Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды"7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды"Бұл материал көбінесе ұстаздарға қажет.Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұны барлық мектептерде жүріп жатыр.Соған орай мұғалімдер осы сабақ жоспарын қарай отырып өзіне қажет дүниені алады ,тәжірибе бөліседі деп ойлаймын.Рахмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сауда, қолөнер және әлемді игеру

Күні:

Сынып: 7 Б


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Мектеп: №52

Мұғалімнің аты-жөні:

Усембаева А.С

Сабақ тақырыбы

Тарихи концепт

Жаңа тақырыпты менгеру

Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды

1-сағат



Маңыздылық

Сабақтың мақсаты

  • ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру


Бағалау критерийлері

  • ҰЖЖ үстінде турған 4-5 мемлекетті анықтайды

  • кескін картаға ҰЖЖ-ның негізгі бағыттарын және жолдарын белгілейді

  • қойылған сұраққа дұрыс жауап береді

  • ҰЖЖ-ның сауда, экономикалық, мәдениет, саяси байланыстарына 2-3 мысал келтіреді

  • тауардың шыққан жерін дұрыс анықтайды

  • 3-4 дәлел келтіріп, тұжырым жасайды

Тілдік

мақсаттар


Оқушылар:

  • жазады, дауыстап оқиды, сұрақтар қояды, әлемнің өзгеруі туралы өз зерттеулерінің негізінде параграфтың қысқаша мазмұнын өңдейді және қорғайды. Тапсырманың не себепті қиын болғандығын түсіндіре алады.

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Әлемді ашу, зерттеу саяхаттары, алым-салық

  • Тұрғылықты халық санының өсуі/кемуі, қоршаған ортаның өзгерісі, адамдардың жаппай орын ауыстыруы, аурулардың таралуы, өсімдіктер мен жануарларды өзара алмасу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қысқаша мазмұнды жазу-мысалдар ...

Қытайлар зерттеу саяхаттарына кедергі жасады өйткені ...

Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарының бағыты сақталды, өйткені ...

Ең маңызды фактор ... болды

Анағұрлым пайда тапқан мына адамдар ...

Бәрінен айрылғандар мына адамдар ...



Сұрақтар-мысалы:

Неліктен сіз қостыңыз ...?

Неліктен сіз алып тастадыңыз...?

Қорғау-мысалы:

Мен мұны қостым, өйткені...

Мен мұны алып тастадым, өйткені..

Өңдеу – мысалы:

Талқылау негізінде мен мынаны өзгерткім келеді/алып тастағым келеді...

Пайымдау-мысалы

Өзгерістерге қорытынды жасау қиын, өйткені...

Құндылықтарды дарыту



- патриотизм;

- өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, география, экономика пәндері

АКТ қолдану дағдылары

  • презентациямен және интернет материалдарымен жұмыс барысында, қажетті ақпаратты мұқият тыңдау, іздеу, табу, сұрыптау, анықтау, салыстыру дағдыларын дамыту;

  • интерактивті тақтамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім


  • Ерте кезеңдегі сауданың дамуы мен маңыздылығы туралы оқушылардың естеріне салу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.


1. Ұйымдастыру кезеңі. Аялдаманың атауы арқылы топқа бөлу.

2. Білімді белсендендіру

Миға шабуыл.

  1. Шаруашылық пен қолөнерде болған жетістіктер қандай өзгерістерге әкелді?

  2. Қала тұрғындары немен айналысты?

  3. «Сауда» сөз тіркесімен ассоциацияларды келтіріңіз?


Слайдқа қарап, сұрақтарға жауап беріңіз.

Картадан қандай мәлімет алуға болады? Әлемдегі мемлекеттер қандай карым- қатынаста болды?

Оқушылар сабақ тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтайды.


Оқушылар сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады..

Бейнаматериалды көрер алдында оқушыларға сұрақ қойылады.

Ұлы Жібек Жолы құрлықта

рды қалай байланыстырды?

Оқушылар бейнематериалды көріп болған соң пікір алмасады.

- слайдтар;

- үлестірмелі материалдар;


- презентация





























































ҰЖЖ бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo




Сабақтың ортасы 30 мин


(Жеке) (ҚБ) Аялдамаларқа тоқтап, оқушылар тапсырмаларды орындайды.

(Қосымша 1-5)

1 Тапсырма. «Тарих» аялдамасы

  1. Неліктен сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталған? Ең алғашқы рет жібек матасы қай жерде өндірілді?

  2. ҰЖЖ қай уақытта пайда болды?

  3. ҰЖЖ пайда болуының 2-3 себептерін мәтіннен белгілеңіз. Бұны қандай мәліметтер айқындайды? Деректермен жұмыс жасау.

  4. ҰЖЖ-ның маңыздылығы неде? 3-4 дәлел келтіріңіз.

(Қосымша 1-2)


2 Тапсырма. «Сауда» аялдамасы

  1. Халықаралық саудаға қандай тауарлар шығарылды?

  2. Ұлы Жібек Жолы үстінде орналасқан Шығыс және орта Азия елдері қандай тауарлармен сауда жасады?

  3. Қытайға қандай тауарлар тасымалдады?

  4. ҰЖЖ шаруашылыққа және мәдиниетке қандай ықпалың тигізді? 2-3 мысал келтіріңіз.

(Қосымша 3)


3 Тапсырма. «География» аялдамасы

  1. Қандай мемлекеттер саудаға араласты? Кескін картаға ҰЖЖ бағыттарын түсірініз. Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол – ең маңызды бағыт.

  2. ҰЖЖ қай жерден басталды?

  3. ҰЖЖ-ның жалпы ұзындығы қандай?

(Қосымша 4)


Бағалау парағын қолданып өзін өзі бағалау. (Қосымша 5)

(Т) (ҚБ) Тапсырмаларды жеке түрде орындап болған соң, топпен постер жасалынады.

Жұмыстарды қорғау.

Бағалау критерийлері:

  1. Мазмұны

  2. Берілген уақытқа сәйкес.

  3. Эстетикалық көрініс

«Екі жұлдыз бір тілек» тәсілімен топтар бірін бірі бағалайды.

Сайттан жібек жолы тауарларының картасын табуға болады: http://www.silkroadproject.org/Education/TheSilkRoad/SilkRoadMaps/tabid/177/Default.aspx

Жібек жолының гүлдену және құлдырау тарихы

http://www.ess.uci.edu/~oliver/silk.html

Жібек жолының суреті

http://www.ess.uci.edu/~oliver/silk2.html#1


Ұлы Жібек жолы

http://www.tarih-begalinka.kz/kk/timetravel/silkroad/ (мәтін)


http://anatili.kazgazeta.kz/?p=17652 (мәтін)






Сабақтың соңы

10 мин.

(С) Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды?

Тұжырымдар:

ҰЖЖ –ның маңыздылығы:

А) Сауда-дипломатиялық қарымқатынасының орын алуы;

В) Мәдениеттердің өз-ара ықпалы мен бірін бірі байытуы;

С) Діндердің алмасуы.

Сұрақтар:

1. Неліктен бүгінгі күнде де ҰЖЖ-ның аса зор тарихи маңыздылығының бар екенін айтамыз?

2. Әлем мемлекеттерінің қатысуымен ежелгі ҰЖЖ даму жолында халықаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен қандай жобалар іске асуда?


Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік жолы — халықаралық транзиттік автожолы,өткен ғасырлық Ұлы жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаев жолдауында бекітілді.

Кейін 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясымен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Коммуникация министрлігімен Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік дәлізін құру жайлы меморандумға қол қойылды.Санкт-Петербург пен Чженчжоу аралығындағы 8445 км-ді,10 тәуліктік сапарды қамтиды. Транссібір темір жолымен екі қала арасын, яғни 11500км-ді 14 тәулік ішінде жүріп өтуге болады,ал теңіз жолы бұдан да ұзаққа созылады.

1987 ж. Греция, Шри- Ланка, Совет Одағы, Португалия, Мысыр, Италия, Қытай, Индонезия, Монголия, Оман мемлекеттерінің қатысуымен ЮНЕСКО-нің XXIV сессиясында ҰЖЖ-ны зерттеу Халықаралық жобасы мақұлданды.

Рефлексия «Бас бармақ» тәсілі.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы, бағалау парағы арқылы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2018
1771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12