Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды ауызша
қосу және азайту / Адам өміріне климаттың
әсері
|
Мектеп: 72
ЖОМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Тазабекова
Ф.
|
3-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.5.
Үш таңбалы
сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және
азайтуды орындау.
3.2.1.1.
Бір/екі әрпі бар әріпті
өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және
оқу.
3.2.1.2.
Әріптердің берілген мәндерінде
екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Үш таңбалы
сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және
азайтуды ауызша
орындайды.
|
Кейбір оқушылар:
|
Әріптердің берілген мәндерінде
екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табуды
біледі.
|
Көпшілік оқушылар:
|
Үш таңбалы
сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және
азайтуды орындауды түсіндіре
алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын
дамыту:
1000 көлеміндегі сандарды оқи
алады.
Пәндік лексика және
терминология:
Разряд. ондықтар, жүздіктер,
бірліктер, мыңдықтар.
Үш таңбалы сандардың ондық
құрамы.
Үш таңбалы сандардың қосу және
азайту амалдарын орындау тәсілдері.
|
Сабақта диалог/жазу үшін
пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Санды разрядты қосылғыштардың
қосындысы түрінде жазу дегеніміз не?
Разряд бойынша қосу (азайту)
дегеніміз не ?
Үш таңбалы сандарды қалай
қосуға болады?
|
Жазылым:
|
Сандық және әріптік өрнектерді
жазу.
|
Тірек білім, білік,
дағдылар
|
Сандардың
разрядтық
құрамы.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Қоры
|
0-3
|
Ынталандыру.
Ауа райын білу не үшін
қажет?
Нақты ауа райы туралы
мәліметті білгеніңіз көптеген қиындықтан сақтауы мүмкін (ең аз
дегенде – бұл аяқ киімнің су болып қалуынан, сондай-ақ ауыл
шаруашылығындағы үлкен шығындардан сақтайды және т.б.). Сол себепті
ауа райы туралы мәлімет нақты және сенімді болуы өте
маңызды.
Метеорологтардың нақты
ақпараты – әуетранспорт қызметінің сәттілігінің
кепілі.
Өнімнің сапалы болуы
метеорологтардың нақты көрсеткіштеріне тікелей
байланысты.
Климаттық жағдайы қауіпті және
табиғи апаттар болуы мүмкін аймақтарда ауа райын білу өте
маңызды.
|
|
4-6
|
Өзектендіру.
Жұппен орындалатын тәжірибелік
жұмыстар.Мұғалім санауға қажетті материалды алдын-ала балаларға
үйден әкелуді ескертеді не болмаса бүкіл сыныпқа өзі әзірлейді
(әртүрлі мөлшердегі және түрлі түсті геометриялық фигуралар, табиғи
материалға – бұршақ, түрлі жаңғақтар, қақпақтар, түймелер және т.б.
жатады).
Балалар оқулықтан
1-тапсырманы орындайды. Мысалы,
324 санын былай қоюға болады:
|
Оқулық.
Үлестірмелі санау
материалдары.
|
7-11
|
Мақсат қою (мәселелі
жағдаят)
Оқушылар топпен жұмысты
жалғастырып, оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды жалғастырады, сандар
сәулесінен жиындар шешімін атап, көрсетеді, осы жиынның 5 санын
атайды.
Мұғалім оқушылардан бүгін
қандай сандармен жұмыс жасайтындарын сұрайды (үш
таңбалы).
|
Оқулық, дәптер, сандар
сәулесі.
|
12-29
|
Жаңаны
ашу.
Мұғалім 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар есептеулерін
түсіндіреді. Мұғалім балалардың есептеу алгоритмдерін ауызша
айтқызады.
Түсіндіре отырып алғашқы
бекіту.
Мұғалім оқулықтағы
3(а)-тапсырманы орындауды ұсынады. 3 (б)-тапсырмасын үйде
орындайды.
Оқушылар есептегендерін
кезекпен айтып түсіндіреді.
Оқулықтағы 4-тапсырманы
орындауда оқушылар есептеуді орындауда толық ондыққа дейін
толықтыруды қолданғанның тиімді екендігін бақылап байқаулары
қажет.
Оқулықтағы 7-тапсырманы
орындауды ұсынады. Оқушылар кестедегі мәліметтерге қарап берілген
сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар оқулықтағы
5-тапсырманы орындайды. есепті шығарады.
Берілгенге кері есеп құрастырады және өзінің пайымдауының
дұрыстығын дәлеледейді.
Оқушылар «Күн райын не үшін
білу қажет» тақырыбын талдайды.
|
Оқулық,
дәптер.
|
30-36
|
Өзіндік
жұмыс
Мұғалім дәптердегі тапсырманы
орындауды ұсынады. Бағалау критерийлерін
қарайды.
Мен:
-үш таңбалы сандардың ондық
құрамын жазуды білемін;
-1000 көлеміндегі сандарды
ондық құрам негізінде қоя аламын;
-1000 көлеміндегі сандарды
ондық құрам негізінде азайтамын.
Өткенді
қолдану.
Оқулықтағы 6-тапсырманы
орындау ұсынылады.
|
Оқулық, дәптер.
|
37-40
|
Рефлексия.
-
Сабақта қандай тапсырмалар ең
қызықты болды?
-
Бүгінгі сабақта алған білім
қай кезде қажет болуы мүмкін?
-
Өз жұмысыңызды
бағалаңыз.
-
Барлығы өзіңіз қалағандай
орындалды ма?
-
Неге?
-
Тағы нені үйренгіңіз
келеді?
Оқулықтағы үй тапсырмасы үшін ұсынылған
3(б)-тапсырма жаңа тақырыпты
пысықтау үшін міндетті болып табылады.
Тапсырмалардың басқа бөлігі
балалардың сабақтағы тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескеріп
саралап беріледі.
|
|