400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Үш пайғамбар" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Үш пайғамбар (9-сынып)


Сабақтың мақсаты:

білімділік– Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердің қазақ тарихында алатын орнын көрсету, шешендік сөздердің мазмұны туралы білімдерін арттыру, ұғындыру, сөз астарына үңіліп мағынасын түсіндіру;

дамытушылық –билердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;

тәрбиелік- Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, ерлікті, батырлықты дәріптеу, ата-бабамыздың ісін жалғастырушы болуға ұмтылдыру, өз ұлтына, еліне, тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру әдісі, сұрақ-жауап, сөз құрау, мақал-мәтел айту, постермен жұмыс, сахналық көрініс.

Сабақтың көрнекілігі: билердің портреттері, даналық сөздер, слайдтар,

«Үш пайғамбар» кітабы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару (2 мин.)

Негізгі тақырыпқа арналған дәйексөз.

Әділ бидің қолындағы билік-қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі.

А.Байтұрсынұлы

Жаңа сабақ

Мұғалім:

Қазақ сөз қадірін - өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.

Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болады.

Би халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.

Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін, қара қылды қақ жарып айтқан кісі көтерілген.

Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты-Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.


1

Ел ерінен, ер елінен күш алып,

Дүниені таңқалдырған үш алып



-слайд:







Енді кезекті топтарға береміз.


1.Әр топ өздерінің топтарын қорғап, билер туралы мәлімет береді. (9 мин.)

І-топ: Төле би

ІІ-топ: Қазыбек би

ІІІ-топ: Әйтеке би

2. 3 топ бір-біріне «Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша сұрақтар қояды.

(5 мин.)


3. Биге тән қасиеттерді атап көрсету. (2 мин.)

Shape1 2-слайд

Shape3 Shape2


Shape4 Shape5 Би

Shape6 Shape8 Shape7


Ықтимал жауаптар: (ғалым, ақын, тәрбиеші, ойшыл, қоғам қайраткері, психолог, саясаткер, емші, мәмлігер, заңгер, шешен).

4. «Дыбыстар сөйлейді»

Әр топ өз атына қарай талдау жасау. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз жазу. (2 мин.)

Ықтимал жауаптар.

Т- турашыл Қ-қайсар Ә-әділ

ө-өжет а-айбатты й-игілікті

л-лайықты з-зиялы т-тапқыр

е-ержүрек ы-ынталы е-ержүрек

б-батыл б-байыпты к-керемет

и-иманды е-елжанды е-елгезек

к-көпшіл б-байсалды

б-байқағыш и-иманды

и-иманды


5. Әр бидің шешендік сөздері жазылған қима қағаздарды құрастыру (2 мин.)

3-слайд:


Жаңбыр жаумаса, жер –жетім,

Басшысы болмаса, ел –жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз- жетім,


Төле би

4-слайд:

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат

Мейірімді апаң қымбат.



Қазыбек би


5-слайд:

.

Ашу деген ағын су.

Алдын ашсаң ақырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар




Әйтеке би

6. Құрастырылған өлең ішінен асты сызылған сөзге мақал айту. (3 мин.)

7.Бүгінгі тақырыпқа байланысты постер салу және оны қорғау. (9 мин.)

8.Сахналық көрініс. ( 3 топ бірігіп көрсетеді, тапсырма алдын-ала берілген)

(5 мин.)

1) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің кездесуі.

Қатысушылар: Төле би –Амангелді Әуесхан

Қазыбек би- Ерубай Қазыбек

Әйтеке би –Алпамыс Беглан.

2) «Қалмақтың ханы Қоңтайшы»

Қатысушылар: Қазыбек би- Ерубай Қазыбек

Қоңтайшы- Бердіқұл Шерхан


Сабақты пысықтап, қорытындылау:

Топтардың бағасын беру. (3 мин.)


Мұғалім:

Міне, оқушылар, біз бүгін қазақ елінің атақты билерінің әділ билік жасағандарына тағы бір көз жеткіздік. Өздерің «Дыбыстар сөйлейді» бөлімінде жазған иманды сөзіне қайта оралайық.

Жалпы «Иман» деген не? Оны біз 1 санымен белгілесек

1-Иман адамның баға жетпес асылы.

0-Иман арқылы жеткен жетістігің.

0-Иманыңды сақтай отырып, жүргізген тәжірибең

0-Бойыңдағы иман арқылы пайда болған қабілет.

0-Қоршаған ортаңа деген сүйіспеншілігің.

0-Тәртіп.

Тіркелген әрбір нөл иманды одан сайын күшейтіп, істелген ісінің пайдасы мол болады. Ал бірді алып тасташаң ше, яғни имандарың болмаса, басқаларыңның барлығы түкке тұрмайды.

Қорытындылай келсек, үш биіміз арман қылған ауызбіршілікті, ынтымақты болу үшін, азамат ретінде бәріміздің бойымызда иман болсын.

Үйге тапсырма: (1 мин.)

«Қазақтың үш асылы» тақырыбында эссе жазу.

Оқушыны бағалау. (2 мин.)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі