, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

Әңгімелеу арқылы, есте сақтау, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру. Ойын арқылы сөздік қорларын молайту.

Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, тапсырмалар.

Сөздік жұмыс: үй жануарлар және төлдері, өнімдері.

Заттық дамыту ортасы: «Жайлау» бейнесі, үй жануарлары, төлдері, ата, төлін тап ойыны.

Оқу барысы:

  1. Ұйымдастырушы қозғаушы:

Балалар залға кіреді. Шаттық шеңбері тұрады, қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезікен

Көп танысты көреміз

Бәрінеде ізетпен

Иіліп сәлем береміз!

Логопед: Балалар қараңдаршы бізге қонақ келе жаттыр.

- Балалар бізге қонақа кім келді?

Балалар:

-Ата

Логопед:

- Сәлеметсізбе ата?

Ата:

- Сәлеметсіңдерме балалар, мен сендерді көргеніме өте қатты қуаныштымын.

Логопед:

- Ата біздің балалар сізбен бірге жайлауға саяхат барғысы келіп оттыр.

- Жайлауға саяхатқа апарасызба?

Ата:

- Жарайды, бірақ маған тіл жаттығуларын жасап үйретіңдерші.

Логопед:

- Иә, біздің балалар тіл жаттығуларын біледі, қане балалар қолымызға айнаны алып тіл жаттығуларын жасайық.

Тіл жаттығулары:

«Ат шауып келеді», «саңырауқұлақ», «түтікше», «аламан тышқан».

Ата:

- Жарайсыңдар балалар қандай ақылды едіңдер.

- Енді менің қолымнан ұстап керемет әуенмен жайлауға барайық.

(жайлау әні)

Логопед:

- Ой, қандай керемет көрініс балалар, қараңдаршы табиғат қандай тамаша. (экран алдында)

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Қазір жылдың көктем мезгілі

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар:

-Үш ай бар. Наурыз, сәуір,мамыр.

Логопед:

- Қане, балалар таза ауамен бір тыныстап алайықшы, терең дем алып ауызбен шығарайық.

Ата: (төлдердің даусын шығару музыкамен)

- Балалар бұл ненің дауысы білесіңдер ме?

Балалар:

- Жылқы, қой, сиыр, ешкі.

Логопед:

- Бұл жануарлар үй жануарларына жаттады. (түсіндерме жұмыс)

Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ

Мінсең қанат

Сүті дәрі еті тамақ

Ол не? (жылқы)


Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Ол не? (Сиыр)


Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар

Ол не? (қой)


Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар

Ол не? (ешкі)

Сергіту сәті: Қошақан әні.

(балалар орындарына оттырады, атада оттырады)

Логопед:

Балаларға үй жануарларының адамға пайдасын туралы айту.

Логопед:

- Балалар енді атамызға арнап құрт жасап берейікші.

Саусақ жаттығу: Ермексаздан құрт жасау.

Ата:

-Ой, балалар қандай керемет құрттар,рақмет енді мен осы құрттарды алып немерелеріме барайын.

Логопед:

-Балалар атамызбен қоштасайық.

Тыныс алу жаттығуы: «Қазақтың ұлттық бүйымдары»

Логопед:

-Балалар енді үй жануарларының төлдерін атайық.

Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап» ойыны.

Логопед:

- Балалар енді тіл ұстарту жаттығуын айтайық.

Иыр – иыр – иыр,

Сүт береді сиыр.



Зау – зау – зау,

Мөңірейді бұзау.



Қы – қы – қы,

Кісінейді жылқы.


Ой – ой – ой,

Қорада тұр қой


Логопед:

- Балалар енді балабақшамызға қайтатын уақыт болды.

- Жайлаудан сендерге әжеміз құрт беріп жіберіпті.

Балалармен бірге сыйқырлы сөз айту.

Балабақшам базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты (музыкамен)

- Міне, балалар балабақшамызғада келдік .

Қорытынды.

Сұрақ- жауап:

- Балалар біз қайда қонаққа бардық? (жайлауға)

- Біз қандай жануарларды көрдік? (үй жануарларын)

- Үй жануарларын атайықшы. (жылқы, сиыр, қой, ешкі)

- Үй жануарларын төлдерін атайықшы. (құлыншақ, бұзау, қозы, лақ.)

- Бізге қонаққа кім келді? (ата келді)

- Біз сүзбеден не жасадық? (құрт жасадық)

- Құрттың түсі қандай? (Ақ түсті)

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!