400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Ыбырай Алтынсарин" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Пән мұғалімі:Мусерова Райхан Сарсенбаевна

Сыныбы: 8

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің еңбек жолы мен шығармашылығы туралы ойларын, мәліметтерді дұрыс, жүйелі жеткізуге машықтандыру.
Дамытушылық: тақырыпқа сай ауызекі сөйлеу қабілеттерін, жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ыбырай Алтынсарин еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлық- қа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: ізденіс, баяндау, талдау, анықтау
Көрнекілік: үлестірмелер, электронды тақта.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, сыныпты түгеңдеу;

Психологиялық ахуалды жақсарту

Үй тапсырмасын тексеру

Балалар әдебиетіне қатысты постер, әдебиет өкілдері, шіғармалары, тәрбиелік мәні.

Жалпы, жалқы есімдер туралы түсінік.

Өз жауабын мысалмен дәлелдеу.

Жаңа сабақ:

1.Интерактивті тақтадағы хатты оқып, кімнің хаты екенін анықтау, сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

2.Әр топ берілген хаттан бір сөзді алып, өзіне ат етіп таңдайды: еңбек, тәрбие, білім

Оқушылар Ыбырай Алтынсарин кім екенін айтады: ағартушы-педагог, ақын- жазушы, ғалым

1-топ: ағартушы-педагог сөзіне қатысты сөйлемдер тауып жазады.

2-топ: ақын-жазушылығы туралы

3-топ: ғалым ретіндегі мәліметтерді жазады.

Өз сөйлемдерінде жалқы есімдерді атайды.

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889).
Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балқожа би тәрбиелейді. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, татар, парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.
Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді. Ол ауыл - ауылды аралап, халыққа білім беретін мектептердің артықшылығын түсіндірді. Қаржы жинауды ең алдымен өзі бастап, ақшаны мектеп салуға жұмсады. Оқу үйі жетіспеген кезде, оқу - білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.
Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді.

Бұл «Қазақ хрестоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды. Мысалы, «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» сияқты өлеңдері, «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелері оқырмандардың жүрегінен шықты.

Сөздік жұмысы:

Берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді тап.

біліп шығады/меңгеріп шығады, білім саласындағы қайраткер /ағартушы, аудармашылық жұмыс/тілмаштық қызмет, ақша/қаржы, басқару ұйымы / үкімет, оқырмандарды қызықтырды/жүрегінен шықты.

Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

Бекіту бөлімі

Әр топқа Ыбырайдың бір әңгімесі («Бақша ағаштары», «Аурудан –аяған күштірек», «Әке мен бала») беріледі. Топталып талдау жасайды.

Тақырыбы:

Идеясы:

Кейіпкерлер:

Сюжет:

Тірек сөздер:

Заманмен байланысы:

Ой түю:

Топтар бір-біріне баға береді; жауабы толық, жүйелі, дұрыс болуы шарт.
Қорытындылау:
Сұрақтарға жауап бер.
1. Ыбырайды тәрбиелеген атасы ----- (Балқожа би)
2. Ыбырай қай жердегі мектепті бітірді?--------- (Орынбор)
3. 1887жылы қай қалада жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты?--------- (Ырғыз)
4. 1864жылы қай қаладағы мектепке ұстаз болады?
5. «Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар...» Авторы кім? --------(Ыбырай)
Оқушылардың жауаптарын бағалау.
6. Үйге тапсырма:
«Кел.балалар,оқылық» өлеңін жаттау, талдау жасап, ой қозғау

Оқулықтағы мәтіннен жалқы есімдермен сөйлем құрастыру.(4-5)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
522
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі