|
Ұжымдық
жұмыс
Жаңа тақырыптың
түсіндірілуі
|
Бірлескен
жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты
ұсыну арқылы үйрету
|
«Жеке
жұмыс»
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен
орындауы
|
|
Есімізге түсірейік.

Ұсынылған кескіндерде графиканың қандай түрі
пайдаланылған?
Графикалық форматтарды
жеке-жеке қарастырып көрелік.
W indows
операциялық жүйесі үшін Windows Bitmap форматы қолданылады. Бұл
форматтың кеңейтілімі - .BMP. Бұл файл өзінің әмбебаптылығымен
ерекшеленеді және Windows қосымшалары үшін стандартты болып
саналады. Windows Bitmap кемшілігі – кескінді сығу мүмкіндігі
болмағандықтан, файл өлшемінің үлкен
болуында.

Түрлі түсті кескіндерді(суреттерді) сақтау үшін
JPEG форматы қолданылады. Бұл форматтың кеңейтілімі - .JPG.
Ерекшелігі жоғары дәрежелі сығылған ақпараттарды сақтауды
қамтамасыз ететіндігінде, бірақ бұл жағдайда кескіндегі ақпараттың
сапасы өзгереді.

Интернетте JPEG
форматынан басқа GIF
форматы қолданылады. Ақпараттық жоғалуына жол
бермейтін графикалық форматтың бірі. Мұндай файлдар форматының
кеңейтілімі - .GIF.
П олиграфияда
сурет сапасына ерекше талаптар қойылады. Бұл облыста арнайы TIFF
форматы қолданылады. Бұл файлдың форматы . TIFF кеңейтілімінде
болады. Олар жоғары дәрежелі сығуды ғана қамтамасыз етіп қана
қоймай, бір файлдың көрінбейтін көмекші қабаттарында қосымша
ақпарат сақтауға мүмкіндік береді.
О сы аталған
форматтардан басқа растрлық кескіндердің ондаған форматтары бар,
олардың кейбіреулері нақты мақсаттарға бағытталған. Көпшілігі
белгілі бір қосымшалармен жұмыс істеу үшін құрылған, оларға
мысалы,. PSD – Adobe Photoshop қосымшасы үшін немесе .PNT – Painter
5 үшін жасалған форматтар жатады.
W MF (Windows
MetaFile) – Windows-тың тағы бір форматы. Векторларды алмастыру
буфері арқылы тасымалдау үшін қолданылады. Векторлық графикамен
байланысы бар Windows-тың барлық программасына түсінікті формат
болып табылады.
E
SP(Encapsulated PostScript) – PostScript-тің қарапайым
жеңілдетілген түрі. Бір файлда бір парақтан артық өлшем сақтай
алмайды және принтер үшін бірнеше орнатуды
сақтамайды.
C DR (CorelDraw Document) – CorelDraw программасында
құрылған векторлық немесе растрлық жоба файлы. Аталған файл форматы
Corel компаниясының жекеменшік программалық өнімдерін қолдану үшін
жасалған.
Файлдарды түрлендіру белгілі бір программалар
көмегімен жүзеге асырылады. Файлдарды бір форматтан екінші форматқа
түрлендірудің төрт түрлі жолы бар:

|
1-тапсырма. Берілген файл форматтарын атауларымен
сәйкестендіріңдер.

Дескриптор:
2-тапсырма. Paint
графикалық редакторында
кескіннің форматтарын өзгерте отырып сақтаңыз. Алынған кескіндердің
өлшемін төмендегі кестеге толтырыңыз.
|
Кескіннің әртүрлі форматтағы
өлшемі
|
|
JPEG
|
BMP
|
GIF
|
PNG
|
TIFF
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
-
Paint графикалық редакторын қолданды;
-
Кескінге атау беріп, кез
келген форматта сақтады;
-
Пайда болған кескіндердің
«өлшемдерін» анықтай отырып, нәтижені кестеге
енгізді.
|
3-тапсырма.
Графикалық
файл форматын түрлендіру.
-
Photoshop программасын іске қосыңдар.
-
*.jpg форматындағы кез келген графикалық файлды Файл →Ашу
командасын қолданып, ашып алыңдар.
-
Ашылған файл форматын
*.png форматына
түрлендіру үшін Файл→... ретінде сақтау командасын
орындаңдар.
-
Ашылған сұхбат терезеден
файлды сақтау орны мен форматын таңдап, Сақтау батырмасын
басыңдар.
-
Енді ашылатын Параметрлер
терезесінің бейнесі таңдалған файл форматына байланысты болады.
Мұнда бастысы суреттің сапасы. Сапа өрісіндегі мәнді өзгертіңдер,
Ок батырмасын басыңдар.

-
Түрлендірген файлдың өлшемі
мен сапасын салыстырыңдар.
Дескриптор:
-
Photoshop
программасын қолданды;
-
Файлдың форматын *.png
форматына түрлендірді;
-
Сапа өрісіндегі мәнді суреттегідей
өзгертті.
-
Файлдың өлшемі мен сапасын
салыстырды
|