Тақырыбы: «Үй жануарлары мен жабайы
жануарлар» Мақсаты: балалардың үй жануарлары мен
жабайы жануарлар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың ойлау
қабілеттерін сұраққа жауап беру арқылы дамыту. Сөздік қорын
молайтып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілік: үй жануарлары мен жабайы
жануарлардың суреттері. Төлдерінің суреттері, үй жануарлары мен
жабайы жануарлар бейне баяны,
аудиодыбыстар.
Ұйымдастыру
кезеңі: Балаларды шаттық шеңбер басына
тұрғызып, келген қонақтармен амандасу, төмендегі өлең жолдарын
айтқызады: Шаттық
шеңбері: Күлім қағып жанарым, Қолымды
мен соғайын. Қарап тұрған көршіме, Қолымды мен бұлғайын.
Маңдайыңнан сипайын, Қолыңды бер қысайын. Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Т
әрбиеші: Жарайсыңдар, балалар
орнымызға отырамыз. Бүгінгі ашық оқу қызметі тақырыбы: «Үй
жануарлары мен жабайы жануарлар»
Т
әрбиеші: балалардың назарын тақтаға
аударады. Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы таныстырады.
Адамдардың көмегімен өмір сүретін жануарларды- үй жануарлары деп
атаймыз. Оларға: Сиыр, ешкі, түйе, жылқы, қой, ит, мысық жатады. Ал
орманда өз беттерімен тамақ тауып, өздерін қорғайтын жануарларды –
жабайы жануарлар деп атаймыз. Оларға: түлкі, қоян,қасқыр, аю тағыда
басқа көптеген жануарлар жатады. Ендеше үй жануарлары мен жабайы
жануарлар туралы теледидардан көріп
тамашалайық.
Тәрбиеші: балалар үй жануарлары мен
жабайы жануарлардың төлдерін білесіңдер ме? Сиыр- бұзау Жылқы-
құлын Қой- қозы Ешкі- лақ Түйе- бота Ит- күшік Мысық- марғау Аю-
қонжық Түлкі- жәудір Қасқыр- бөлтірік Қоян- көжек (балалар қайталап
айтады)
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар тапсырма
орындағыларың келе ме? Ендеше тақтада тұрған жануарлардың адасып
қалған төлдерін атап жандарына орналастырайық.
1.
Тапсырма: «Жануарларды төлдерін ата»
(ұжымдық жұмыс) Мақсаты: балалар жануарлардың төлдерін
енелерінің қасына қоюлары керек. Оларды атап, үй немесе жабайы
жануарлар екенін табулары керек. Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Қане бір
сергіп алайық, барлығымыз ортаға шығып, теледидарға назар
аударайық. Сергіту: теледидардан бейне баян көру
арқылы жануарлардың қимыл-қозғалысын қайталап
жасайды. Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Сергіп
қалдыңдар ма? Енді ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Даусын
ажырат» Мақсаты: аудиодыбыстағы дыбыстарды
мұқият тыңдап ажырату. Онда мына жануарлардың даустары естіледі:
мысық, ит, жылқы, қасқыр, сиыр, аю.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Ендеше
келесі тапсырманы орындайық. 2- тапсырма:
«Жануарлар
немен қоректенеді?»
Мақсаты: қағаз бетіндегі үй жануарлары
мен жабайы жануарлары, жейтін қоректерін жай қарындаш арқылы сызып
қосу.(жеке жұмыс)

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі
оқу қызметін қорытындылайық. Қорытынды:
-Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі ұнады ма, балалар? -Біздер жануарлардың қандай
түрлерімен,төлдерімен таныстық? -Қандай бейне баян көріп
тамашаладық? -Қандай ойын ойнадық? -Қандай тапсырмалар
орындадық?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Бүгінгі
ашық оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау,
тәттілер тарату. Келген қонақтармен
қоштасу.
