Ашық сабақ Үйірлі пысықтауыш 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Үйірлі пысықтауыш 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне тәжірибе бөлісу ашық сабағының жобасы, Ашық сабаққа қажетті материалдар мен ғылыми ақпараттар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Үйірлі пысықтауыш

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақта үйірлі пысықтауышты талдау арқылы меңгеру, өзіндік белгілерін танып білу. Басқа үйірлі мүшелерден ажырата білу. 2-3Тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруіне жағдай туғыза отырып, жеке, жұптық жұмыс жасау барысында сыныптың қарым-қатынасын дамыту.

  • Оқуға уәж туғызу, шығармашылыққа баулу; Оқушының салыстыру, талдау, ой қорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.

  • Оқушыларды өзіндік пайымын, бағасын беріп, өзіндік қорытынды шығаруға, сауаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Технологиясы: СТО, СКТ

Әдіс-тәсілдер: жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Оқытуда қолданылатын модульдер: СТО, ОмО жаңа тәсілдері, АКТ, ОүбжОб , ОБжК , ТжДО, ОЖЕСББ.

Көрнекілік: тақта, оқулық, флипчарт, А3, маркерлер.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар үйірлі пысықтауыштың ерекшеліктерін меңгереді, өмірмен байланыстырып өз ойларын айтып қорытындылай біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ескерту

І


Үй тапсырмасын тексеру

Ереже.Пысықтауыш. Синтаксистік сатылай кешенді талдау.



Мотивация/ой қозғау/ СТО

Топқа бөлу. Махамбеттің өлеңін құрастырып оқу арқылы бөлінеді .

Қорапшадан жереби алу.

Қиындыққа тіреліп, мәселені шешу жолын іздестіреді;

Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақ

Үйірлі мүшелердің өзіндік ерекшеліктері, белгілері қандай?


Тақырыпқа шығу

АКТ

Флипчарт №1

Үйірлі бастауыш

Уайымы көптер тез қартаяды.

Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын


Үйірлі анықтауыш

Ақылы бар жігіт өмірден опық жемейді.

Талабы бар жігіт жерде қалмайды


Үйірлі баяндауыш

Оның ең үлкен кемшілігі сабақ оқымау.

Қиыны бұл дүниенің қолы тарлық.


Үйірлі толықтауыш

Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.
Жасау дегеннен көз тұнады.


Үйірлі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауышты өттіңіздер. Олай болса, үйірлі тұрлаусыз мүше не қалды, не жетпейді?

Бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып не жайлы болуы мүмкін?


Оқушылар тақырыпқа шығады


Жұптық жұмыс

Әрбір топтан бір оқушы шығады.


Мақсат қою

  • Ендеше, сабақ мақсатын өзіміз шығарып көрейік. Үйірлі пысықтауышты талдау арқылы меңгеру, өзіндік белгілерін танып білу. Басқа үйірлі мүшелерден ажырата білу.

мақсат қояды


ІІ

Жаңа тақырыпты ашу және меңгерту







































АКТ

Флипчарт №2 Ақпаратпен жұмыс / «Фишбоун» стратегиясы / балық қаңқасы

І топ

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) Байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді:

1) дара пысықтауыш;

2) күрделі пысықтауыш;

3) үйірлі пысықтауыш.

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

Үйірлі пысықтауыш

Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай.

Ит жоқта  шошқа үреді.


Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал  пысықтауыш; 5) себеп  пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.

Үйірлі пысықтауыш өзара бастауыштық-баяндауыштық қатынаста тұрып, бір ғана сұраққа жауап беріп, пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер тобынан тұрады.


ІІ топ

Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды. Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. Үйірлі мүшелі сөйлем түрлеріне қазақ тіл білімінде алғаш зерттеу нысаны етіп алып зерттеген, «үйірлі мүше» деген терминді қазақ тіл білімінде алғаш енгізген Сағи Жиенбаев. Ал Қайырболат Мұқанұлы Есенов үйірлі мүшелі құрылымдарды жай сөйлем құрамындағы күрделенген сөйлемдердің оралымды түрі, оның ішінде қабыспалы оралым ретінде қарастырады. Кейін Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаевтың «Үйірлі мүшелі сөйлем мен сабақтас сөйлем арасында мағыналық жағынан да, интонация жағынан да елеулі ерекшеліктері бар» деуіне толықтырулар енгізген дұрыс сияқты. Үйірлі пысықтауыштардың кейбір формаларының сабақтастармен интонациялық ұқсастықтары барын Сағи Жиенбаев дұрыс ескерткен болатын деп жазған.

ҮМ-нің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызады:

1) ҮМ-дің тобымен жүріп, бір ғана сұрауға жауап беруі;

2) Жай сөйлем мүшелерінен ҮМ-нің интонациялық ерекшеліктерінің болмауы;

3)  Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.

Үйірлі пысықтауыш өзара бастауыштық-баяндауыштық қатынаста тұрып, бір ғана сұраққа жауап беріп, пысықтауыш қызметін атқаратын сөздер тобынан тұрады.
Мысалы: Шындық бар жерде /қайда?/ өтірік байқап жүреді.

Шындық жоқ жерде /қайда?/ шіреніп шайқап жүреді

АКТ-мен жұмыс

Флипчарт № 3,4,5,6

Флипчарт № 7 РАФТ статегиясы

Роль

Аудитория

Формат

Тақырып «Табиғат-тәңір сыйы»

Топтық жұмыс


Ақпарат алады



Постерге түсіреді.











Анықтайды


Ажыратады








Саралайды


Жинақтайды














Интербелсенді тақтамен жұмыс






ОЖЕСББ.




ОмО жаңа тәсілдері












ОБжК

















АКТ




ТжДО


ІІІ

Бекіту

Тест /10 сұрақ/

Кубизм стратегиясы.

Баяндаңыз. Үйірлі пысықтауыштың ережесін айтыңыз.

Зерттеңіз. Үйірлі мүшелерді зеттеген ғалымдарды атаңыз.

Қолданыңыз. Үйірлі пысықтауышқа мысал келтіріңіз.

Талдаңыз. Көз көрмей көңіл сенбейді

Болжамыңыз. Үйірлі мүшені анықтау болжамыңыз. Өзіндік белгілері.

Салыстырыңыз. Күрделі пысықтауыш пен үйірлі пысықтауышты салыстырыңыз.

Жеке жұмыс



ІҮ

Қорытынды

Rефлексия



Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар?

Қандай тың мәлімет алдым?

Қайған мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?


Оқушының пікірі, сабақ тақырыбының мақсатына жетуі-жетпеуі/

Ү

Бағалау




Бағалау парағы

Аты-жөні

Топтық

жұмыс

1 ұпай

Жеке жұмыс

1ұпай

Жұптық жұмыс

1ұпай


Өзіндік пікір

айтуы

рафт/эссе

1ұпай

Тест

10-8 ұпай

7-6 ұпай

5-4 ұпай

Қорытынды баға

14-12 ұпай –«5»

1 1-10ұпай –«4»

9-8 ұпай – «3»










Өз бағасы, мұғалімнің бағасы.

ОүбжОб


Үй тапсырмасы:

Ереже. 66-67 –беттерді оқу. Көркем әдебиеттен үйірлі пысықтауыш қатысқан 3 сөйлем теріп жазу.




Пән мұғалімі:Мұхаметжанова Р.Ж.

Тексерілді:







Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫ









Shape1





ТАҚЫРЫБЫ: ҮЙІРЛІ ПЫСЫҚТАУЫШ









Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мұхаметжанова Р.Ж.




Павлодар қаласы -2017-2018 оқу жылы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1858
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі