Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үлестер және бөлшектер туралы түсінік 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжиірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу Жолдағы уақыт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 4 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100-ге дейінгі және жүздіктен санның бөлігін және бөлік бойынша санды табу.

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның бөлігін қалай табу керек және бөлік бойынша санды табуды түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек,алым, бөлім

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Санның бөлігін қалай табуға болады?

Бөлік бойынша санды қалай табуға болады?

Бөлшектің алымы нені көрсетеді?

Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Жазу:

Есептерді шығарғанын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшек пен үлес туралы түсінік. Бөлшек пен үлесті жазу.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


0–3

Ынталандыру.

Оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, ойша Алматы қаласына саяхатқа шығу тапсырылады.Жолда табиғаттың көрікті жерлерін тамашалай отырып, Алматыға жеттік.Көзімізді ашайық. Астанадан Алматыға дейін біз жолда тәуліктің бөлігін жүріппіз, жолға қанша уақыт кетті?

Саяхат, жолдағы уақыт жайында әңгімелесу.

Жолға кететін уақыттың ұзақтығы неге байланысты?

Бой сергіту

Слайдты ашып,суреттерге қарап, бөліктерін айтқызу

1.Жұлдызшаның неше бөлігі боялмаған?

2. Неше бөлігі жасыл түспен боялған?

3. Неше бөлігі күлгін түспен боялған?

4. Дөңгелектің неше бөлігі боялмаған?

5. Дөңгелектің неше бөлігі жасыл түспен боялған?

6. Дөңгелектің неше бөлігі күлгін түспен боялған?

7. Үшбұрыштың неше бөлігі боялмаған?

8. Үшбұрыштың неше бөлігі жасыл түспен боялған?

9. Үшбұрыштың неше бөлігі күлгін түспен боялған?

Келесі тапсырма мандариндерді және оның бөліктерін санау.

Мандарин нешеу?

Әр мандарин неше бөлікке бөлінген?

Суретке қарап есеп құрастыру.

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалау. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттайды.




Уақыт бірліктері кестесі



















4–6


Белсендіру.

(Ө.)Оқушылар бөлшек туралы түсінікті бекіту үшін тапсырмалар жазылған карточкаларды алады.

Тіктөртбұрыштың бөлігін жасыл түспен бояп қой.

Фигураның бөлігін сарымен және бөлігін қызылмен бояп қой.

Фигураның бөлігін қызғылт түспен боя.

Фигураның қандай бөлігі боялмай қалғанын жаз.

"Шапалақ ұру .арқылы" бағалауЖауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды. (Ұ.)Осыдан кейін оқулықтағы ұқсас №1 тапсырманы орындау.Бөлшектерді ататып, оларды кему ретімен жаздыру.

«Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (Бөлім бүтінді неше бөлікке бөлгенін көрсетеді).

Бөлшектің алымы нені білдіреді? (Алым неше тең бөлікті алғанын көрсетеді).

"Отшашумен" бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады.

(Т.)"Жүгірме диктант"

Сыныптың үш қабырғасына үш топқа арналып тапсырмалар ілініп қояды. Белгі бойынша топтағы оқушылар кезекпе-кезек тапсырманы көріп келіп, орындайды.1-оқушы жазып жатқанда 2-оқушы жүгіріп барып көріп келіп, жалғастырады.Тапсырма жазылып біткен соң, тексеріледі.

Тапсырма: бөлшек түрінде жазу.

1. Қарбыздың жартысы

2.Алманың төрттен бір бөлігі

3.Кесіндінің үштен бір бөлігі

4.Торттың бестен бір бөлігі

Шаблон арқылы бағалау


Фигуралар салынған карточкалар, бояу қалам


























Тапсырмалар жазылған қағаздар, маркер, шаблон


7–11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

2 (а) тапсырманы оқу. Есепті оқып болған соң оқушыларға мақсат қойғызу.






12–29


Жаңаны ашу.

(Т.)№ 2 тапсырма

Есепті оқу.

а)Саяхатшылар бір тәуліктің бөлігін пойызда өткізді. Саяхатшылар қанша уақыттарын пойызда өткізді?

Есепті талдау:

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бүтін белгілі болса, бөлікті табуды есептеу керек).

Алдымен жауапты оқушылар өз беттерімен тауып ,сосын шешімдерін ортаға салу. Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдеу. (қажетті сурет слайдта).

Есепті тексеру барысында оқушылар шешім шығарады: санның бір бөлігін табу үшін, осы санды бөліміне бөлу керек, алымына көбейту керек (шаманың бір бөлігінің неге тең екенін білу үшін).

ә)Саяхатшылар пойызда 6 сағат болды.Бұл барлық жолдың бөлігін құрайды. Саяхатшылар жолда барлығы қанша уақыт болды?

Есепті талдау:

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бөлік белгілі болса, бүтінді табуды есептеу керек).

Алдымен жауапты оқушылар өз беттерімен тауып ,сосын шешімдерін ортаға салу. Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдеу. (қажетті сурет слайдта).

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер беріледі.Осы түстер арқылы өздерін бағалайды. Жасыл түс-"Түсіндім",Сары түс- "Сұрағым бар", қызыл түс -"Түсінбедім"сабақты меңгеруіне қарай осы түстердің біреуін көтереді.

Келесі тапсырма слайд бойынша жүргізіледі. Оқушылар сурет бойынша бөлшектерді жазып,оқып шығады. Бөлшектің алымы, бөлімі туралы айтады. Тапсыраманы орындау барысында оқушылар бөлшек туралы білімдерін тиянақтайды.

Сергіту сәті

"Қошемет" тренингін жүргізу

Оқушылар шеңберге жиналады, бастаушы "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ұ.)№3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсынады.

а)Бірінші пойыз жолда 6 сағат болды. Бұл -жолдағы барлық уақыттың жартысы.

Есепті талдау:

Үлесі бойынша санды қалай табамыз?

ә)Екінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл-жолдағы барлық уақыттың төрттен бір бөлігі.

б)Үшінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл- жолдағы барлық уақыттың оннан бір бөлігі.

Кесте құрастыруға болады.

Өткен уақыт

Жолдың бөлігі

Жолдың жалпы уақыты

1-ші пойыз 6 сағ

12сағ

2-ші пойыз 6 сағ

24 сағ

3-ші пойыз 6 сағ

60 сағ

Смайликтермен бағалау

(Ж.)№4 тапсырманың а) бөлігін жұпта орындау.Бұл тапсырманы орындауда оқушылар санның үлесін табады.Оқушыларға алдымен есепті талдап, қысқаша шартын құрғызу.Оқушылар есепті санның үлесін табу ережесіне сүйеніп шығарады.

Есепті оқу.

Пойыздың жолда жүру уақыты- 36 сағат. Ол жолдың бөлігін жүріп өтті.Пойыз жолда қанша сағат жүрді?

Есепті талдау:

Санның бөлігін қалай табады? Ережесін еске түсіру.Есептің шартын құрып, шығару.

Смайликтермен бағалау.



Оқулық, дәптер

























Жасыл, сары, қызыл түсті сигналды карталар


















Оқулық,дәптер

Смайликтер



Кесте

























30–38


Жаңаны қолдану.

(Т.) №5 тапсырманы "Карта" ойыны арқылы орындату.Тапсырманың сұрағы мен жауабы бөлек-бөлек жазып, араластырып, топтың алдына тастайды, оқушылар таңдап алады, 1оқушы сұрағын ортаға тастайды, жауабы бар оқушы картаны басады.

1)Тәуліктің бөлігі 1) 6 сағат

2)Тәуліктің бөлігі 2) 4 сағат

3)Тәуліктің бөлігі 3) 8 сағ

4)Тәуліктің бөлігі 4) 3 сағат

Осы жұмысқа қосымша сағат суреттері бойынша тәуліктің жартысын, ширегін, төрттен екі бөлігін айту.

"Отшашу" арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады.

Дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырманы орындау.

Мен:

  • санның және шаманың бөліктерін табуға арналған есептерді шығарып, зерттеуді санды/шаманы бөлігі бойынша табуды;

  • кері есепті құрастыру және шығаруды;

  • санның/шаманың бөлігін сан бойынша табуды білемін.

Қайталау.

(Ө.) 6 тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Көрсетілген кесінділерді сызу.Бұл тапсырманы орындауда санның үлесін табуды меңгереді.Кесіндіні сызбас бұрын санның үлесін табудың ережесін басшылыққа алу.

а) 20 см-дің бөлігі

ә) 18см-дің бөлігі

б) 12 см-дің жартысы

Смайликтер арқылы бағалау

(Ұ.)№7тапсырманы ауызша орындау. Бөлікке бөлінген шокаладтарға қарап,а) және б) бөліміндегі шокаладтар теңдей қанша бөлікке бөлінгенін айтқызу.

"Шапалақ ұру"арқылы бағалау

Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды.

Бекіту есебінде бөлшектерді слайдқа қарап қайталап, естерінде сақтау.

Үйге тапсырмаға №4 ә), № 5 ә) бөлімдерін беру.


Оқулық.карта ойынына арналған тапсырмалар





































Сызғыш







39–40


Рефлексия.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қалай жұмыс жасадыңыз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12