400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ұрықтану.Ұрықтың дамуы."

Материал туралы қысқаша түсінік
БжС технологиясының Ауызша -1 картасы бойынша Республикалық ашық сабақ жоспары.Сабақ жоспарында оқушыларға сұрақ жауаптарымен берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Астана қаласы №53 лицей-мектебі Биология пән мұғалімі :Ахмедиеав А.Т

Мерзімі: 8 "а"сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану.Ұрықтың дамуы.

Сабақтың мақсаты: Ұрықтану жолдарын және даму кезеңдерін білу.

Сабақтың міндеті: Оқушыларға адамның жыныспен көбеюінің ерекшеліктері, жыныс бездерінің құрылысы және жыныс

жасушалары туралы түсінік беру;Ұрықтық даму кезеңінен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;    

Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және  жан-жақты  ойлау қабілеттерін  жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Жыныс бездерінің құрылысы мен атқаратын қызметін біледі;Ұрықтың жатыр ішінде даму кезеңдерін біледі;

Сабақтың типі: БЖС технологиясы Ауызша - 1


Сабақтың кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі


Психологиялық ахуал тудыру оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау

Назарын сабаққа аудару үшін көшбасшы сыныпты жігерлендіру.

Оқу құралдарын дайындау. Сабақтың мақсатымен және кезеңдерімен танысу.





















Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақ бойынша қарама - қарсы сұрақ қою.

1.Органикалық дүниеде көбеюдің неше түрі бар?

2.Көбеюдің алуан түрлі процестері, оның екі түріне қандай көбею жатады?

3.Жыныстық көбеюге қандай организмдер қатысады?

4.Жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығы неше?

5.Жыныс хромасомалар қосылып зигота түзгенде, неше еселенеді?

6.Аталық жыныс жасушасының -(сперматозоидтің ) құрылысы қандай?

7.Аналық жыныс жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

8.Аналық жыныс жүйесінің ішкі бөлімдеріне, қандай мүшелер жатады?

9.Аналық жұмыртқа жасушасының дамуы неше тәулікке созылады?

10.Аталық без бен аналық безде жыныс жасушаларынан басқа не өндіріледі?

11.Жыныс гормондарының қызметі?

12.Аталық гармон қалай аталады?

13.Аталық гормондары, аталық организмге тән қандай белгілерді қалыптастырады?

14.Аналық гормон қалай аталады?

15. Аналық гормонының организмге әсері қандай?

16. Гаметогенез - грекше қандай мағына береді?

17.Аталық жыныс жасушаларының даму процесі қалай аталады?

18.Аналық жыныс жасушаларының дамуы қалай аталады?

19.Сперматогенез көбею сатысы қандай?

20.Овогенез көбею сатысы қандай?


21. Аналық жыныс жасушасының халықаралық атауы қалай?

22.Физиологиялық жетілу дегеніміз не?

23.Психикалық жетілу дегеніміз не?

24.Әлеуметтік жетілу дегеніміз не?

25.Әлеуметтік жетілуге нелерді жатқызамыз?

1.Көптеген

2. Жыныссыз және жынысты

3.Аталық және аналық

4.Әр жыныс жасушада 23 хромасомадан бар

5. Екі еселеніп 46 хромосома болады

6. Бас, мойын және құйрықшадан тұрады

7. Сыртқы және ішкі

8. Аналық без, жатыр түтігі, жатыр және қынап

9.27-28 тәулік

10. Жыныс гормондары

11. Олар екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуына әсер етеді?

12.Тестостерон

13.Сақал - мұрттың өсуі, дауыстың жуандауы, дене пішінінің өзгеруі және т.б.

14.Эстроген және прогестерон

15.Сүт бездерінің дамуы, жіңішке дауыс, дене пішінінің өзгеруі және т.б.

16. (грек, gametos — жыныс, жыныс клеткасы; genesis — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (жұмыртқалық) даму процесі

17.Сперматогенез

18.Овогенез

19. Көбею сатысы жыныстық жетілу кезеңінен басталып, өмір бойы өтеді

20.Көбею сатысы тек эмбрионалдық даму кезінде өтеді

21. " овоцит "

22. Организмнің жыныстық жетілуінің кезеңін физиологиялық жетілу деп атаймыз.

23.Ер бала мен қыз баланың отбасы мен қоғамда өзін жеткілікті түрде бақылай алатын орнықты мінез-құлқы қалыптасатын даму кезеңі

24.Қоғамның әлеуметтік толыққанды мүшесінің қалыптасуы

25.Білім алу, еңбек іс-әрекетінің басталуы,саяси және азаматтық жетілу т.б жатады.

Әр оқушы сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұяшықтарда (+) және (-) белгілерін қою арқылы бағаланады.

Қабылдауды ұйымдастыру

Екі сөзден тұратын түсінік екі сөз болып саналады.

Еске сақтау бойынша бір сөз шегерілуге рұқсат беріледі.

Жаңа тақырыпта кездесетін тірек сөздермен таныстыру.Жаңа тақырыпқа видео көрсетілім көрсету.Тақтаға 14 тірек сөз беріледі оқушылар 1 мин 15 секунд аралығында сөздерді жаттауы тиіс

1.Ұрықтану 2.Жұмыртқа жасуша

3.Жүктілік 4.Ұрықжолдас

5.Кіндік бау 6.Шарана

7.Жыныс жасуша 8.Жатыр

9.Фаллопий түтігі 10.Хромосома

11.Плацента 12.Ерте балалық шақ

Видео көрсетілім көру арқылы жаңа тақырыппен танысады.

Жаңа тақырыптың тірек сөздермен танысы,

1 мин 15 секундте жаттаған 14 тірек сөздерді дәптерлеріне жазады.



13 -14 сөз жазған оқушыларға( +) белгісі қойылады,қалған оқушылар (-) белгісімен бағаланады

Ұғынуды ұйымдастыру

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттау.Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасауға беріледі, 1 парақ бетке 3 мин уақыт.Әр оқушы тақырыпты оқып шығады .Оқушыларға жаңа тақырып бойынша қиылыс сұрақтары қойылатыны ескеріледі.

Оқулықтан мәтінді оқып меңгереді.




Түсінудің алғашқы тексерілуі

Қарама - қарсы сұрақтар қою

1.Ұрықтану дегеніміз не?

2.Ұрықтану қай жерде жүреді?

3.Ұрықтанған жасуша қалай аталады?

4.Зигота жатырға жылжи отырып қандай қызмет атқарады?

5.Ұрықтың даму барысында оны қоршаған қабық пен жатырдың сілемейлі қабығынан не қалыптасады?

6.Ұрықжолдас қандай қызмет атқарады?

7.Ана организмі мен дамып келе жатқан ұрық қалай байланысады?

8.Ана организмі мен дамып келе жатқан ұрықтың қаны өзара байланысама?

9.Ұрықтың даму процесінде алғашында қандай белгілер болады?

10.Төртінші аптада ұрықта қандай белгілер пайда бола бастайды?

11.Ұрықтың дене құрылымы қай кезде қалыптасады?

12.Жетінші және сегізінші аптада ұрықта қандай белгілер байқалады?

13. Кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ, аяқ-қол саусақтары ажыратылатын уақытта ұрық қалай аталады?

14. Жүктілік дегеніміз не?

15.Ананың жүктілік мерзімі неше уақытқа созылады?

16.Жүктілік кезінде аналық безден не бөлінеді?

17.Жүктілік кезінде аналық безден бөлінген гормондардан ағзада қандай өзгерістер болады?

18.Ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуы қандай жолмен жүзеге асады?

19.Ұрықтың тіршілік әрекетінің зиянды заттардың сыртқа шығарылуы қалай жүреді?

20.Жаңа туған 1 айға дейінгі баланы қалай атаймыз?

21.1 айдан 1 жасқа дейінгі кезеңді қалай атаймыз?

22. Ерте балалық шаққа кей кезеңді жатқызамыз?

23.Қоршаған дүниеге үлкен қызығышылығы пайда болатын кезең қай жаста?

24.7 - ден 17 жасқа дейінгі кезеңде ағзадағы өзгерістер

25.11-12 жастағы баланы қалай атаймыз ?

26.Акселерация дегеніміз не?


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп , білмеген жерлерін толықтырып отырады.

1.Жыныс жасушаларының қосылуын ұрықтау дейміз.

2.Жатыр түтігінде

3.Зигота

4.Бірнеше қайтара бөлінеді

5. Ұрықжолдас (плацента)

6. Ұрықжолдас арқылы ұрық қоректенеді және тыныс алады.Сонымен қатар ол ұрықты бөгде заттардан қорғайды.

7. Кіндік бау арқылы

8.Олардың қаны араласпайды

9.Біздің арғы тегімізге тән ұзын құйрық, желбезек саңылауы пайда болады

10.Ұзындығы 3мм болады.Аяқ-қол нышаны,құлақ ,көз, мұрын нышаны байқалады

11.Жетінші, сегізінші аптада


12.Кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ, аяқ-қол саусақтары ажыратылады

13.Шарана

14. Ұрықтанудан бастап, нәресте туылғанға дейінгі кезең

15.280 тәулік

16.Гормондардың бөлінуі артады

17.Сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарылайды, қан құрамы өзгереді.

18.Кіндік бау арқылы ана қанының диффузиялы жолмен жүзеге асады?

19. Кіндік бау арқылы ана қанының диффузиялы жолмен жүзеге асады?

20.Нәресте

21.Емшектегі бала жасы деп атаймыз

22.1 жастан 3 жасқа дейінгі кезең

23.3 пен 7 жас аралағы мектепке дейінгі кезең

24.Барлық мүшелер мен жүйелер әрекетінің қайта құрылуы жүреді

25.Жасөспірім

26.Балалардың денесі және жыныстық даму қарқынының жылдамдауы


Жауап берген оқушылар (+)белгісімен .Сұраққа жауап бере алмаған оқушылар (-) белгісімен бағаланып отырады.

Алғашқы бекітуді ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрау .Меңгеру мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі"Иә" немесе "Жоқ" жауаптары.

Сұрақтың жауабын толықтырып кету қажет

1.Спора жасушаларының қосылуынан ұрықтану процесі жүреді

2.Ұрықтанған жасуша зигота деп аталады


3. Ұрықтың даму барысында оны қоршаған қабық пен жатырдың сілемейлі қабығынан кіндік бау қалыптасады?

4.Ұрықжолдасы арқылы ұрық қоректеніп, тыныс алу қызметін атқарады

5. Ана организмі мен дамып келе жатқан ұрық , ұрықжолдас арқылы байланысады?

6. Ана организмі мен дамып келе жатқан ұрықтың қаны өзара байланысып, араласады




7. Ұрықтың даму процесінде алғашында біздің арғы тегімізге тән көптеген белгілер пайда болады

8. Төртінші аптада ұрықтың ұзындығы 10 мм ге жетіп, аяқ - қол, құлақ , көз, мұрын белгілері пайда бола бастайды.

9.Ұрықтың дене құрылымы 5 және 6 шы аптада қалыптаса бастайды


10. Кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ, аяқ-қол саусақтары ажыратылатын уақытта ұрық шарана деп аталады

11.Ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік 250 тәулікке сөзылады

12.Жүктілік кезінде аналық безден бөлінетін гормондардың бөлінуі баяулайды


13.Жүкті әйелдерге спиртті ішімдік ішуге, темекі тартуға мүлде болмайды



14.туылған нәресте 1 айға дейінгі кезеңде тәуліктің көп бөлігін ұйқыда өткізеді.

15.Ана сүтін тікелей емгенде, бала үйлесімді дамиды.



16.Екі айлығынан бастап балаға әр түрлі тамақ рациондарын қосуға болады


17.Балаға дұрыс және жүйелі түрде дене тәрбиесін беру оның организмінің қалыпты дамып жетілуін қамтамасыз етеді


18.Ерте балалық шаққа 2 мен 5 жас аралыған жатқызамыз.

19. 1 жастан 3 жасқа дейін бала қарқынды өседі


20. Мектепке дейінгі кезеңге 5 пен 7 жас аралығын жатқызамыз?

21. 3 пен 7 жас аралығында баланың қоршаған дүниеге үлкен қызуғушылығы артады

22.Баланың дене және ақыл ойының дамуы, қоршаған дүниені тануы, көбінесе сөйлеу арқылы анықталады


23.13пен 17 жаста баланы жасөспірім деп атайды


24. Мектепке бару бала өміріндегі едәуір қиын кезең болып табылады

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы , қойылған сұрақтарға толықтырулар енгізіп отыр



1.Жоқ Өйткені, жыныс жасушаларының қосылуын ұрықтау дейміз.

2.Иә Ұрықтану жатыр түтігінде жүріп, зигота жатырға жылжи отырып, бірнеше қайтара бөлінеді

3.Жоқ Өйткені жатырдың сілемейлі қабығынан ұрықжолдас(плацента) қалыптасады?

4. Иә Сонымен қатар ол ұрықты бөгде заттардан қорғайды

5.Жоқ Өйткені ана организмі мен дамып келе жатқан ұрық кіндік бау арқылы байланысады

6.Жоқ Өйткені олардың қаны араласпайды.Ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуы кіндік бау арқылы ана қанынан диффузиялы жолмен жүзеге асады.

7. Иә. өйткені ұзын құйрық, желбезек саңылау және т.б белгілер байқала бастайды

8.Жоқ Өйткені , ұрықтың ұзындығы 3мм болады.Аяқ-қол нышаны,құлақ ,көз, мұрын нышаны ғана байқалады.

9.Жоқ. Өйткені , дене құрлымы жетінші және сегізінші аптада қалыптасып, кеуде қуысы, қарын, бас, мұрын, көз, құлақ ажыратылады.

10.Иә Себебі әрі қарай даму кезінде дене бөліктеріне байланысты кейбір өзгерістер байқалады

11. Жоқ себебі 280 тәулікке созылады


12. Жоқ .Себебі гормондардың бөлінуі артып,сүт бездері үлкейіп, артериялық қысым жоғарылап, қан құрамы өзгереді.

13. Иә себебі спиртті ішімдік пен никотин ұрықжолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына ісер ететін өзгерістер туғызады.

14.Иә Себебі олар көп ұйықтап емізетін кезге қарай оянады.

15.Иә. себебі, ана сүтінде баланың өсуі мен дамуына қамтамасыз ететін барлық заттар болады.Ана сүтіндегі заттарды сәби оңай сіңіреді.

16. Жоқ . Балаға жылдам қорытылатын жеңіл тамақтар беру қажет.Мысалы:аздап көкөністер және жеміс шырындарын

17.Иә Өйткені, бала денесінің белсенді қозғалыстары бұлшық еттің өсуі мен дамуына, қаңқа сүйектерінің нығаюына т.б қамтамасыз етеді

18. Жоқ 1 мен 3 жас аралығын жатқызамыз


19. Иә себебі, ол ересек адам жейтін тағамды жеп, дүниені өзінше танып білуге ұмтылады.

20.жоқ. 3 пен 7 жас аралығын жатқызамыз.


21.Иә. Өйткені баланың білуге құмарлығы соншалық- бұл кезеңде сұрақтар сатысы деп атайды.

22. Жоқ.Ойын арқылы анықталады себебі,бала үшін ойын ересектер үшін жұмыс , спорт сияқты өте маңызды

23. Жоқ себебі, 11-13 жасты жасөспірім кезең деп атаймыз

24. Иә өйткені, мектепке дейін баланың іс әрекеті ойын болса, енді ол өз өмірін қатаң мектеп тәртібінің талаптары бойынша реттеуі керек.

Жауап берген оқушылар (+)белгісімен .Сұраққа жауап бере алмаған оқушылар (-) белгісімен бағаланып отырады.

Талдау

Тақырыптық сөздік қорын тексеру

Оқушыларға 5 минутта 63 сөзден тұратын эссе жазу беріледі.

Оқушылар берілген уақыт ішінде ойларын жинақтап эссе жазады.

63 сөзден тұратын эссе жазған оқушыларға (+) белгісі қойылады.Қалғандарына (-) қойылады.

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:

4-5 белгі - 5 баға

3 белгі - 4 баға

2 белгі - 3 баға

1 белгі - 2 баға


Оқушылар бағаларын күнделікке қойдырады.


Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу.

Күнделікке жазып алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
2582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі