Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ *Вариациялық қатар* 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ *Вариациялық қатар* 7 сынып мектеп бағдарламасында өте қажетті материал. Жас мамандарға көмек ретінде тәжірибе алмасу мақсатында жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім 7.3А:

Статистика элементтері

Мектеп: Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурмаганбетова.Акдари . Орпабаевна.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Вариациялық қатар

Оқу мақсаттары


7.3.3.1

бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгереді.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын біледі;

  • реттелген кездейсоқ өлшемдегі мәліметтерді кестеге толтыра алады.

Бағалау критерийі

  • бас жиынтық пен кездейсоқ таңдаманың не екендігін біледі;

  • алынған мәліметтер бойынша вариациялық қатарды тұрғыза алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • реттелген қатар;

  • қатар элементі;

  • бас жиынтық;

  • нұсқалық, варианта ;

  • вариациялық қатар;

  • статистикалық қатар;

  • таңдама;

  • мәліметтер жинақтау;

  • мәліметтерді ұсыну.

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөздердің тізімі

  • таңдама көлемі ...;

  • берілгендерді ажырату кестеісн құру.

Құндылықтардыдарыту

Жалпыадами құндылықтар: аяушылық, жақсылық, патриоттық,

қайырымдылық.

Құндылықтарды дарыту бүкіләлемдегі кедейлік туралы статистикалық мәліметтер мен таныстыру арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Экономика, биология

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-ны тиімді қолдана білу

Алдыңғы білімдері

Сан қатарының арифметикалық ортасын, модасын, медианасын, өзгеріс ауқымын таба білу.


Сабақ барысы


Сабақтың

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында төменгі жағдайларға назар аудару:

  • оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

  • Үй жұмысын тексеру; Жаңа білімді меңгеруге дайындық тапсырмасын тексеру;

27.12-есеп

Жауабы; 1. Бағасы 300тг-ден 700 тг-ге дейін 16 ойыншық бар.

2. бағасы 600 тг-ден артық болатын 8 ойыншық бар.

3. бағасы 600 тг-ден аспайтын 20 ойыншық бар.

27.13.

Жауабы; 1. кему ретімен; -80С, -80С, -90С, -90С, -90С, -90С, -100С, -100С, -100С, -100С, -110С, -110С, -120С, -120С, -120С.

2. өсу ретімен; -120С, -120С, -120С, -110С, -110С, 100С, -100С, -100С, -100С, -90С, -90С, -90С, -90С, -80С, -80С.

  • оқушылармен бірлесіп сабақтағы сабақ/оқу мақсаттарын (ОМ) анықтау;

  • оқушылармен сабақ соңындағы күтілетін нәтижелерді анықтау.

Жаңа сабақтағы термин сөздерді үлестірме қағаздар арқылы пайдаланып, сыныпты үш топқа бөлемін; бас жиынтық, таңдама, варианта.




Слайд 1







Слайд 2






Слайд 3




Сабақтың ортасы

10 минут


Білу;




























Түсіну

5 минут










































8 минут






















Кері байланыс

5минут












2 минут

Оқулықтан тақырыпты оқуға өздеріне тапсырамын.

Арифметикалық ортасын қалай есептейміз?

Мода дегеніміз не?

Өзгеріс ауқымын қалай табамыз?

Медиана деп нені айтамыз?

Алдыңғы білімді пайдаланып, жаңа сабақты түсіндіремін.

Бас жиынтық деп белгілі қасиеттерімен берілген барлық қарастырып отырған объектілер жиынын айтамыз. Жеке объект осы жиынның элементі болады. 

Таңдама дегеніміз – бас жиынтықтан кездейсоқ таңдап алынған объектілер жиынтығы. Мысалы, университеттігі студенттердің үлгірімін зерттеу үшін комиссия бір факультетті таңдап алады да, оның бір немесе бірнеше топтарына бақылау жүргізеді. Осы таңдап алынған студенттердің үлгірімі бойынша бүкіл университеттің, дербес жағдайда факультеттегі оқыту сапасына жуықтап баға беріледі. Университеттігі барлық студенттер бас жиынтық, ал таңдап алынған студенттер таңдама болады.

Таңдамада кездесетін кездейсоқ шаманың х1, х2, ...,хn әртүрлі мәнін варианта деп атайды.

Вариациялық қатар – ол варианттары (өсу немесе кему дәрежесі бойынша)  сәйкестірілген қатар

Мысалы: Зерттеу барысында оқушылардың салмағы (кг) бойынша мына берілгендер жинақталды:

58; 58; 58; 55; 50; 45,7; 37; 37; 40; 42; 58; 48; 45; 42; 33; 35; 48; 49; 45; 46.

Тапсырмасы: Берілгендерді қолданып вариациялық қатар құрастыр.


Оқушылар жұптасып жұмыс жасау арқылы анықтамалар мен статистикалық мәліметтерді сәйкестендіреді

Бас жиынтық

бас жиынтықтың кездейсоқ таңдалған бөлігі

Кездейсоқ таңдалым

статистикалық мәліметтер алу үшін қарастырылған барлық элементтердің жиынтығы

Нұсқалық, варианта

тең шамалы,бір-бірінен тәуелсіз, кездейсоқ шамаларды кему ретімен немесе өсу ретімен орналастырудан алынған қатарды айтамыз

Вариациялық қатар

бұл жиынтық тобының немесе жеке бірліктің арнайы мәні

Оқушылар жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім дұрыс жауаптарды көрсетеді.

Бас жиынтық

статистикалық мәліметтер алу үшін қарастырылған барлық элементтердің жиынтығы

Кездейсоқ таңдалым

бас жиынтықтың кездейсоқ таңдалған бөлігі

Нұсқалық, варианта

бұл жиынтық тобының немесе жеке бірліктің арнайы мәні

Вариациялық қатар

тең шамалы, бір-бірінен тәуелсіз, кездейсоқ шамаларды кему ретімен не өсу ретімен орнластырудан алынған қатарды айтамыз


Жаңа ұғымдарды меңгеруге арналған оқулықтағы есептерді шығару 28.1- есеп ауызша


Топтық жұмыс: Оқушылар үш топқа бөлініп тәжірибе жасайды.

1 топ

2 топ

3 топ

оқушылардың сыныптағы аяқ киім өлшемдерін анықтайды

оқушылардың бойының ұзындықтарын өлшейді

үлгерім бойынша мәліметтерді жинақтайды


Аяқтағаннан кейін әр топ өз нәтижелерімен таныстырып, жасаған жұмыстары жөнінде қорытынды шығарады.

  1. Вариациялық қатар құрыңдар

  2. Қатардың өзгеріс ауқымын табыңдар

  3. Модасын табыңдар

  4. Медианасын табыңдар

.Топтағы оқушыларды сабақтың I кезеңі бойынша мадақ сөздермен бағалаймын

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты

7.3.3.1

бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • Ұсынылған мәліметтерден статистикалық ұғымдарды анықтайды;.

Орындау уақыты 8 минут.


Математикалық

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.08.2021
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12