Ашық сабақ "Үй жануарлары" орта топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй жануарлары" орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын» 2-ші кіші топ үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Өткізілетін күні, айы, жылы: 24.11.2020 жыл

Тәрбиеші: Ибраемова Н.Қ


Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Үй жануарлары

Білімділік міндеті: Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыра отырып,олардың түрлерін бір-бірінен ажырата білуге және олардың төлдерін дұрыс атай білуге үйрету,адамдарға тигізетін пайдасы жайлы толық түсінік беру,әр жануардың дыбысталуын меңгерту,сөздерді байланыстырып сөйлеуге қалыптастыру.

Дамытушылық міндеті: Әңгімелету арқылы есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру,өз ойларын еркін,әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру,ойын арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік міндеті:Жануарларға қамқорлық жасауға ,оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Үй жануарларының суреттері,жануарлардың макеті,төлдерінің суретте


Тәрбиеші: - Балалар,бүгін біздерге қонақтар келіп отыр.Олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңбер

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенең бәріңе,

Бас иеміз біз.

Жарайсыңдар балалар. Енді орнымызға келіп отырайық. Орындықта дұрыс отыру ережесін балаларға айту.


Жұмбақ шешу

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (Қой )

2.Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (Түйе)

3.Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы, сақалы бар. (Ешкі)

4. Өрісте ерте өреді,

Біздерге сүт береді (Сиыр)

Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгінгі сабақта біз үй жануарлары туралы айтамыз.Үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

Балалар: -Ауылда тіршілік етеді.

Тәрбиеші: -Ал біз қайда тұрамыз?

Балалар: -Қалада тұрамыз.

Тәрбиеші:-Біз тұратын қаланың аты қалай аталады?

Балалар: -Өскемен қаласы.

Тәрбиеші: Бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы болғандықтан,оларды біз жайлаудан көреміз. Ал сендер жайлауға барғыларың келеме?

Балалар: -Йя

-Жолда көңілді болу үшін «Қошақан» әнін айтамыз.(екі баладан сапқа тұрып жаяу баратын боламыз.) –Міне, балалар біз жайлауға келдік.

Ата:Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе!

Апа:Сендер қай жақтан келдіңдер?

Балалар: Біз балабақшадан келдік.

Апа: Міне балалар бұл біздің жайлау.

Тәрбиеші:-Жайлауда қандай жануарлар жүр екен?

Балалар:Сиыр,Жылы,Қой,қозылар.

Апа:Мен бұл жануарларды бағып қараймын,жем,суын беремін.

Кеше ғана менің мына қойым төлдеді,көрдіңдерме кішкентай қозылары бар.

Тәрбиеші: Балалар қозыларымыз қандай екен?,неше қозысы бар екен?

Балалар: Қозыларымыз кішкентай,екі қозысы бар екен.

Тәрбиеші: Қозыларға жақын барып ,сипалауға болады.

Тәрбиеші: Балалар мына жануарлардың дыбысталуын тыңдайықшы.

Тыңдап қарасақ олардың дыбыстары естіледі:

Балалар үнтаспадан үй жануарларының дауысын естіп,қай жануар екенін табады.

Апа: Сендер барлық жануарлардың дыбысталуын біледі екенсіңдер,тағы қандай өнерлерің бар?

Балалар тақпақ айтады.

1бала: Кіп-кішкене момақан2бала: Шөре-шөре лағым

Қошақанды ұнатам Тентек болма шырағым

Сүйеді апам қозым деп Секектеме деміңді ал,

Қошақаным қозым деп Селтеңдемей құлағың.


3бала: Ақ бұзауым ұнайды

Мө-мө деп сүт сұрайды

Келеді өсіп күн сайын

Тұмсығын созып қарайды.

Апа: Балалар сендер қандай өнерлісіңдер,өнерлерің өрге жүзсін.Мынау сендерге апаларың пысырған бауырсақ,біздің жайлаудың сарқыты,мен оны апайларыңа берейін топтарыңа барған соң апайларың береді.

Балалар топқа қайтады.

Тәрбиеші: Балалар біз жане қайда бардық?

Балалар: Жайлауға бардық.

Тәрбиеші: Жайлауда кімді көрдіңдер?

Балалар: Апаны көрдік.

Тәрбиеші: Тағы нені көрдіңдер?

Балалар:Сиыр,Жылы,Қой,қозылар.

Суреттер мен жұмыс.

Тәрбиеші:Мына суретте нені көріп тұрмыз?

Балалар: Сиырды

Тәрбиеші:Сиыр бізге не береді?

Сүттен қандай тағамдар жасайды?

Сиыр немен қоректенеді?

Сиырды қалай шақырамыз?,Сиыр қалай дыбыстайды?

Балалар:Сиыр сүт береді.Сиырдың сүтін ішеміз,сүтінен айран, құрт, май, қатық, ірімшік,қаймақ жасаймыз, еті тамақ , терісінен киім тігіледі.Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді. Аухау, аухау деп шақырады (хормен айтады).

Тәрбиеші:Ал мына суретте қай жануар?

Қойдың адамдарға қандай пайдасы бар?оның жүнінен не тоқылады?

Қойды қалай шақырамыз?Қой қалай дыбыстайды?

Балалар: Қой. Қойдың жүнінен әр түрлі киімдер тоқиды,еті тамақ,терісінен әртүрлі киімдер тігеді. Қойды пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.

Тәрбиеші: Ал мына суретте қай жануар? Ешкінің де адамдарға пайдасы көп, оның жүнінен не тоқылады?Ешкі қалай дыбыстайды?

Балалар: Бұл ешкі.Оның жүнінен түрлі киімдер тоқиды, терісінен киімдер тігеді,еті тамақ.

Тәрбиеші: Ал мына суретте қай жануар? Жылқының да адамға пайдасы өте көп.Оны адамдар көлік ретінде ұстайды. Сүтінен не дайындайды? Жылқы қалай дыбыстайды?

Балалар:Бұл жылқы. Сүтінен қымыз дайындайды,еті тамақ,терісінен киімдер тігеді.

Тәрбиеші:Ал мына суретте қай жануар?Түйенің сүтінен шұбат жасайды.

Балалар: Бұл түйе.Еті тамақ, терісінен киімдер тігеді.

Сергіту сәті:Топ-топ,етіп басайық.

Ауылға біз барайық.

Қозыларды санайық,

Бір,екі,үш деп.

Алақанды соғайық.

Төрт,бес,алты деп,

Қораға біз қамайық.

Дидактикалық ойын:«Төлін тап»

- Енді, балалар, осы үй жануарларға айтылатын тыйым сөздер бар.

- Қане, тыйым сөздерді айтайық:

- Малды аяқпен тебуге болмайды;

- Таяқпен маңдайына ұруға болмайды;

- Малдың сүтіне түкіруге болмайды;

Қорытынды:

Бүгінгі сабақта сендер қайда бардыңдар?Жайлауда кімді көрдіңдер?тағы нелерді көрдіңдер? Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

Мадақтау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
4092
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі