Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлттық кітапхана" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих, мәдениет тілдің біртұтастығы: өмір бойы оқуға дайын болуды дарыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: 113 Әл- Фараби атындағы жалпы орта мектеп.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: VІ бөлім. Әлемдегі ірі кітапханалар

Сабақ тақырыбы: Ұлттық кітапхана


Күні 27. 04. 2018

Мұғалімнің есімі: Ханходжаева Ф.А


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




5.1.3.1. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен

тірек сөздердің мағынасын түсіну.

5.2.5.1. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын

диалогке қатысу.

5.5.1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда

орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға бай-
ланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін орынды

қолданып, мәтін ішінен болымды және болымсыз етістіктерді қатысты-

рып, диалог құрастыра алады.

Кейбір оқушылар: Болымды, болымсыз етістіктерді ажыратады. Диалог

құрастыру барысында жаңа сөздерді тиімді пайдалана отырып, болымды жә-

не болымсыз етістіктерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолданады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


  • Жаңа сөздердің мен тірек сөздердің мағынасын, мазмұнын түсінеді, ашады.

  • Берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді, шағын диалог құрасты-рады.

  • Диалог құрастыру барысында болымды және болымсыз етістіктердің жазылуы және айтылуын орынды пайдаланады, жұрнақтарын дұрыс жалғайды.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар: тыңдалым

Айтылым

Терминология: басылым, қорғауында, папирус, жоба, сәулет.

Сөз тіркестері: пайда болған, кітап қорында,ең ірі, мемлекет қайраткері,

рухани байлық, ұлттық қойма, қолға берілді, арнайы жоба, сәулет өнері


Құндылықтарды дарыту

Тарих, мәдениет тілдің біртұтастығы: өмір бойы оқуға дайын болуды

дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Тарих:Әлемдегі кітапханалар туралы айту.

Өзбек тілі:Болымды, болымсыз етістіктерді бір-бірімен салыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ, бейне жазба, ғаламтордан мәлімет көрсету: «massaget.kz.» Ұлттық кі-

тапханалардың суреті.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Кітапхана туралы мәліметтер біледі.Кітаптың адам өміріндегі алатын орнын түсінеді.

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(12минут)


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа наза-

рын аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Шаттық шеңбер» әдісі.

Оқушылар қол ұстасып шеңбер құрап, бір-бірлеріне жақсы тілектерін

білдіреді.

Жаңа тақырыпта кездесетін сөздерге сай топқа біріктіру.

«Мәдениет»

«Тарих»

«Өнер».

«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1 Кітапхана деген не?

2 Қандай кітаптарды оқығансың?

3 Мектепте кітапхана қандай?

Дескриптор:

  • Кітапхана туралы мәліметтер біледі.

  • Оқыған кітаптары туралы түсінік айта алады.

  • Мектеп кітапханасы туралы өз пікірін айтады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың жауап беру ерекшелігіне қарай жұлдызшаның түстері арқылы бағалау.

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1




Оқушыларға бағалау парақшасын таратамын. Қойылған бағаларды жазып отырады.

Сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.























Жұлдызша






Бағалау парақшасы





Интер-

белсенді

тақта


https://goo.gl/

images/pvjYuh.

Ортасы

(20минут)


Жаңа сабақ:

Тыңдалым, айтылым дағдысы

«Ойлан, ізден, тап!» әдісі арқылы оқушылар топпен бірігіп мәтінді оқи-

ды, тірек сөздерді тауып, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.


Ең бірінші кітапханалар қашан пайда болған?

Ең бірінші кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежел-

гі мысырлықтар папирус қағаздарға жазған. Қазақстанда ең бірінші

кітапхана 1883 жылы Семейде ашылған. Кітап қорында 260 том кітап

болған.

Қазақстан республикасындағы ең ірі кітапхана – Ұлттық кітап-

хана. Ол Алматы қаласында орналасқан. Кітапхана 1931 жылы ашыл-

ған. Кітапхананың алғашқы директоры—мемлекет қайраткері Ораз

Жандосов. О.Жандосов кітапханаға Қазақстан туралы, қазақ тіліндегі

Басылымдарды жинаған. Кітапхана –рухани байлықты сақтаушы ұлттық кітап қоймасы. Кітапханаға 1991 жылы «Ұлттық кітапхана» деген ат берілді. Кітапханаға 1 жылда 1 миллионнан астам оқырман келеді, 2 миллиондай кітап қолға беріледі.Ұлттық кітапханада 14 оқу залы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы –әлемдегі ірі кітапханалардың бірі. Ұлттық кітапхананың ғимараты 1971жылы арнайы жобамен салынған. Ол Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің туындысы. Кітапхана Қазақстан

дағы тарихи, мәдени ескерткіштердің бірі. Ұлттық кітапхана Мемлекеттің қорғауында.

Дескриптор:

1 Мәтіннің толық мазмұнын түсінеді.

2 Мәтін ішінен етістіктерді тауып, болымды, болымсыз түрлеріне

ажырата алады.

3 Етістіктердің жасалу жолын түсіндіре алады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың тапсырманы орындау

деңгейіне қарай күлегештер арқылы бағалау


Айтылым дағдысы

Жұптық жұмыс: «А,В,С» әдісі арқылы «Сен қандай кітапханаларды білесің?» тақырыбында диалог құрастырады.


Дескриптор:

  1. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап бере алады.

  2. Диалог барысында жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолдана алады.

  3. Болымды, болымсыз етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрай алады.

Кері байланыс беру

Қалыптастырушы бағалау : (бағдаршам арқылы)

Оқушылардың сұраққа жауап беру ерекшелігіне қарай, бағдаршам түстері арқылы бағалау.

Тілдік бағдар:

4-тапсырма. Етістіктің түбіріне –ған/ -ген, -қан / -кен жұрнақтары мен «жоқ» сөзін тіркестіріп, болымсыз етістікке айналдыр.



ат берілді- ашуланды-

қолға берілді- жинады-

жұмыс істеді- тапты-

оқырман келді- ұқыпты ұстады-

Дескриптор:

  1. Етістіктің болымды, болымсыз түрін ажырата алады.

  2. Етістіктің түбіріне –ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары мен «жоқ» сөзін тіркестіріп, болымсыз етістікке айналдырады.

  3. Сауатты, ұқыпты жазады.

Кері байланыс беру.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың тапсырманы дұрыс

орындау ерекшілігіне қарай күлегештер арқылы бағалау.


Оқулық

Қазақ тілі

Көкжиек

Горизонт

2017ж
























Күлегештер












Бағдаршам

Аяқталуы

(8минут)



Бағалау: Критерийлер мен қалыптастырушы бағалау нәтижесін

көрсететін өзара бағалау парақшасын талқылау.

Кері байланыс: «Үш нәрсе үйрендім, бір сұрағым бар» әдісі арқылы

қорытындылау.

Үш нәрсе үйрендім

Бір сұрағым бар



Үй тапсырмасы: 7-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне

аударып, сөйлемдерді толықтыр.


Кері байланыс парақшасы

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабағымдағы саралау әдістерін оқушылардың қабілеттеріне

қарай жүргіздім. Сабағымда қолданылған «шаттық шеңбер»,

«миға шабуыл», «ойлан, ізден, тап!», «үш нәрсе үйрендім,

бір сұрағым бар» әдістерін оқушының деңгейіне қарай сұрап қадағалаймын. Барынша оқушыға қолдау көрсетіп, еркін

пікір айтуға дағдыландыру.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Қалыптастырушы бағалау: мақтау, марапаттау, қолдау.

«Күлегештер» арқылы, «Жұлдызшалар» арқылы, «Бағдар-

шам» арқылы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ шынайы мақсатқа құрылған. Мақсатқа жету үшін

түрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды, сабақ тақырыбы толық ашылды.

Оқушылар ұлттық кітапханалар туралы толықтай мәлімет

білді,болымды, болымсыз етістіктер туралы түсінді. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты.

Барлық оқушылар бағаланды.

Сабақта уақыттан тиімді пайдаланылды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Ойлан, ізден, тап!» әдісі табысты болды.

2.Оқушылардың «Миға шабуыл» әдісі сұрақтарына жауап беруі табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Жұптық жұмыс: «Сен қандай кітапханаларды білесің?» тақырыбындағы диалог сабақты жақсартты.

2.Бағалау түрлері сабақты жақсартты.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.Қабілетті оқушылардың сабақтағы қатысуы жақсы болды.

2.Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар дайындауым керкек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
3462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі