400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буын қазақ әдебиеті пәндерінен беретін мұғалімдеріне ашық сабақ өткізу барысында керек материалдардың бірі
Материалдың қысқаша нұсқасы









Ашық сабақ

Қазақ әдебиеті

«Ыбырай Алтынарин»

5-сынып







Сураганова А.Т.



















Тақырып: Ыбырай Алтынарин. «Әке мен бала»

Сабақтың мақсаты: 1. Ыбырай Алтынсаринның өмірбаянымен таныстыру, оқушылардың білімін кеңейту және естерінде сақтау.

2. Қазақша сөйлесу дағдысын арттыру, мазмұнын айтқызып, ойла қбілетін дамыту.

3. Балаларды еңбекке, адалдыққа тәрбиелеу, білім алуға құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, талдау.

Көрнекіліктер: портрет, тірек схемалар.

Сабақтың барысы

I Мотивациялық кезеңі

  1. Ұйымдастыру кезеңі; (амандасу, ауа райы туралы мәлімет)

  2. Үй жұмысын тексеру; Сұрақтарға жауап беру

  • Халық ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?

  • Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

  • Тұрмыс-салт жырларының қандай түрлері бар?

  • Төрт түрлі малға нелер жатады?

  • Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?

  • Ұнатқан мақалдарды айт

  • Жаңылтпаш қалай айтылады?

  • Ертегілер неше топқа бөліеді?

  • Сиқырлы ертегілерді ата

  • Хайуанаттар туралы ертегілерді ата

  • Тұрмыс-салт ертегілерді ата

  • Қандай аңыз-әңгімелерді білесің?

  • Айырмашылығы мен ұқсастығы

  • Жұмбақтарды шеш

  1. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

  1. Қардай аппақ,

Балдай тәтті-ақ. (қант)

  1. Үй бағады, үрмейді,

Аяғы жоқ, жүрмейді. (құлып)

  1. Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

Неге тәрбиелейді? Әдептілікке, әділдікке, бірлікке, батылдыққа, достыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке.

Проюлема туғызу. Қандай ақын өзі өлңдерімен, әңгімелерімен достыққа, еңбек-сүйгішке, адамгершілікке әдептілікке шақырады. (Ыбырай Алтынсарин)

II Операциялық кезең;

Жаңа тақырып; Ыбырай Алтынсариннің өлеңін кім жатқа айтады.

Ақын жазушы

Қостанай облысы 1841-1889 ж.

Зерттеуші этнограф


Shape1 Shape2 Shape3

Ыбырай Алтынсарин

Балғожа би тәрбиеледі


педагог

«Қазақ хрестоматиясы 1879ж.»

Өлеңдері: «Көктем», «Өзен», «Кел, балалар оқылық»

Shape7 Shape4 Shape6 Shape5


Мектеп ашты

Shape8

Shape9


Әңгімелері:

«Бай баласы мен жарлы баласы», «Жаман жолдас», «Жомарт», «Әке мен бала»







Шығармасымен танысу. Әңгіме «Әке мен бала» әңгімені мәнерлеп оқы.

Сөздік жұмысы

Ескі таға – старая подкова

Ала жүр – захвати с собой

Ұста – кузнец

Еріну – плениться

Көптен құр қаласың – остаться ни с чем

Бекіту. Сұрақтарға жауап бер.

  1. Әңгіменің кейіпкерлерін ата

  2. Әкесі мен баласы қайдан келе жатты?

  3. Әкесі мен баласы егін басынан қалай келе жатты?

  4. Әкесі жолда не көрді?

  5. Әкесі баласына не айтты?

  6. Баласы қандай жауап берді?

  7. Тағаны кім шіліп алды?

  8. Әкесі тағаны не істеді?

  9. Әкесі не сатып алды?

  10. Әкесі баласын қалай ақылға шақырды?

  11. Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың: азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың.

Тест арқылы жұмыс

  1. Ы.Алтынсарин туған жылы

А) 1835 ж

Ә) 1841ж

Б) 1845 ж

2. Алғаш мектебін қай жерде ашқан

А) Торғайда

Ә) Қостанайда

Б) Омбыда

3. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын қай жылы шығарды?

А) 1846 ж

Ә) 1857 ж

Б) 1879 ж

4. Балғожа би немересін оқуға қай жылы берді?

А) 1851 ж

Ә) 1852ж

Б) 1850 ж

5. «Қазақ хрестоматиясы» Ыбырай қай алфавиттің негізінде жазды?

А) латын

Ә) орыс

Б) қазақ

Жауаптары: 1-Ә, 2-А, 3-Б, 4-Б, 5-Ә

  1. Әкесі шиені алысымен неге бірден баласына бермеді?

  2. Бұл әңгіме сендерді неге үйретеді.

Өздік жұмыс. Балаға мінездеме берейік

Еріншек

Жалқау

Жанын қинамайды

Жатып ішер


Бала мінезіне қарама-қарсы қасиеттерді атаңдар.

Еңбексүйгіштік

Еңбекқорлық

Пысық

Сергек

Сезімтал

Мақалдарды оқып есте сақтау. Еңбек туралы мақалдар.

  1. Ер дәулеті –еңбек

  2. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Ерінбеген етікші болады.

III. Рефлексия кезеңі;

Қорытынды. Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде тұр?

Аз жұмысты қиынсынсақ,

Көп жұмысқа тап боласың.

Азға қанағат ете білмесең,

Көптен құрқаларсың

Үй жұмысы. Әңгіменің мазмұнын айт. Ы. Алтынсариннің өмірбаяның




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі