Материалдар / Ашық сабақ. Ұлы Жібек жолы 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Ұлы Жібек жолы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне арналған. Ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1290
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі


Сынып: 6 А

Күні:

Мектеп: Балуан Шолақ атындағы менктеп-лицей



Мұғалімнің аты-жөні:Теңсел Н


Сабақтың тақырыбы

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Сабақтың зерттеу сұрағы

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;

Сабақ мақсаты

Барлығы: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына және көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтайды

Көпшілігі: Ұлы Жібек жолының саяси картадағы бағыттарын белгілеп, қалаларды картадан көрсетеді

Кейбіреулері: Ұлы Жібек жолының орта ғасырлардағы мемлекеттердің дамуына ықпалын талдайды

Бағалау критерийлері

Ұлы жібек жолының пайда болуы мен таралу аймағын біле алады

Ұлы Жібек жолының бағыттарын анықтай алады.

Ұлы Жібек жолының саяси картадағы бағыттарын белгілей алады

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарға ықпалына талдай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бейнематериал негізінде сұрақтарға жауап береді (тыңдалым және айтылым дағдылары). «Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастардың нығаюына әкелді» немесе «Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастарда қайшылықтардың күшеюіне әкелді» ұстанымына ой-түйін жазады (жазылым дағдысы). Зерттеу нәтижелерін сынып алдында қорғайды және талқылау сұрақтарына жауап береді (айтылым дағдысы).

Пәндік лексика және терминология:

Жібек, жібек құрты, Ұлы Жібек жолы, Қытай, сауда, керуен жолы, айырбас сауда, елшілік, көш, тауар, Батыс және Шығыс қақпа, Батыс Еуропа-Батыс Қытай, ;

Диалогқа және жазуға қажетті сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолының пайда болуына әсер еткен себептер...

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың күшеюіне әкелді, себебі...

Ұлы Жібек жолы арқылы .... дамыды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар Ұлы жібек жолы тармақтарының еліміздің аумағы арқылы өткендігімен мақтанады. Қазіргі таңдағы осы жолдың заманға сай қайта жаңғырғандығын айтып және сол жолдың игілігін өзіміздің көріп отырғанымызды түсінеді.

Құндылықтар:патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, ұлттық сана-сезім, тәуелсіздік.

Пәнаралық байланыстар

Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады

Осыған дейінгі білім

Ұлы Жібек жолының пайда болуы туралы біледі.


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ақпарат, ресурс көздері

Сабақтың басы

2 минут



Сабақтың ортасы


6 минут
































6 минут











8 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.


Жеке: 1-тапсырма. Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтарды алдын-ала таратыңыз.

  • Ұлы Жібек Жолы қай ғасырға жатады?

  • Ұлы Жібек жолының қандай сауда жолдары болды?

  • Бұл сауда жолдары арқылы қандай тауарлар тасылды?

  • Қазақстанның шығысына шығатын басты қақпа?

  • Қазақстанның батысына шығатын басты қақпа?

  • Ұлы Жібек жолы қандай ортағасырлық қалалар арқылы өтті?

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының бағыттарын анықтайды.

Дескрипторлар:

Ұлы жібек жолының қай ғасырға жататыны туралы сұраққа жауап береді;

Ұлы жібек жолы арқылы тасымалданған тауарларды анықтайды;

Ұлы Жібек жолының Қазақстанның батысына шығатын қақпасын біледі;

Ұлы Жібек жолының Қазақстанның шығысына шығатын қақпасын біледі;

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық қандай қалаларды басып өткенін біледі;

Топ: 2-тапсырма.Оқушыларға кескін картамен жұмыс жасатыңыз.Кескін картада белгілеуі керек:

1-топ:Ұлы Жібек жолының бағыттары;

2-топ:Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар;

3-топ:Ұлы Жібек жолының Батыс және Шығыс қақпалары;

Бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының саяси картадағы бағыттарын белгілейді.

Дескрипторлар:

Ұлы Жібек жолының бағыттарын белгілейді.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды көрсетеді (Қазақстандағы тармағы бойынша)

Ұлы Жібек жолының Батыс қақпасын белгілейді.

Ұлы Жібек жолының Шығыс қақпасын дұрыс белгілейді.

Жұп: 3-тапсырма.Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырып, кесте ұсыныңыз. Кестеде Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын

  • Халықаралық (1-топ)

  • экономикалық (2-топ)

  • мәдени (3-топ)

салалар бойынша топтастырып, маңыздылық дәрежесіне қарай жіктеуді тапсырыңыз.


Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

Халықаралық

Экономикалық

Мәдени







Топтардың бірін-бірі бағалауы.

«Менің қимылым, сенің бағаң»

Бағалау критерийі:Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын жіктейді

Дескрипторлар:

Ұлы Жібек жолының саяси және халықаралық маңызына сипаттама береді;

Ұлы Жібек жолының экономикалық маңызына сипаттама береді;

Ұлы Жібек жолының мәдени маңызына сипаттама береді;



Презентация




https://www.youtube.com/watch?v=9q-TjUpj1ak

Ұлы Жібек Жолының тарихы












Ұлы Жібек жолының картасы

http://hameleons.com/uploads/posts/2012-10/1349886170_istoria-jibek.jpg







Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.

www.nci.kz











Байпақов. К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалар – Алматы, 2005 ж.






Мамраимов А.  Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер. – Алматы: Алматыкітап, 2009.




Сабақтың соңы


5 минут



























3мин

Топ: 4-тапсырма.«Ұлы Жібек жолы халықаралық қатынастардың нығаюына әкелді» ұстанымын талдайды

Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарға ықпалына талдау жасайды

1-топ: SWOT- талдау

Мықты жағы

Әлсіз жағы




мүмкіндіктер

Қауіп-қатері




2-топ: Эссе жазу

Не?

Қайда?

Қашан?

Қалай?

Неліктен?

3-топ: ПТМС-формуласы

Позиция «...............» деп санаймын

Түсіндіру (себебі) .................

Мысал (біз мұны мынадай мысалдар арқылы дәлелдейміз)

Салдары немесе нәтижесі (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймыз)


Мұғалімнің кері байланысы. Қосымша «Батыс еуропа –Батыс Қытай» күре жолы туралы айту

Рефлексия:

Мен бүгін нені білдім?

Мен нені үйрендім?

Нені байқадым...

Үйге тапсырма:

Эссе жазу



Қосымша мәлімет

Дифференциация (саралау) –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Талқылаубарысындабарлықоқушылардыңқатысуынқадағалаймын.


Қалыпастырушы бағалау түрлері: сөзбен, стикерлер арқылы қолдап-қолпаштау, өзара бағалау, топтық бағалау. Сабақ барысында бақылау мен бағалауды орайластыра отырып, сабақ соңында алға қойылған мақсатқа қол жеткізу.


Тапсырмалар орындау барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаты қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізбесе, неліктен қол жеткізбеді?

Сабақта дифференуциациялау қалай жүргізілді?

Сабақтың кезеңдерін пайдалы қолдана алдыңыз ба?

Сабақта сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Болса, неліктенболды?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!