15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин "Атымтай жомарт"5 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт».
Жомарттық – қайырымдылық тамшысы
5 класс
Пән мұғалімі: Калдаякова Г.Ж.
Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт». Жомарттық – қайырымдылық тамшысы |
Мұғалімнің аты-жөні: Калдаякова Г.Ж. Күні: 10.12 |
||||||||||||||||||
СЫНЫП: 5Е
|
Қатысқан оқушылар саны: 22
|
Қатыспаған оқушылар саны: 2 |
|||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары |
әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау(5.Т/Ж1). |
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: • Әдеби шығарманы жанрына қарай талдайды. Оқушылардың басым бөлігі: • Мәтіннің құрылысы мен сюжеттік дамуын сипаттайды. Кейбір оқушылар: • Мәтінді талдап, өмірмен байланыстыра алады. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||||||||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі. |
||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» . Сейітқұл – заманынан озып туған адам |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары |
|||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
5 минут
Жаңа білім 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Топтарға бөлу. Қоржынға 1-ден 4-ке дейін сандар салынады. Сол сандарды қоржыннан таңдап алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Тыңдалым алды тапсырмасы «Ашық микрофон әдісі» Қоржынға сұрақтарды әр топтан бір оқушы шығып алады да, сұрақты оқиды, оған басқа топ жауап береді.
|
Қима қағаздарға салынған 1-ден 4-ке дейінгі сандар |
|||||||||||||||||
10 минут
|
Оқу мақсатымен таныстыру Бағалау критерийлерін таныстыру Дескрипторлар: -мәтінді тыңдай отырып, негізгі ойды анықтайды; -мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді. . Тыңдалым тапсырмасы: Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: – Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейдi: – Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды. Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді. |
Аудиомәтін
|
|||||||||||||||||
10 минут
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Аудиомәтін тапсырмасын тыңдайды, оқушылардың алдына тыңдалымға қатысты сұрақтар тасталады, жеке тыңдай отыра сұрақтарға жауап береді, жұппен жауабын салыстырады, өз ойларын топта талқылайды.
Топтық жұмыс. А3 қағазына берілген сұрақтарға жауапты әр топ топтастыру әдісі арқылы береді. (3 минут) 1-топ. Атымтай Жомарт қандай адам? 2-топ. Егер мен бай болсам... 3-топ. Жомарттық сөзінің антонимін тауып, топтастыру 4-топ. Атымтай Жомарт сөзіне бес жолды өлең құрастыру. Мұғалім диалог негізінде саралау жасай отырып, оқушыларға қосымша қолдау көрсетіп, қажетті сұрақтар қояды, бақылайды. Мысалы: -Сенің тобыңда қандай талқылау болғанын айтып бере аласың ба? -Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадың ба? -Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті? |
«Топтастыру» әдісі
«Бес жолды өлең» әдісі |
|||||||||||||||||
5 минут |
Дәптермен жұмыс (3 минут)
|
Дәптер, қалам |
|||||||||||||||||
Кері байланыс 3 минут |
Кері байланыс «Көңіл-күй шыршасы» Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып, шыршаға жапсырады.
|
Кері байланыс шыршасы |
|||||||||||||||||
Бағалау 2 минут |
Мұғалімнің бағалауы «Мұғалім шолуы» әдісі арқылы жүзеге асады.
|
«Мұғалім шолуы» әдісі |
|||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
«Бүгінгінің Атымтайлары» тақырыбына эссе жазу. |
Эссе |
|||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Сабақ барысында оқушылар әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы өздерінің білуге деген құштарлығын, ұмтылатынын көрсете білді. Қолданылған барлық әдіс-тәсілдер тиімді болды деп ойлаймын. |
- тапсырмалардың жеңілден күрделіге қарай ауысып берілуі, - тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынуы - қалыптастырушы бағалау, марапаттау - парталардың балалардың отыруына ыңғайлы орналасуы - үлестірме материалдардың қолжетімді болуы (интерактивті тақтадан да, үлестірме қағазбен де берілуі) - сабақ кезеңінде оқу, жазу, айту, тыңдау дағдыларының алмасып келуі |
|||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ /оқумақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген