Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Ұлттық қолөнер бұйымдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алиакбарова
Зинеш
Бағыты: Көркем
еңбек
Бөлімі: Ашық сабақ Ұлттық қолөнер
бұйымдары
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық қолөнер
бұйымдар.
Сабақтың
мақсаты:
а) Білімділік:
Қазақтың қолданбалы қолөнер бұйымдарының түрлері мен қолданылатын
материалдары және орындау техникасы туралы түсінігін
қалыптастыру.
б) Дамытушылық:
Оқушылардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының
бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың,
ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін
дамыту.
в) Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу,
ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
аралас
Сабақтың типі:
жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық, ой қозғау,
сайыс
Пәнаралық
байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих,
әдебиет.
Көрнекілігі:
Слайд, қоржын, тұтқыш, түскиіз, бағалау парағы, дайындамалар,
топтамалар, нұсқау карта.
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың назарларын сабаққа аудару,
түгендеу.
II. Үй тапсырмасын
сұрау:
«Бөшкеден
шыққан бас қатырғылар» топ мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлерді
алып, сәйкес үй тапсырмасы және қайталау тақырыбы бойынша
сұрақтарға жауап береді..
1. Шығармашылық
жоба дегеніміз не?
2. Химиялық
талшық дайындайтын шикізат?
3. Кестедегі
шалу түрлерін ата?
4. Химиялық
талшықтардың қасиеті?
5. Тоқу кезінде
ілгек бізді қалай ұстау
керек?
6. Қандай
талшықтарды "синтетикалық" деп
атаймыз?
7. Шалмалы
бағаншаны қалай тоқимыз?
8. Жасанды және
синтетикалық талшықтан алынатын матаны
атаңдар?
9. Тоқу үшін
қолданылатын иірім жіп
түрлері.
10. Қандай
талшықтарды "жасанды" деп
атайды?
III. Жаңа
сабақ:
Қазақ қолөнері,
ұлттық өнер өткен өмір еншісіне айналып, оған мән берілмей, кейбір
бұйымдарымыздың көзі жоқ болуда, тіпті мұражайдан да таба
алмайсың.
Қазақтың
қолданбалы өнері дайындалатын материал түріне қарай ағаштан,
сүйектен, теріден, металл, текстиль материалдардан дайындалған
болып бөлінеді.
Қазақтың ұлттық
бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын,
алаша, аяққап, тұтқыш, ою - өрнек, құрақ құрау. Ағаш бұйымдары:
сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,
сақина, бойтұмар.
Бұл бұйымдар аталған кезде мынадай өлең
жолдары ойыңа оралады.
Қолөнер құрақ құрау, ою -
өрнек,
Атты баптап, ер
тұрман, қамшы өрмек,
Салт - дәстүрі
ешкімге ұқсамаған,
Қазақта ғой
байлаған жіпті күрмеп.
Қазақта
қолөнердің кереметі,
Оюлап шығарған
сырмақ пен текеметті.
Қандай шебер,
қазақ қыздары, айтыңдаршы,
Құрақты,
оюлауды дөңгелетті.
Бүгін біз сол ұлттық қолөнер бұйымдарының
бірегейімен танысамыз.
Төсеніш
бұйымдары.
Тұскиіз -
сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны
жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді
безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б.
маталардан бетіне ою - өрнектер
тігіледі.
Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек
басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз
басқан әдіспен басады.
Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған
төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою
басқан тігістеріне жиек басып, сырып
жасайды.
Алаша - жүнді иіріп жіп аламыз, оны әр түрлі
түске бояймыз, сол жіптен тоқылған төсеніш. Алаша "терме" және
"қақпа алаша" деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде
қолданады.
Үй тұрмыстық
бұйымдары.
Кесеқап – кесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ
қоғамында көшіп - қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан жасалған.
Кесеқап аяққап, қолдорба сияқты төрт бұрышты етіп жасалмайды.
Ұзындау келген тоқылған жалпақ басқұрға кесе сиятындай етіп қалта
тігеді де, әр қалтаға кесе салып, сынбайтындай етіп орауға
лайықталып жасалады. Оны "қалташық" деп атайды. Кесеқаптың сыртынан
байлайтын бауы болады. Кейін кесеқаптарды былғарыдан да жасайтын
болды. Кесеқап биіктігі 30 - 35 см түбінің диаметр 10 - 15 см,
жоғарғы жағында шашақталып жасалған қақпағы да
болады.
Алиакбарова
Зинеш
Бағыты: Көркем
еңбек
Бөлімі: Ашық сабақ
Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың
тақырыбы: Қолөнер.
Сәндік-қолданбалы өнер элементтерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Оқу процесінде оқушылардың белсенділік рөлін арттырып, бірлесе
шешуге, ұйымшылдыққа, іскерлік, шеберлікке үйрету. Қолөнердің сырын
түсіне отырып, ізденуге, танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал
ету, эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау, киімді көркемдеп
сәндеу, өнерге ынтасын, қабілеттерін дамыту.
Халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрлерін құрметтей білуге,
өнерді түсінуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-суретті, баяндау, әңгмелесу.
Сабақтың
көрнекілігі: көрменің
бұйымдары, даналық сөздер, мақал-мәтелдер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі (Үй тапсырмасын
тексеру, бағалау)
ІІ. Жаңа сабақ.Даналық
сөздердің мағынасын ашу,
әңгіме өткізу.
«Өнерліге - өріс кең»
«Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас»
«Өнер көкке жеткізер»
«Өнер жұтамас байлық, таусылмас азық»
Халқымыздың қолөнерінің сыры мол, өрнегі ғажап. Әрбір оюдың ізінде,
әрбір оюдың өрнегінде ұлағат сыр, тарихы мол шежіре бар. Өткен
тарих шежіресін біз бүгінде «Технология» пәні арқылы біліп, заман
көшіне білімімізбен ілесіп отырамыз. Шынайы өнердің адамға әсері
мол. Ою - өрнектер, сырлы суреттер, қолөнері ұлттың нағыз шынайы,
пәк өнері.Әр халықтың өзіне тән қолөнері болады. Қазақ халқы да
өзге ұлттан асыл мұрасы, ою - өрнегі арқылы ерекшеленеді. Әрбір
текемет, сырмақ түрлерінен, алқа, сырға бұйымдарынан ойы ұшқыр,
сезімі жоғары, қиялы терең, талғампаздықты көреміз.«Өнерім –
жақсылардың жан азығы» - деп өнердің рухани нәрін халқымыз ерекше
атаған. Талай ғасырдан сүрінбей бізге жеткен асыл мұраларды берік
қойма, алтын сандық ойымызда сақтауға тырысамыз. Зергерлік өнер –
қолданбалы көркем шығармашылықтың ең көне түрлерінің бірі. Бұл өте
нәзік те күрделі өнер.
Қазақ ою - өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Ою - өрнек
қазақ халқы қолөнерінің кең тараған түрі болып табылады және тұрмыс
тіршілігінде кеңінен қолданылып, ерте заманнан бері ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнер түрінің бірі. Егер шынайы
ынтамен үйренуге, түсінуге құлшынсаңдар, өнер тереңде жатқан
тамырларын, биікте тұрған шынарын алақандарына салады. Әрине, мұның
өзі өздігінен келмейді. Ерінбей еңбектеген, ойы ұшқыр, қиялы
қанаттылар ғана жан - жақты меңгереді.
2.Мақал - мәтелдер
Өнер,
еңбек туралы және халықтық
болжамдар мен тиым сөздер.
1. Шебер көп жерде - өнер көп.
2. Оюды оя алмаған – ойланбаған.
3. Ойсыздан оюшы шықпайды.
4. Білмеген нәрседі сұрап алуды ар көрме,
Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді.
Еңбек туралы
мақал - мәтелдер:
1. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткіз.
2. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
3. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей.
4. Көз қорқақ, қол батыр.
Тиым
сөздер.
Қазақ халқының табиғатты қорғау, үлкенді сыйлау, малды аялау
жайындағы үлгі - тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер болған.
1. Қарлығаштың ұясын бұзба!
2. Құс балапанына, жұмыртқасына тиме!
3. Мал көгенін аттама!
4. Бос бесікті тербетпе!
Халықтың табиғатты болжаулары:
1. Аспанда жұлдыздар көп болса, күн жылы болады.
2. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
3. Мысық мияулап үйден қашса, жер сілкінеді.
4. Сиыр егіз тапса, жұт болады.
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес,
эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік
немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі
кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері
әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер
шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер
қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан
жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан
шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.Әр істің өз шебері болады:
кестеші тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы. т.
б.
ІІІ. Практикалық
жұмыс (өз таңдауы бойынша
қолөнер бұйымын бастау, қауіпсіздік ережесін
сақтау)
ІҮ. Сабақты
бекіту. Сабаққа қатысымы
бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
беру:бұйымды аяқтау, құралдар,
құрақ маталарды әкелу.