Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Үшбұрыштың ауданы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Аудандар

Мектеп: «№6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Сынып: 8

Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасбаева С.Б.

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштың ауданы.

Cабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы .

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;


Сабақ мақсаттары

- үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару;

( , және Герон формуласы).

-үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану

Бағалау критерийлері

- формуласын қорытып шығару

- формуласын қорытып шығару;

- тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қорытып шығару;

- теңқабырлы үшбұрыштың ауданын табуға арналған формулаларды қорытып шығару;

- үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

шама, өлшеу бірлігі; ені, ауданы; периметр, үшбұрыштың жарты периметрі; жазық фигура; тең шамалы фигуралар, тең фигуралар; көпбұрыштың ауданы; үшбұрыштың ауданы; төртбұрыштың ауданы; параллелограммның ауданы; квадраттың ауданы; тікбұрыштың ауданы; ромбтың ауданы.

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • үшбұрыштың /квадраттың/ тікбұрыштың / параллелограммның/ромбтың/трапецияның ауданын табу үшін...

  • үшбұрыштың ауданын есептеу үшін, .... керек

  • Формуланы қолдану үшін …. керек

Егер квадраттың қабырғасын k рет кішірейтсе, онда оның ауданы …

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдай білу, кезекпен сөйлеу қабілеті, мысалдар мен дәлелдер келтіріп аудиторияға өз ойларын дәл жеткізе білу, дербес оқу мен академиялық шындыққа талпыну, жаңа жағдайларға бейімделу, проблемаларды қою, шешімдер қабылдау, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу, Құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Сызумен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны көрнекі құралы құралы ретінде пайдалану.

Бастапқы білім


Шаманың мөлшерін білу, шаманы бір өлшем бірлігінен екіншісіне айырбастау мүмкіндігі. Көпбұрыштың, үшбұрыштың, төртбұрыштың және олардың элементтерінің анықтамаларын білу. Үшбұрыштың және төртбұрыштың түрлерін тану қабілеті. Квадраттың және төртбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану мүмкіндігі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер болып орналасады, «қағып ал» әдісі бойынша бір-біріне ауызша сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қайталайды. Фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді. «Көршіңді тексер» ідісі бойsнша үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларды слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.



Презентация

слайд 1-4


Сабақтың ортасы

































2. Тікбұрыштың, параллелограммның, ромбтың ауданын табудың негізгі формулаларын қайталау

Фронталды жұмыс.

Білімін белсендіру үшін мұғалім төртбұрыштың ауданын табудың негізгі формулаларын қайталауды ұсынады. Оқушылар тіктөртбұрыш, квадрат, параллелограмм және ромбтың ауданын табу үшін бұрын қарастырылған формулалардың ауызша тұжырымдамасын айтады.

3. Жаңа материалды үйрену. Үшбұрыштың ауданын табудың формулаларын қорытып шығару.

Мұғалім оқушылармен бірге бұрын қолданған формулаларды қолданып, үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қорытып шығарады.

және формулаларын қорытып шығарғаннан кейін, оқушыларға теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын табу формуласын , тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу формуласын және Герон формуласын көрсетеді.
  Мұғалім формулаларды қорытады, оқушыларға сұрақтар қойып, күрделі кездерді түсіндіреді.

Төртбұрыштар мен үшбұрыштың ауданын табу формулаларын ажырату үшін сйкестендіру орындалады. Слайд бойынша сағат тілі бағытымен тексеріледі.

Үшбұрыштың ауданын табу үшін формулаларды қолдану.

Жеке жұмыс

Қандай үшбұрыштың ауданын тапқанда дәл қайсы формуланы қолдану керектігін нақты білдіру мақсатында тағы да сәйкестендіру орындалады және сол формулаларды қолданып, есептерді орындайды.

Дескриптор:

- үшбұрыштың ауданын табу формулаларын ажыратады;

-биіктігі арқылы үшбұрыштың ауданын табады;

-екі қабырғасы және арасындағы бұрыш бойынша ауданын табады;

-тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табады;

-тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табады;

-үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын табады














слайд 5-9












слайд 11

Қосымша №1






слайд 12

Қосымша №2








Сергіту сәті

Танграм (топпен фигуралар құрастыру)

Слайд 13


фигуралар

Топтық жұмыс

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын тап, егер оның гипотенузасы 20 см-ге, ал бір катеті 12 см-ге тең болса.

Дескриптор:

-Пифагор теоремасы арқылы екінші катетті табады;

- үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады;

-тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табады;

  1. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 66 см-ге тең. Оның ауданын тап.

Дескриптор:

-периметрі арқылы қабырғасын табады;

- үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады;

-тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табады;

  1. Үшбұрыштың екі қабырғасы см және 10 см-ге тең, сәйкесінше олардың арасындағы бұрыш 45 тең. Берілген үшбұрыштың ауданын тап.

Дескриптор:

- үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады;

- Sin45 граустағы мәнін табады;

-екі қабырғасы және арасындағы бұрыш бойынша ауданын табады;


Оқушылар шешімдер мен жауаптарды талқылайды, қателерді түзетеді, балама шешімдерді нұсқаларын ұсынуы мүмкін, есептер бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім бақылайды, түсіндіреді, қажет болса, шешімдер мен жауаптарды түзейді, ауызша бағалайды.




Слайд 14


Сабақтың соңы

3 мин

VI. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларды сабақты қорытындылауға, қиындықтардың себептерін анықтауға назар аударуды ұсынады. Рефлексия

Білемін!

Білмеймін!

Шығара аламын!

Шығара алмаймын!

Үй жұмысы.

223


Слайд 15





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12