жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Я дыбысы" 1 сынып
Бекітемін:
|
Пәні: сауат ашу Машықтанушы: Оразбек Құралай Күні: 18.02.2019 жыл Сынып: 1 «К» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі. |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді, әріпті көркем жазады. Я дыбысының ерекшелігін және қандай сөздерде кездесетінін біледі. Көбісі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Тапсырма жұмыстарын орындауда өзгелерге көмектесіп, өз ойын дәлелдейді. Кейбірі: Берілген ертегі желісін сахналау арқылы, өз қабілетін көрсетеді. Орындалатын тапсырмаларды сыныптастарына түсіндіреді. Алған білімді өмірде қолданады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
дүниетау |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Видеожазба , таныстырылым. |
|||
|
Тілдік құзыреттілік |
Шаян-рак |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай, Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Бiр адамның баласындай. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Ө. Ширату Оқушыларға қар ұшқындарына түрлі сөздер жазылып беріледі. Олар оны нөмірленген тиісті шелекке салады. Дескриптор: -берілген сөзді оқиды; -буынға бөліп айтады; -буын санына қарай, тиісті шелекке салады. ҚБ. Оқушылар өздерінің иығынан «Жарайсың!» деп қағады. |
Қар ұшқындарының, шелектердің суреті. |
||
|
Сабақтың ортасы 8 минут |
Тақтаға аттары жазылған тақия, пияз, қоян, шаянның суреттері ілінеді. -Балалар мына суретте нелер бейнеленген? -Сендер мына сөздерден қандай жаңа әріп көріп тұрсыңдар? - Я дыбысын айтқанда сендерге қандай дыбыстар естіліп тұр? -Олай болса балалар «Я дыбысына» арналған видеоны көрейік. Оқулықпен жұмыс. Оқу: Аяқ, таяқ, аяз, саяз, қоян, шаян, қияр, пияз, тақия, зиян. Ж. Карточкалар арқылы. Жұптарға құрамында я әріпі бар суреттер беріледі.Олар бірге ақылдасып, сөзді жазуы керек. Дескриптор: -берілген суретке зер салады; -оның атауын анықтайды; -суреттегі заттың атауын қатесіз жазады; -сөздің қанша әріптен, қанша дыбыстан тұрғандығын анықтап айтады. ҚБ. Оқушылар жанында отырған көршісінің тапсырма орындауға қатысуын бағалайды: Өте жақсы- басынан сипайды; Жақсы- иығынан сипайды; Нашар- қолынан ұстайды. |
Таныстырылым, суреттер, проектер, оқулықпен жұмыс |
||
|
Сергіту сәті 1 минут |
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||
|
Аяқталуы 16 минут Қызықты тапсырма 8 минут |
Ұ. Оқылым. Алдар көсе мен бай баласы. -Мәтінде Я дыбысы кездескен сөзді тауып, дыбыстық талдау жасайық. Видеосын көреді. -Алдар көсе туралы не білесіңдер? -Алдар көсе қандай (жағымды/жағымсыз) кеіпкер? -Өзге қандай ұлттық кейіпкерлерді білесіңдер? Оқиғаны толық түсінген оқушылар сахналайды. Дескриптор: -ертегіні оқиды; -видеосын тамашалайды; -негізгі оқиғаны, кейіпкер сөздерін анықтап, жаттайды; -ұжымның алдында сахналайды. ҚБ. «Отшашу» әдісі арқылы (қол соғып, қошемет көрсетеді). Т. «Адасқан әріптер» топтарға орындары ауысқан әріптер беріледі.Дұрыс сөзді жазуы қажет. Дескриптор: -берілген әріптерден қандай сөз шығы мүмкін екенін ақылдасады; -нақты сөзді тауып, тексереді; -дұрыс сөзді жазады; -топтар алдында тапсырмаларын қорғайды. ҚБ. «Мимика» арқылы бағалайды. |
Мысық пен кірпінің суреті. Оқулық, дәптерлер. |
||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
ҚБ. Қалып қойған әріпті тап. Карточкалар арқылы. Дескриптор: -карточкада берілген сөздерді оқиды; Көп нүктенің орнына қандай әріп тұруы мүмкін екенін анықтайды; -дұрыс жауабын жазады. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді оқу; «Алдар көсе мен бай баласы» ертегісін мазмұндау. Бағалау Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға смайликтер таратамын. Рефлексия «Аққаланың ыдысы» әдісі. Аққала суретінің жанында қызыл, сары, жасыл түсті ыдыс суреттері тұрады. Оқушылар бүгінгі сабақ қызықты өтті, өте ұнады, тапсырмалар орындауда белсенді болдым дейтін болса- жасыл ыдысқа, сабақ жақсы өтті, тақырыпты жақсы меңгердім - сары ыдысқа, мен өзімді бүгінгі сабақта көрсете алмадым- қызыл ыдысқа стикерлерін жабыстырады. |
Смайликтер |
||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген