400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сынып Қазақ әдебиеті пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті Ақтау қаласы

Мектеп: №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім

беретін орта мектеп КММ

Ұзақ мерзімді жоспардың

бөлімі:

2-бөлім: Тәрбиенің қайнар

бұлағы

Күні: 09.12.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Каналиева Жанаргул Турарбековна

Сынып: 5-сынып Қатысқандар: 26 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады»

Кәсібінен нәсіп тапқан

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж.2 Әдеби шығарманың тұжырымдамасы.

5.1.2.1.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу;

5.А/И.1 Әдеби шығарманың композициясы.

5.2.1.1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: әңгіменің негізгі тақырыбын дұрыс анықтай отырып, идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді. Шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеудің анықтамасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әңгіменің тақырыбы мен идеясын басшылыққа ала отырып, екі нәрсені салыстыра суреттеуді табады; қарама-қарсы суреттеулерді анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу арқылы, мәтіннен қарама-қарсы суреттеулерді салыстыра отырып талдайды; әңгіме кейіпкерлерін шынайы өмірмен байланыстырады.


Бағалау критерийлері

  • Әңгімедегі негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды

  • Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

  • Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды

  • Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстырады;

  • Суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.


Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну,

қолдану, жоғары деңгейлер

Тілдік мақсат



Оқушылар орындай алады:

Білім алушылар әңгімелердің ортақ тақырыбын түсінеді. Әңгімелерді салыстыра отырып, кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Франк – француз жұртының теңгесі; біздің ақшамызға шаққанда, бір франк жиырма бес тиын күміске тең;

Жұртым - үйім

Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қиналмай мал табу, терең ой, ісіме нық, малыма күтім болдым.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Автор кейіпкерлер арқылы нені айтқысы келді?

  2. Әңгіме кейіпкерлерінің ұқсастықтар мен айырмашылығын қалай салыстырар едіңдер?

  3. Антон сияқты сенің бірге оқыған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің?

Не себепті ... деп ойлайсың?

Не себепті Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінде ортақ тақырып қылып еңбекті айтқан деп ойлайсыздар?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Білім алушы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын бойына сіңіруге жұмыстанады..

Пәнаралық байланыс

Сабақты қазақ тілі пәнімен байланыстыру арқылы оқушылар сауатты жазып, сөздерді мағынасына қарай дұрыс қолданады. География пәнімен байланыстыра отырып, Франция елі, Версаль қалалары туралы біледі.

Алдыңғы оқу

Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріне шолу жасай келе әңгіменің тақырыбын ашу;

Еңбектің наны тәтті

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер/ ресурстар

Сабақтың басы


5минут

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

Топтық жұмыстар үшін оқушыларды «мозайка әдісімен» 4 топқа бөлемін.














2 .Қызығушылықты ояту

«Ой шақыру» әдісі бойынша сурет қиындыларын құрастыру арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

  • Тақырып не туралы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Күтілетін нәтижелер белгіленеді.

Қима қағаздар


Ақтанова А.

Жүндібаева А.

Қазақ әдебиеті оқулығы

«Атамұра» 2017



Сабақтың ортасы

Білу, түсіну


4минут










10минут

Қолдану,

Талдау























































5минут

Талдау





































1 минут




10 минут

Білу, түсіну, қолдану және жоғары деңгейлер

Мағынаны тану кезеңі. ТКО әдісі

О қушылардың назарына Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі қойылады.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7527

1.Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлер арасындағы байланысты анықтайды.

  • Салыстыра алады.

  • Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен байланыстырады.

  • Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме береді.

  • Шығармадағы қарама-қарсы элементтерді тауып, салыстырады

1-тапсырма. Топтық жұмыс. Венн диаграммасы

1-топ: Қалай ойлайсыздар, Сейітқұл, Антон, Атымтай Жомарт арасында байланыс бар ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.

Shape2 Shape1


Shape3






2-топ: «Концептуалдық кесте» арқылы шығарма кейіпкерлерін бүгінгі өмірмен байланыстыр.

Қыпшақ Сейітқұлдың жолын жалғастырушылар

Кәсібінен нәсіп тапқандар

Бүгінгінің Атымтай Жомарты

Кімдер?





3-топ: Шығарма кейіпкерлеріне постер арқылы мінездеме беріңдер.

4Shape4

Т

-топ: Автор «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасы арқылы нені айтқысы келді? Шығармадағы қарама-қарсы элементтерді «Т» кестесіне толтыр.



Shape5 Shape6

Еңбекқор

Еріншек






Дескрипторлар:

- Кейіпкерлер арасындағы байланысты анықтай алады.

- Кейіпкерлерді салыстыра алады.

- Шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен байланыстыра алады.

- Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме бере алады.

- Шығармадағы қарама-қарсы элементтерді тауып, салыстыра алады


ҚБ Кері байланыс. Смайликтер арқылы





Т оптық жұмысты бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топқа қызыл, сары, жасыл түстердегі қағаз қиындыларын үлестіріп беру. Осы қағаздарды көтеру арқылы өзге топты бағалайды.

Қызыл түс – түсініксіз, кемшіліктерін атап кетер едім.... немесе ұсынысым бар

Сары түс – сұрағым бар

жасыл түс – барлығы жақсы, түсінікті

2.Бағалау критерийлері

- Сөз таптарын жазады.

- Әңгіме тақырыбына байланысты бес жолды өлеңді құрастырады.

2-апсырма. Жұптық жұмыс.

Әңгіме тақырыбына қатысты «Сэнкуэн» әдісімен бес жолды өлең құрастыру.

1. Зат есім. Антон

2. Сын есім. _________________
3. Синоним._________________
4. Етістік. ___________________

5. Сөйлем. __________________

Дескрипторлар

- Сөз таптарын қолдана алады.

- Әңгіме тақырыбына байланысты бес жолды өлеңді жаза алады.

ҚБ Кері байланыс. Смайликтер арқылы (графикалық әдіс)





Ж ұптық жұмысты бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр жұпқа қызыл, сары, көк түстердегі қағаз қиындыларын үлестіріп беру. Осы қағаздарды көтеру арқылы өзге жұптарды бағалайды.

Қызыл түс – түсініксіз, кемшіліктерін атап кетер едім.... немесе ұсынысым бар

Сары түс – сұрағым бар

Көк түс – барлығы жақсы, түсінікті

3. Бағалау критерийлері

- Ортақ тақырып туралы өз ойын жеткізе алады.

- Венн диаграммасы арқылы өз досы мен әңгіме кейіпкерін салыстырады.

- әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.

- өз көзқарасын дәлелдей отырып, шығарманы өмірмен баланыстырады.

- ұсыныстарын айтады.

- дәлелдер ұсына отырып, ойын айтады.

Сергіту сәті: «Сөз тізбегі» әдісі

Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, кез-келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.

3-тапсырма. Саралау тапсырмасы «Кубизм» әдісі

  1. Талқылаңыз: Не себепті Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінде ортақ тақырып қылып еңбекті айтқан деп ойлайсыздар?

  2. Салыстырыңыз: Венн диаграммасын қолдана отырып, өзіңнің ең жақын досың мен Антонды салыстыр.

  3. Суреттеңіз: Шығармадан алған әсеріңізді ақ параққа түсіріңіз.

  4. Зерттеңіз: Шығарманың өмірмен байланысы және сіздің әңгіме тақырыбына көзқарасыңыз.

  5. Ұсыныс: Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ұсынысы қалай әсер етті? Сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?

  6. Дәлелдеңіз: Антон сияқты сенің бірге болған досың тіленшілік қылып тұрса не істер едің? Ойыңды дәлелде

Дескрипторлар

- Өз ойын сыни тұрғыда дәлелдей алады.

- Венн диаграммасы арқылы өз досы мен әңгіме кейіпкерін салыстыра алады.

- әңгіме мазмұны бойынша өзінің түйгенін ақ параққа түсіреді.

- өз көзқарасын дәлелдей отырып, шығарманы өмірмен баланыстырады.

- ұсыныстарын айтады.

- дәлелдер ұсына отырып, ойын айтады.


3. Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс. Смайликтер арқылы






http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7527




слайд







флипчарт.




Слайд









Слайд




Слайд

























смайликтер






























смайликтер




























смайликтер

Сабақтың соңы

Рефлексия

5минут

«Рефлексия пирамидасы» әдісі

1.Есте сақтау керек бір нәрсе

2.Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 нәрсе

3.Сіз білген үш мәлімет

4.Сіз үйренген төрт нәрсе



слайд





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі