Ашық сабақ Уақытты қалай өлшейді? 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Уақытты қалай өлшейді? 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлес туралы түсінік

Тақырып: Уақытты қалай өлшейді?

Мектеп: «Комсомол» жоббм

Күні: 05.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Буртебаева

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсетеді

Бірқатар оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстырады

Кейбір оқушылар үшін:

Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелейді

Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

Үлестердің жасалуын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Фигура неше бөлікке бөлінеді?

Әр бөлікті қалай атауға болады?

Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Жазу:

1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды пайдалана білуге баулу;

Оқушыларды уақытты бағалай  білуге тәрбиелеу

Тірекбілім, білік, дағдылар

Үлестердің тұрмыстық атауы.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



0–3




Ынталандыру.

Екі оқушы тақтаға шақырылып,бір алма беріледі.Осы алманы тең бөліп жеу үшін не істеу керек?(Тең екіге бөлу керек)Алманы бөледі.Неше бөлік шықты?(2)Әрқайсысың неше бөлік жедіңдер?(1)Ал енді бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?Қандай мақсат қоюға болады?(Оқушыларға айтқызу)

Жарты – бұл бүтін санның бөлігі.

Адамдарға жиі бүтінді бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура келеді.

Ең белгілі үлес – ол, әрине, жарты.

«Жарты» деген сөзді қайдан естуге болады?

«Жарты» деген сөзді күнде естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты нан.

Енді «Апельсин» атты мультфильмді көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ қоямын.

-Жануарлар тең бөліктерді қалай атайды? (Бөліктер).

Апельсинде неше бөлік бар? (Бес бөлік).

Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір бөлігінен).

- Апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме? (Иә).

- Бұл бірдей бөліктерді басқаша қалай атауға болады? (Үлестер).

Алма
















« Апельсин» мультфильмі,

апельсин суреттері,




4–6


Белсендіру. "Кім зерек?" ойыны

(Ж)Тортты үш рет кесу арқылы қалай 8-тең бөлікке бөлуге болады?

1- қадам: тортты тең ортасынан екі үлеске бөлу.

2 -қадам: : тортты тең төрт үлеске бөлу.

3- қадам:тортты көлденең ортасынан бөлу.Сонда үш рет кесу арқылы 8 бөлікке бөлуге болады.Шапалақпен бағалау




Торт суреті




7–11


Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады?

Нені үйрену керек?

Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек.

Кім тапқыр?

1.Алманы бөлу.

(Ө.)Бірдей 5 алма берілген. Осы 5 алманы 6 балаға бірдей етіп бөлу керек, бірақ алмалардың ешқайсысы бірдей 6 бөлікке бөлінбеуі керек. Осы шартты пайдаланып , алмаларды қалай бөліп беруге болады?

Жауабы: (Барлығы 5 алма берілген. 2 алманың әрқайсысын бірдей 3 бөлікке бөлсек, барлығы 6 бірдей бөлік аламыз. 6 балаға бірдей бөліп береміз. Қалған 3 алманың әрқайсысын бірдей 2 бөлікке бөлсек, тағы да 6 бірдей бөліктер аламыз.Яғни әр балаға 1 бөліктен береміз. Есеп шартында көрсетілгендей, ешқандай алма бірдей 6 бөлікке бөлінген жоқ.)

Смайликпен бағалау









12–29


Жаңаны ашу.

(Ө.)Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек)

Дөңгелекті екіге бүктеңіз.

Ашыңыз.

Қанша бірдей бөлік болды? (2)

Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке.

Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек.

Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек).

Тағы бүктеуге бола ма?

Неше бөлік болды?

Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.

"Отшашу" арқылы бағалау

Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады.

(Ұ.)Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген?

Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады.Математикада үлестерді жазуға болады.

(Ұ.)№2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар.

"Бармақпен" бағалау

Сергіту сәті."Австралия жаңбыры":

1-саусақтарды жай сытырлату арқылы жаңбырдың басталу тырсылын дыбысын келтіреді;

2-сол қолдың алақанын ашып оң қолдың екі саусағымен алақанды соғу;

3-сол алақанды оң қолдың төрт саусағымен соғу;

4- жылдам екпінмен шапалақтау;

5- екі қолымен екі санын соғу;

6-екі аяқты кезектестіріп соғу;

Осы жаттығуларды кері ретпен қайта жасайды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.) №3 тапсырманы қарау, бөлшектердің жазылуына баса назар аудару. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды.

Жұпта бағалау

Өздік жұмыс.

Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды.

Жұпта бағалау

Дәптер, оқулық, дөңгелектер.















Сағат суреттері












30–38


Жаңаны қолдану.

(Т.)№4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады.

Топ басшысы бағалайды

(Ұ.) №6 ауызша орындалады.

Әрі қарай мұғалім дәптердегі формативті бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсынады.

Семантикалық картамен жұмыс.



Шеңбер

діңбестен үш бөлігі


+



Алманың тең жаратысы



+


Нанның сегізден екі бөлігі




+

Жолақша

ның төрттен үш бөлігі

+





 Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды.

Мен:

  • суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;

  • үлестерді оқимын;

  • үлестерді жазамын;

  • үлестерді салыстырамын.

Қайталау.

Оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма беру.

9 тапсырма – логикалық жаттығу 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтау.

(Т.)Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға геометриялық фигураларды бөлікке бөлуді топтық жұмыс ретінде орындату.

Үй тапсырмасына №7,8 тапсырма беруге болады.


Қиылған дөңгелектер, қарындаштар, оқулық.




39–40


Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

  • үлестердің жасалуын көрсету

  • үлестерді оқу және жазу

  • үлестерді салыстыру



Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





















Үздік сабақ тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына

ӨТІНІМ



ТАӘ толығымен

Буртебаева Гулдана Курбаналиевна

Қала, ауданы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы

Жұмыс орнынның толық атауы

«Комсомол» жалпы орта мектебі

Лауазымы

Бастауыш сынып мұғалімі

Сыныбы

3

Пәні

Математика

Сабақ тақырыбы

Үлес туралы түсінік

Байланыс түрі (электронды почта, ұялы телефон)

87058532967

psateev@mail.ru


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
984
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі