Ашық сабақ Ұстазым менің, ұстазым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ұстазым менің, ұстазым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіңірген ойға, санаға Сөздердің таңдап сұлуын. Біліммен қоса балаға Ұсынған жүрек жылуын, - дей отырып жүрегінің әр бөлігін оқушыларға арнайтын ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұстазым менің, ұстазым!
Сабақтың мақсаты: Мұғалімге тән қасиет адамгершілігі, сыпайлығы, ұқыптылығы мәлім.
Білімділік: Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыны логикаға, шапшаңдыққа, тез сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: ашық сабақ

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында көңілді, әсем әуен тыңдату (қызыл гүлім-ай)

«Шаттық» шеңберін құрып, бір-бірлеріне деген ыстық лебіз, ізгі ниеттерін білдіру.
1 – жүргізуші: Сіңірген ойға, санаға
Сөздердің таңдап сұлуын.
Біліммен қоса балаға
Ұсынған жүрек жылуын, - дей отырып жүрегінің әр бөлігін оқушыларға арнайтын ұстаздарды төл мерекелерімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болсын!

2 – жүргізуші: Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.

1 – жүргізуші: Дарытқан білімі үшін ұстаз деген асыл жанға мың алғыс айтсақ та жетпейді.Өйткені ұстаз еңбегі орасан зор еңбек.
Сенің де, менің де, бәріміздің де өмірімізге бағыт – бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан, өмірге кірпіш етіп қалаған ұстаздай ардақты жанды ғұмыр бойы ардақтап өтуге тиіспіз.Бұл біздің парызымыз.

1 – оқушы: Ұстаз болу мәртебелі дәреже,
Кез – келгеннің ол қолынан келе ме?
Ұстаз болу – ұлағатты ұлы есім,
Шәкірттері сүйіп өтер, сене де.
Жас ұрпаққа білім беріп шаршамай
Қиындыққа төзе білген жасымай
Ұстазым деп жыр төгеді көңілден
Ұлы адамдар өмірдегі қаншама.
Тұла бойдан шашылғандай шұғыла,
Ұстаз жүрек шәкірттерін ұғына
Күлімсіреп қарсы алады жалықпай
Үйретеді өмірдің қыр - сырына

2 – оқушы: Ұстаз сені әрбір адам бағалар,
Сенен ұшқан білім алып ағалар.
Сенен ұшқан дарынды да, дана да,
Сен арқылы мына ғалам жаңарар

3 – оқушы: Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,
Ұстаз деген – осы өмірдің мәні.
Жалпы қауым тәлім алып одан
Ұстазына бас иеді бәрі!
Ұстаз деген – тәрбиеші тұлға
Білім берген ұлға және қызға
Құрметтейді сыйлап, ардақ тұтып
Шәкірттері бөле ән мен жырға

4 – оқушы: Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт бұлағын
Ұстаздар айтқан ақылын
Жүректен ұғып тұрамын

5 – оқушы: Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін ап
Қырандай алға самғадым.
Сөйлесе тілі балдайын
Ұстазым, гүлдей жайнадым
Көркейіп өсіп келеміз
Жапырақ жайған талдаймын.
Сонымен біз бүгінгі ашық сабағымыз жабық деп жариялаймыз! Қош, сау болыңыздар құрметті қауым!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2019
695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі