Ашық сабақ "Ұжымдағы адам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ұжымдағы адам"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы адам

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға еңбек ұжымы, ұжымдағы адамдардың қарым – қатынасы, ынтымақтастығы, мәдениеті, сыпайылық, әдептілік ұстанымдары туралы баяндау.

2) Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бір-біріне сенімін, көмегін, байланыстарын арттыру.

3) Ұжымдағы ережені өз арларында бекітуді, теорияда алған білімдерін практикада қолдана білулерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма, видео ролик.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру - оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау . «Мозайка» әдісі арқылы сынып 4 топқа бөлінеді.

«Баспалдақ» арқылы алдыңғы білімге шолу жасайды. Әр сатыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты қандай деңгейде меңгергендіктерін көрсетеді.
1. Адамдар арасында өмір сүру дегеніміз не?
2. Қарым - қатынас деп нені айтамыз.
3. Адамдардың қарым - қатынас ұғымдарына нелер ж
атады?
4. Қарым – қатынастың жақтарын ата.
5. Лат. Communication - біріктіремін, байланыстырамын қарым – қатынастың қай жағы?
6. Интерактивті жағы ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
7. Қарым – қатынастың перцептивтік жағын түсіндір.
8. Қарым – қатынас түрлерін ата?
9. Адамдардың өмірлік қызмет аясы қандай?
10. Қарым - қатынастың формаларын ата.

ІІІ. «ЖИГСО-1» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты талқылайды.

Жоспар:
1. Еңбек ұжымы, қарым - қатынас мәдениеті және этикет.
2. Ұжымдық қарым – қатынас үдерісіндегі демократиялық.
3. Ұжымдағы адамдардың ынтымақтастығының өндіріс үдерісіне әсері.
4. Қарым - қатынастағы сыпайылық, әдептілік ұстанымдары.

«Ұжымдық қарым-қатынас» тақырыбындағы видеороликтерді көріп, дұрыс-бұрыстығын талқылайды.


IV. Сабақты бекіту: Үлестірмелі тапсырмалар.
1 - топ
1. ----------- бұл – адамдардың өзара -------- формасы, өзара ----------- және эмоциялыққатынас актісі.
2. Ұжымдағы басшыңызбен қарым-қатынас орнатып, қатынастың қай түріне жататынын анықтаңыз.
3. Тест
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз бұл -
а ) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын меңгеру
б) мақсат пен істің мазмұнын іріктей алу
в) ойды тиянақты жеткізу
г) барлығы дұрыс
4. Еріктік қатынас тұрғысынан тең пікірлесушілер қарым – қатынасын көрсетіңіз.


2 - топ
1 Ұжымдық қызмет алға басу үшін қажетті шарттар.
2 Ұжымыңызбен вербалды емес қарым - қатынас орнатыңыз.
3. Қарым - қатынас түрлері ата?

4. Төте және жанама қарым – қатынас айырмашылығын атап көрсетіңіз.

3 - топ
1 Қарым – қатынастағы демократиялықты түсіндір.
2 Адамдардың белгілі бір --------- қолданып қарым - қатынасқа түсуі
------------------- қарым - қатынас деп аталады.
3 Адамдар арасындағы қарым - қатынастарда біреудің екіншіге
үстемдік жүргізуі құптарлық әрекет пе?
3. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрессте қарым – қатынас қалай жүргізіледі?


V. Үйге тапсырма: «Болашақ менің мамандығым» тақырыбында ойтолғау жазу.


VI. Бағалау


Сабаққа кері байланыс алу мақсатында тақтаға қоқыс жәшігінің, ет шеккіштің және жол сөмкенің суреттерін ілемін.

(Берілген суреттерге бүгін сабақты әлі де түсінбегендері болса стикерге жазып, қоқыс жәшігіне, не болмаса әлі де ой елегінен өткізу керек болса, ет шеккішке, барлығын түсініп алған болса, жол сөмкеге жапсырып шығады).













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2018
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі